Дәріс 9 Тақырыбы: Материалдарды жіктеу және сұрыптау. Қатты заттарды араластыру. Қатты ұсату Жіктеу



бет1/5
Дата11.11.2022
өлшемі25,36 Kb.
#157795
  1   2   3   4   5
Байланысты:
силлабус 8 (копия)


Дәріс 9 Тақырыбы: Материалдарды жіктеу және сұрыптау. Қатты заттарды араластыру. Қатты ұсату
Жіктеу (Классификация; classification) — объектілерді (заттарды, құбылыстарды, процестерді, мәліметтерді) нақты бір белгілеріне сәйкес, топтама бойынша үлестіру жүйесі.
Жіктеу формуласы - аналитикалық синтездік жіктеудің синтездеу кезіндегі толық нұсқа таңба элементтер орналасуының бірізділігін білдіретін формула.
Жіктеуді бөлу - жіктеу нұсқа таңбасынан, сөздік тұжырымынан, меңзеу-анықтама аппаратынан және әдістемелік көрсеткіштерден тұратын жіктеу кестелерінің элементі. Негізгі кестелерде бөліктеу деңгейіне қарай тиісті атаулар (топ, топша, тармақ-тармақша т.б.) алады.
Жіктеу шешімі - құжаттарды жүйелік жайғастыру кезіндегі кітапхана қорында жүйелік каталог көрсеткіші бөліміне және орналастыру көрсеткішіне сәйкес көрсету туралы шешім.
Жіктеу нұсқа таңбасы - кітапханалық-библиографиялық жіктеудегі әрбір айдарға берілген шартты белгі. Нұсқа таңбаның қосақталған резерві, альтернативті түрлері берілуі мүмкін.
Сұрыптау (Селекция; selection; Сортировка; sorting) баламалар арасынан таңдау; шақырулардың сұрыптаулық тізбесіне қосылған терминалды немесе оның құрауышын адрестеу; белгілі бір ережеге сәйкес жиын элементтерін топ бойынша үлестіру. Сұрыптаудың бір түрі мәліметгерді сұрыптау нышанының мәндерінің өсуі немесе кемуі бойынша ретке келтіру.
Сұрыптау терминінің біріне-бірі жақын екі мәні бар:Адамға сапасы және қасиеттері үшін пайдалы жануарлар қолтұқымының, өсімдіктер іріктемесінің, ұсақ ағзалар себінділерінің жаңа туындыларын шығару үдерістері сұрыптау деп түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау бұрынғы тарихка дейінгі дәуірде басталған үдеріс болып есептеледі. Алғашқы адамдар ең алғаш жабайы жануарларды қолға үйретіп, тұңғыш рет өсімдіктерді еге бастаған сәттен бастап сұрыптау жүзеге аса бастады.
Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау XIX ғасырдың ортасынан бері өмір сүре бастады, өйткені сұрыптаудың теориялық негізі генетика және эволюциялық теория болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет