Өңдеу Мамандығы: Емдеу ісі 0301000 Курсы: 3 Семестрі: 5


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



бет3/13
Дата07.05.2017
өлшемі2,68 Mb.
#16178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

Аудиториялық жұмыс: ЕПҰ – да медициналық құралдарды тазартуды үйрену, стерилизацияда қолданылатын аппараттармен танысу.



12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)

Тесттер:

1. Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді палаталардың ішкі орта объектілерінде және стационарлы бөлімшелердің функционалды белмелерінде, медициналык аспаптарда және қүрал-жабдықтарда жою ____________аталады.

2. Оттегі қүрамдастарға қандай дезинфекциялаушы қүралдар жатады?

1) хлорамин

2) сутектің асқын тотығы

3) жасыл бриллианттың ерітіндісі

4) сулема ерітіндісі

5) калий перманганатының ерітіндісі 6)йод

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:



А) 3,5,6

Б) 1,4,5

В) 1,2,5

Г) 2,5


Д)2,4

3. Хирургтың операция алдында қолын жууға қандай дезинфекциялаушы күралдар қолданылады?

1) калий перманганатының ерітіндісі

2) сулема ерітіндісі

3)диоцид


4) хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-тік спиртгік ерітіндісі

5) сутектің асқын тотығы

6) қүмырска үсті кышқылының ерітіндісі (первомур)

7) фурацилин

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 2,4,6

Б) 3,4,6

В) 1,6,7

Г) 2,5,6

Д) 3,6,7


4. Дезинфекция әдістерін атаңыз?

1) термиялык әдіс

2) химиялық әдіс

3) механикалық әдіс

4) биологиялық әдіс

5) консервативті әдіс

6) физикалық әдіс

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,2,6

Б) 2,3,6

В) 2,4,6

Г) 1,3,5

Д) 2,3,5

5. Бөлімшеде инфекцияны табу мақсатымен жүргізілетін дезинфекция ______деп аталады.

6. Ошақты дезинфекцияның түрлерін атаңыз?

1) бастапқы

2) ағымды

3) негізгі

4)генеральді

5) қорытынды

Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:

А)2,5


Б)3,4

В)1,5


Г) 1,4

Д) 1,3,5


7. Аурудың төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау калай аталады (матрац, жастық, жамылғыш) ?

1) қайнатумен жуатын үйде жуу

2) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

3) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

4) кварцтау

5) кейінгі кептірумен үрып-соғу

8. Аурудың төсектік және денелік киімдерін дезинфекциялау қалай жүзеге асырылады?

1) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен

2) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау

3) жуатын ерітіндіде сулау

4) кварцтау

5) қайнатумен жуатын үйде жуу

9. Аурухана ішілік инфекцияны профилактикалау мақсатымен бөлімшеде күнде жүргізілетін дезинфекция ______аталады.

10. Сәйкестікті табыңыз:

1) дезинфекцияның механикалық әдісі

2) дезинфекцияның физикалық әдісі

а) қайнату

6) едендерді жуу

в) буды қолдану

г) киімдерді жуу

д) палаталарды кварцтау

11. Дезинсекция дегеніміз не?

1)зиянды шыбын - шіркей, күрт – құмырсқаларды жою

2) инфекцияны жою

3) ауруды санитарлық өңдеу

4) гигиеналық шаралар

5) микробтарды жою

Ситуациялық есептер.

1. Инфекциялык аурумен ауырған науқас стационардан шығарылды. Палатада қорытынды дезинфекцияны қалай жүргізу керек? Аурудың төсек-орын жабдықтарын калай дезинфекциялау керек?

2. Медбике палатаны тазалады, шаңды сүртті, аурудың төсек-орнын қағып жинады. Медбике пайдаланған дезинфекция түрін және әдісін атаңыз?



12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н - 1, 2- бөлім , 154 – 173 бет


4 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Емдеу бөлмелерін тазарту түрлері

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практикалық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды дезинфекциямен, емдеу бөлмелерін тазарту түрлерімен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын дезинфекция заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушылардың дезинфекция жасай білу қабілеттілігін дамыту.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

7. Әдебиеттер:



Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.



  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың күрылымы;

- жеке ЕП¥ бағыттары;

- ЕП¥ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;

- медбикенің күкығы мен міндеттері;

- стационардын кұрал-жабдықтары, күрылымы және күрылысы;

- аурухана қүрылысы.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



    • дезинфекция түсінігі, оның мәні.

    • дезинфекцияның түрлері (ошақты, профилактикалық, күнделікті, қорытынды).

    • дезинфекцияның әдістері, (физикалық, химиялық, механикалық, комбинацияланған).

    • дезинфекцияның заттары (физикалық: жоғары температура, иондаушы сәуле, УКС, күн спектрінің сәулелері; химиялық: сілтілер, қышқылдар, толық қосылыстары және ҚР санитарлық-эпидемиялық бақылауымен қолдануға рұқсат етілген және тіркелген басқада залалсыздандыру заттары).

Емдеу-профилактикалық мекмелердін бөлмелерін тазалау мәселелері аурухананың кауіпсіздігін сақтауда маңызды орын алады.

Емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлы өңдеу, аурухана ішілік инфекция (АІИ) -ны алдын алуға бағытталған санитарлы -эпидемиологияға карсы шаралар тізбегінің бір бөлігі болып саналады. Науқастар ЕПМ - ге келгенде бірінші болып бөлмелердің тазалығына мән береді. ЕПМ бөлмелеріндегі беткейлерді санитарлык өңдеу дегеніміз- оларды ластанудан, шаңнан, биологиялык субстраттардан тазалау және дезинфекциялау. Дезинфекция дегеніміз- беткейлердегі инфекция ауруларының коздырғыштаран жою.

Өкінішке орай, (ЕПМ) бөлмелеріндегі беткейлерге санитарлы өндеуді жүргізуге бір қатар мәселелер кедергі келтіреді. (ЕПМ) бөлмелері «аурухана, босану үйлері және т. б. емдеу стационарлары эксплуатациясынын және қондырғылардын, жабдықтардың санитарлык ережелері» талаптарына бөлмелерінің ауданы мен саны жағынан ғана емес, сонымен қатар сапасы жағынан жиі сәйкес келмейді. ЕПМ тазалауға арналған арнайы техникалык құралдармен қамтамасыз етілмеген. ЕПМ-де жиі сұйык сабыны бар контейнерлер, қағаз салфеткалар, сүлгі, дәретхана қағазы жок болады. Тағы бір мәселелердің бірі, санитарлык өңдеуді жүргізетін кіші медицина кызметкерлерінің жетіспеушілігі. Олардың орнына медбикелер немесе басқа кездейсоқ адамдар жүмыс істейді. Нәтижесінде, барлык бөлмелердің өңдеуі сапасыз, ретсіз болады. ЕПМ бөлмелерін санитарлы өңдеу- жуу әсері бар дезинфекциялаушы құралдарды қолдану арқылы жасалады. ЕПМ бөлмелеріндегі беткейлерді дезинфекциялау құралдары келесі талаптарға сәйкес келуі керек:

  1. Бөлме температурасында АІИ-лардын көзі болып табылатын
    бактерияларды, вирустарды, саңыраукүлактарды жоюды қамтамасыз ету.

  1. Жуу қасиеті болуы керек.

  2. Салыстырмалы төмен улылығы болуы ( 4-3 класс қауіптілігі) және қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек.

  3. Материалдың алуан түрлерімен сәйкес болуы керек.

  1. Тұракты, өртке кауіпсіз болуы керек.

  2. Органикалық ластануға жабысқыш әсері болмауы керек.

Дезинфекциялаушы шараның эпидемияға карсы әсерін алу үшін қолданылатын дезинфекциялаушы кұралды дұрыс тандау керек. Бұл үшін медицина қызметкері нақты дезинфекциялаушы құралдын негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін жақсы білуі керек. Бөлмелер беткейлерін санитарлы өңдеу тәртібі (еден, кабырғалар, есіктер және т. б. жиһаз, аппараттар, приборлар, жабдыктар беткейі), жуу немесе дезинфекциялаушы заттарды қолдану кажеттігі, өңдеуді жүргізу жиілігі ЕПМ және нақты бөлмелердін функционалды колданылуына байланысты болады.

ЕПМ бөлмелерінде нормативті документтерге сәйкес тазалау тәулігіне 2 рет жүргізіледі. Тазалауға жуу немесе жуу-дезинфекциялаушы заттар колданады.

Операциялык блок, диагностикалық, таңу, босану, егу, манипуляция жасайтын бөлмелерді генеральды тазалау аптасына 1 рет, жұкпалы ауруханаларда - 7-10 кұнде 1 рет жасалады.

