Өciмдiктер физиологиясы мен биотехнологиясы


Зертханалық жұмыстың құралдары мен техникалық жабдықталуы



бет4/4
Дата17.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#9694
1   2   3   4

1 Зертханалық жұмыстың құралдары мен техникалық жабдықталуы.

Тұқымдар (бұршақ, соя). Диацид, 96% спирт, стерилді химиялық стақандар, стерилді су.

Стерилді Петри табақшалары, пробиркалар, пинцет, стерилді дәке қапшықтары.
2 Зертханалық жұмыстың құралдары мен техникалық жабдықталуы.

Ламинар-бокс, колбалар қоректік орталармен, стерилді препарттық инелер, пинцеттер, скальпельдер, 96 % спиртпен флакон, спиртовка, мақта, NaClO2 6 % ерітіндісі, колбалар автоклавталған дистиллденген сумен, Петри табақшалары, картоптың өскіндері.


Әдебиет: 7, 8, 9, 10, 11

Бақылау сұрақтары:

1 Стерилді өскіншілері қандай мақсатпен өсіріледі?

2 Стерилді өскіншілерді пайдаланудың ықтималды жолдары қандай?

3 Стерилді өскіншілерді өсіру үшін қандай қоректік орталар пайдаланады?



15 тақырып Картоптың апикалды меристемаларын алу мен өсіру. Сәбіздің жеке ұлпаларын клондау
Мақсаты:

- картоптың вируссыз өсімдіктерді алу мақсатында картоптың апикалды меристемаларын бөліп алуымен және өсіруімен танысу;

- сәбіздің жеке ұлпаларын клондау әдісімен танысу

Жоспар:

1 Картоптың апикалды меристемаларын алу мен өсіру

2 Сәбіздің жеке ұлпаларын клондау
Сабаққа дайындалуға әдістемелік нұсқаулар

Теориялық мәлімет. Қоректік ортада апикалды меристемалардан картоптың вируссыз өсімдіктерді алады, оларды вируссыз түйнектерді алу үшін жылыжайларда көбейтуге болады. Материалды жедел көбейту үшін in vitro алынған түйнектер пайдаланады.

Жұмыс барысы 1:

Картоп түйнектерін апта ішінде 4-8оС температурасында сақтайды, одан кейін қараңғыда 20-22оС температурасында өсіріледі. Меристемаларды бөлу жұмыстарды ламинар-бокста жүргізеді. Бөліп алуында қолданылатын құралдарды (пинцеттер, скальпельдер, инелер) әрбір бөлінудің алдында спиртке салып, кейін күйдіртіп, стерилдейді. Әбден жуылған түйнектерден өскіншелерді бөліп, диацидтің 0,1% ерітіндісінде 3-5 мин ішінде стерилдейді, кейін стерилденген Н2О-мен үш рет жуылады. Стерилденген өскіншелерді стерилденген Петри табақшасына салады және құрғатпау үшін автоклавталған судың бірнеше тамшысын қосады. Бөліп алудың алдында өскінше төбешігінен жабынды жапырақшаларын алып тастайды, примордиалды жапырақшалары бар бүйір және төбешілік меристемаларды біртіндеп ашады. Бұл операцияны бинокулярлық лупа астында препараттық инені пайдаланып жүргізеді. Мөлшері 100-250 мкм жапырақ бастамаларынсыз (примордияларсыз) меристеманы ұстатқышта бекіткен кәдімгі жұқа инемен бөледі. Бүйір және төбешілік меристемаларды бөлуге болады. Ине ұшындағы меристеманы пробиркаға қоректік ортаның бетіне ауысады, жанарғы жалынның үстінде тығынмен жауып, штативке салады. Пробиркалармен толғаннан кейін штативті орталар құрғатпас үшін целлофан қалпағымен жауып, жарық камераға қояды. Екі, үш, төрт аптадан кейін меристемадан өркеннің дамуын бақылайды және бұл процесстің кезеңдерін сурет салады.



Жұмыс барысы 2:

  1. Жұмысқа ламинар-бокс пен құралдарды дайындау.

  2. Сәбізді су ағынның астында әбден жуу.

  3. Сәбізді 100мм ұзындығымен кесіп стақанға салады және 30 минутқа стерилді ерітіндісін құйып жабады.

  4. Ламинар-боксқа ауыстыру.

  5. Сәбіздің екі жағынан 20мм мөлшерімен бөлшектерді кесіп алып тастау және Петри табақшасына аудару.

  6. Нысанды скальпельмен қалыңдығы 1мм, мөлшері 4мм х 4мм дискілерге кесу.

  7. Экспланттарды қоректік ортаға орналастыру және қараңғы стеллаждарға қою.

  8. Бақылауды әрбір 7 күн сайын жүргізу, нәтижелерінің суретін салу.


1 Зертханалық жұмыстың құралдары мен техникалық жабдықталуы.

Картоп түйнектері. Стерилденен қоректік орталармен пробиркалар (Кесте 1).

Бинокулярлы лупа, скальпельдер, препараттық инелер, ұстатқыштағы жүздер.
2 Зертханалық жұмыстың құралдары мен техникалық жабдықталуы.

Ламинар-бокс, колбалар қоректік орталармен, стерилді препарттық инелер, пинцеттер, скальпельдер, қайшылар, 96 % спиртпен флакон, спиртовка, Петри табақшалары, стерилді пленка.


Әдебиет: 7, 8, 9, 10, 11

Бақылау сұрақтары:

1 Өсімдіктердің жедел көбею үшін қандай бөліктері пайдаланады?

2 Апикалды меристемаларды өсімдіктерден қандай мақсатпен бөледі?

3 Жұмыс кезінде қоректік ортаны құрғатпау үшін қолданылатын әдістер



Кесте 1

Өсімдіктерің микроклоналды көбею кезінде қолданылатын негізгі қоректік орталардың құрамдары

Компонент

Қоректік ортаның құрамы, мг/л



Knudson С

Murashige&Skoog

Harvais I A

Van Waes&Deberg

BM 1

BM 2

Ca(NO3)2*4H2О

1000




400







(NH4)2SO4

500













KN03




1900

200







CaCl2*2H 2О




440










NH4NO3




1650

400







КH2РО4

250

170

200

240

240

KCI







100







MgS04*7H2О

250

370

200

100

100

FeSO4 *7H 2 0

25

27,95




27,95

27,95

Na2ЭДТА




37,23




37,23

37,23

Хелатжелеза







5 мл







CoCl2 *6 H 2 О




0,025

0,02







ZnSO4*7Н2О




8,6

0,5

10

10

H3ВО3




6,2

0,5

10

to

MgS04*4H20

7,5

22,3

0,5

25

25

CuS04*5Н2О




0,025

0,5

0,025

0,025

Na2МoО4*2Н2О




0,25

0,04

0,25

0,25

KJ




0,83

0,1







Глицин




2




2

2

Мезоинозит




100




1200

1200

Никотин қышқылы




0,5

5

5

5

Тиамин




0,1

5

0,5

0,5

Пиридоксин




0,5

0,5

0,5

0,5

Фолий қышқылы











0,5

0,5

Биотин










0,05

0,05

Казеиннің гидролизаты










500

500

L -глютамин










100

100

6-БАП













0,2

Сахароза

20000

30000




20000

20000

Картоп экстракты







100 мл







Агар- агар

17500

10000

10000

6000

6000

Ортаның pH

4,8-5,2

5,7

6,0-6,4

5,8

5,8


Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1 Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988.

2 Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясының лабораториялық сабағына арналған шағын практикум. Алматы, 1993.

3 Жатқанбаев Ж. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1988.

4 Кенжеев К. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы, Мектеп,1984.

5 Лебедев С.И. Физиология растений. Москва, 1988.

6 Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 2004.

7 Г.Уәлиханова Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы 1999

8 Г.Уәлиханова Өсімдік биотехнологиясы. Алматы 2009

9 Г. Валиханова Биотехнология растений. Алматы 1996

10 А. Есімова Биологиялық препараттар өндірісінің технологиясы. Алматы 2009

11 С. Тұрашева Клеткалық биотехнология. Алматы, Дәуір, 2011. - 260 б.


Қосымша:

12 Кенесарина Н.А.Биохимия есептерінің жинағы. Алматы, 1991.



13 Қалекенов Ж.К., Каржасова А.В. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы, 1994.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет