Байланысты: 4808321122301 слайд процестер мен аппараттар
Курста оқылатын процес терминін (латын тілінің «processus» - қозғалу ) - физикалық, химиялық, механикалық және басқа әрекеттердің әсерінене бастапқы материал тағам өнімдерінде айналатын өңдірістік процессті түсінеді. Бұл айналулар заттың агрегаттық күйінің, ішкі құрылысының және химиялық құрамының өзгеруімен жалғасады.
Процестер технологиялық аппараттарда (латын тілінің apparatus - құрал, жабдық) жүреді. Көбінесе аппарат әр түрлі түтіктер (трубалар), торлар, полкалар, сақиналар, тарелкелер, сұйық тамшыларды бөлу үшін сепараторлар және т.б. қозғалыссыз орналасқан сыйымдылықтарды елестетеді. Кейбір кездері аппараттарда сұйық заттарды араластыру үшін айналмалы механизмдерді орнатады.