Медицина қызметкері өңдеуді жасаудан бұрын колданатын заттың әдістемелік нүсқауымен танысуы керек, антимикробты әсеріне, улылық параметрлеріне (науқас бар кезде затты колдануға болады ма, оны қолданған кезде сақтану шаралары) заттың өзіне тән ерекшеліктеріне мән беру керек.

Дезинфекциялаушы ерітінділерді - вентиляциясы жаксы істейтін арнайы бөлмеде жасайды. Ерітіндіні жасайтын мед.қызметкер арнайы киімде: халат, калпак, дәкелік таңғыш, резеңке қолғап, егер нұсқаулар болса, респиратор, корғаныс көзілдірік киіп, жұмыс істейді.

Дезинфекциялаушы ерітінділерді, дезинфекииялаушы затты кұбыр суымен арнайы техникалық ыдыста араластыру арқылы жасайды. Егер заттың коррозионды (хлорактивті, оттегіге активті) әсері болса, онда ерітінді дайындауға коррозияға тұрақты ыдыстар (пластик, шыны, эмаль) қолданылады.

Жұмыс ерітіндісін дайындауға керекті заттың кажетті мөлшерін таразыда өлшейді немесе арнайы өлшейтін қасықпен елшейді.Сулы немесе спиртгік концентраттарды арнайы өлшейтін стаканмен, пипетка, шприцпен өлшейді. Қажетті концентрациядағы жұмыс ерітіндісін алу ұшін, зат пен судын ұсынылған катынасын сактау керек. Әдетте, жүмыс ерітіндісін дайындауда, бірінші- қажетті мөлшердегі суды, одан кейін дезинфекциялык затты салып, араластырады да толық ерігенше қақпағын жауып қояды. Таблетка түрінде берілген заттардан жұмыс ерітінділерін дайындау өте ыңғайлы.

Бөлмелер беткейлерін санитарлы өңдеу тәртібі (еден, кабырғалар, есіктер) жиһаз, аппараттар, приборлар, жабдықтар беткейін дезинфекциялык ерітіндіге малынған жөкемен (ветошь) сүрту, жуу аркылы зарасыздандырылады. ЕПМ бөлмелерінің беткейлерін сүрту -ен тиімді әдіс болып келеді. ЕПМ бөлмелерінің ауасын бактерицидті сәулелендіргіш құүрал көмегімен ультракүлгін сәулелендіру арқылы зарарсыздандырады. Орналасу орнына байланысты, олар кабырғалык, козғалмалы және конструкциясы бойынша - ашық (наукас жоқ кезде қолданылады), жабық (адамдар бар кезде колдануға болады), аралас түрде болады.

Санитарлы - техникалық жабдыктарды дезинфекциялык ерітіндіге малынған жөкемен сүртеді немесе ұнтақ, паста, гель, дайын түрдегі дезинфекциялаушы заттармен қатар, жуатын, ағартатын, тазартатын сапалары бар заттар да колданады. Бүларға - хлорактивті немесе құрамында оттегі бар заттар жатады.

Жөке, салфеткалар, губка, мочалка және т.б. тазалау инвентарларын дез.ерітіндіге салып койып, экспозициясы біткен соң жуады, ағын сумен шаяды, кептіреді де белгілі бір жерде сақтайды. Қолданылған жөке, салфеткаларды қайнату арқылы зарарсыздандыруға болады. Тазалауға қолданылған ыдыстарды дез.ерітіндіден босатып, жуып кептіреді. Тазалауға арналған барлык құралдар арнайы бөлмеде, тиісті орындарында түруы керек. Қандай бөлмеге, неге колданылуына сәйкес маркировкалануы қажет.

