Байланысты: 4808321122301 слайд процестер мен аппараттар
Эмульсиялар– бір сұйық ішінде онымен араласпайтын екінші сұйық бөлшектері таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер. Көбіктер – сұйық және оның ішінде газ көпіршіктері таралғаннан пайда болған әртекті жүйелер. Бұл газды-сұйықты қоспалар өздерінің қасиеттері бойынша эмульсияларға жақындау.
Шаңдар және түтіндергаз және оның ішінде қатты бөлшектер таралғаннан пайда болатын әртекті жүйелер. Шаңдар көбінесе қатты заттарды ұсақтағанда, араластырғанда және тасымалдағанда пайда болады. Шаңдағы қатты бөлшектердің мөлшеріне байланысты олар түтін, тұман және аэрозоль болып бөлінеді.