ЕПМ генеральды тазалауы график-жоспарға сәйкес жүргізіледі. Генеральды тазалауды науқас жок кезде жасайды. Бірінші контейнерлерде жиналған қоқыстарды алады, жиһаздарды орнына қозғайды, қабырға, есіктерді, әсіресе есік ұстағыштарын, құлыптарын жақсылап жуады. Дез.ерітіндіге малынған жөкемен светильник, арматура, жылыткыш батарея, жиһаз, аппараттар мен приборларды сүртеді. Айына 1 рет терезе әйнегінін іш жағын жуады (сырткы жағын жарты жылда 1 рет). Тазалауды бөлме еденінің шет жақтарын, бұрыштарын, плинтустарынан бастап, соңынан бөлменін орталық бөлігін жуумен аяқтайды. Асептика ережелерін сақтауды ерекше катан талап ететін бөлмелерде (операция жасайтын, таңу, босану, жаңа туылған, шала туылған балалар жататын бөлмелер, реанимация бөлмесі, бактериологиялык лабораториялар) ылғалды тазалаудан кейін ультракүлгін сәулелену жүргізеді. Бөлімшенің барлык бөлмелері, жабдықтар, медициналык және баска инвентарлар таза болуы керек. Бөлмелерді ылғалдьі тазалау тәулігіне 2 реттен кем болмауы керек, қажет болса, одаң да жиі жуу керек. Ол дез.ерітінділерді қолдану арқылы жүзеге асады. Терезе әйнектерінің ішкі жағын ластануына байланысты айына 1 рет, сыртқы жағын -4-6 айда 1 рет жуу керек. Ылғалды тазалауға ұнтак тәрізді, синтетикалық жуу затгары колданылмайды. Барлық тазалау инвентарларында (шелек, жөке, леген, швабра) жұмыс түрлеріне байланысты маркировкалары болуы кажет, әр қайсысы бөлек сақталуы керек.

Палаталарды және басқа функционалдык бөлмелерді, кабинеттерді генеральды тазалау бекітілген график бойынша айына 1 рет қабырға, еден, барлық жабдықтарды жуумен, жиһаз, светильник шаңнан тазаланып сүртілуімен жүргізіледі.
АУРУХАНА ПАЛАТАЛАРЫН КҮНДЕЛІКТІ ТАЗАЛАУ.

Мақсаты:



  • Санитарлы – гигиеналық талапты сақтау

  • АИІ алдын алу

Жабдықталуы

  • Шелек

  • Швабра

  • Тазик

  • Жөке

  • Таза ветошь

  • 0,5 % кальций гипохлориды немесе 0,8 % дезефект немесе 0,5 % дезопрев болмаса 0,015 % диафлор немесе 0,5% лизоформин 3000 ертінділері

  • халат

  • қалпақ

  • алжапқыш

  • резина қолғабы

  • өлшейтін ыдыс

Орындалу:

  1. калпақ, халат, алжапқыш резика қоғаптарды кию

  2. ертіндінен біреуін дайындау: 0,5 % кальций гипохлориды немесе 0,8 % дезефект немесе 0,5 % дезопрев болмаса 0,015 % диафлор немесе 0,5% лизоформин 3000 ертінділері

  3. бөлмеде ылғалды тазалауды жүргізу: ертіндінің біреуіне малынған таза ветошьпен сүрту (заттар, терезе алды, раковина, еденді, қабырғаларды жуу).

  4. тазалау инвентарін дезинфекциялау: жөке, ветошты 1 % кальций гипохлорид ертіндісіне 1 сағатқа салып қою немесе 0,1% диахлор ертіндісіне 1 сағатқа немесе 0,5% дезапреф 1 сағатқа, 1 % дезапрефке 30 мин немесе 0,25% лизоформин 3000 ертіндісіне 4 сағатқа немесе 2-3 % дезефект ертіндісіне 1 сағатқа салып қою соңынан шаю, құрғату


Егу бөлмесін генеральды тазалау

(№ 1050 бұйрығы ҚРДС 26.11.2002 жылдан, САНПиН № 8 – 01-011-2001 6.03.2001 жылдан және САНПиН№3.01.083.02.8.07.2002 жылдан)

Материалдық жабдықталуы:


    1. Шелек

    2. Швабра

    3. Тазик

    4. Жөке

    5. Таза ветошь

    6. Гидропульт

    7. Сабын, кальцинирлееген сода

    8. өлшейтін ыдыс

    9. халат

    10. қалпақ

    11. алжапқыш

    12. резина қолғабы

Орындалуы:



  1. калпақ, халат, алжапқыш резика қоғаптарды кию

  2. 2% сабын + содалы ертіндіні дайындау (200 гр сабын + 200 г кальцийнирленген сода + 10л ыстық су)

  3. дез.ертіндіні дайындау: 1 % гипохлорид ертіндісі

  4. бөлмені дайындау: барлық жихаздарды бөлменің ортасына жинау

  5. 2 % сабын + содалы ертіндіге малынған ветошпен сүрту: қабырғаларды, терезелерді, терезе алды, заттар, еден

  6. таза сумен шаю

  7. дәл осы рет бойынша 1 % кальций гипохлорид ертіндісімен жағып 1 сағатқа бөлмені жауып қаямыз

  8. 1 сағаттан соң таза халат, маска, қолғаптарды кию

  9. барлық беткейлерді құрғақ сетошпен құрғатып сүрту

  10. барлық жихаздарды орын – орына қою

  11. бактерицидті лампаны 2 сағатқа жағу

  12. бөлмені 15 минуттай желдету

  13. тазалау жабдықтарды жұмыс соңында тазалау, шаю, құрғату, арнайы бөлмеде сақтау

Ескерту:

Генаральды тазалау терапия бөлімінде (палата, коридор, дәрігер бөлмесі, медқызметкерлер бөлмесі) кесте бойынша айына 1 рет жүргізіледі, хирургия бөлімінде (егу, таңу, операция, операпциядан кейінгі науқастардың палатасы, туу залы, жаңа туырған нәрестелер және шала туылған балалар палатасы, жұқпалы ауру боксы, бактериологиялық және вирусологиялық) – кесте бойынша аптасына 1 рет жүргізіледі.


Жүмыс дез. ерітінділерін дайындау.

Хлорлы әктін 10 % ағартылған бастапкы ерітіндісін дайындау.

1 кг кұрғак әкті алып, эмаль шелекте ботка болғанша су кұйып ерітеміз. Сосын 10

КАЛЬЦИЙ ГИПОХЛОРИДІ ( ДТСГК) - ак түсті, құрғак кристалды майда ұнтақ. Құрамында 47-52% белсенді хлор бар. Әртүрлі концентрациядағы ерітінділерді дайындау шығыны хлорлы әк шығынынан 2 есе аз.

10 литр (1шелек) гипохлоридінің ерітіндіндісін дайындау үшін төмендегі гипохлорид қажет:

• 0,25%-25гр

• 0,5%-50гр

• 1%- 100гр

1литр гиполохрид ерітіндісін дайындау:

• 0,25%-2,5гр. 998мл су

• 0,5%-5гр. 995мл су

• 1%-10гр. 990мл су

Дайындау реті:


  1. қажет болған гипохлоридті өлшеп алу

  2. белгіленген ыдысқа су құйып, араластырып қақпағын жабу

  3. ерітіндіні дайындаған уақыты,күні белгіленіп, қол қойылады.

Қолдану:

  1. 05% ерітіндіні ағымды тазалау үшін қолданылады: палаталар, коридор, егу, таңу бөлмелері, заттарды тазарту.

  2. 1% гипохлорид ерітіндісі егу, таңу бөлмелерін генеральді тазалау, құралдар және күту заттарын, санузелді дезинфекциялау үшін қолданылады.

Ескерту: диз ерітінділермен жұмыс істеу кезінде сақтану ережелерін қатаң түрде сақтаңыз. Ерітінді теріге, шырышты қабаттарға түскен кезде тез арада ағынды сумен жуыңыз. Дайын ерітінді 24 сағат аралығында қолдануға болады.

Деохлор таблеткалары: деохлор таблеткалары ерітінділерін дайындау үшін бөлме температурасындағы су қажет. Таблеткалар суда жақсы ериді. Дайын болған ерітінді тынық болады. Үш тәулік аралығында қолдануға болады. Бактериялды инфекция кезінде 0,015% деохлор ерітіндісі қолданылады.


Залалсыздандыру мұхиты

10л суға таблетка салынады

Залалсыздандыру уақыты

Мекемедегі заттар

1

30мин


Дезапрев

Дезапрев қоспасынан ерітіндіні қолданудан алдын әзірлейді. Ерітінді полиэтиленді шыны немесе сырлы ыдыста қақпағы жақсы жабылатын дайындалады. Ерітінді бөлме температурасындағы водопровод суымен концентратты араластыра отырып дайындалады. Ерітіндінің жарамды мерзімі 15 тәулік.



Ескерту:алдымен ыдысқа су құйылады, соңынан қажетті мөлшердегі концентрат құйылады, төмендегі таблицада көрсетілгендей

Препарат бойынша ерітіндінің концентрациясы (%)

Дайындау үшін су және концентрат мөлшері

1л жұмысшы ерітінді

10л жұмысшы ерітінді

Препарат су

Препарат су

0,25

2,5

997,5

25,0

9975,0

0,5

5,0

995,0

50,0

9950,0

1

10,0

990,0

100,0

9900,0

2

20,0

980,0

200,0

9800,0

4

40,0

960,0

400,

9600,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет