Материалдық балансты массаның сақталу заңы негізінде құрастырады: келіп түсетін материалдар саны ∑Gн, процесті жүргізу нәтижесінде алынатын соңғы өнім санына ∑Gк тең болуы қажет. ∑Gн = ∑Gк
Байланысты: 4808321122301 слайд процестер мен аппараттар
Материалдық балансты массаның сақталу заңы негізінде құрастырады: келіп түсетін материалдар саны ∑Gн, процесті жүргізу нәтижесінде алынатын соңғы өнім санына ∑Gк тең болуы қажет. ∑Gн = ∑Gк
Материалдық баланс негізінде өнімнің шығымын анықтайды. Яғни алынған өнім санының алынуы мүмкін ең үлкен өнім санына ара-қатынасының пайызбен өрнектелуі. Өнім шығымын жұмсалған шикізат бірлігіне есептейді. Материалдық балансты барлық заттар үшін немесе таңдалған уақыт бірлігіне зат үшін құрастырады.
Жылу балансын энергияның сақталу заңы негізінде құрастырады: процеске келіп түскен энергия саны ∑Qн бөлінген энергия санына тең болуы қажет: ∑Qн = ∑Qк + ∑Qп мұнда: ∑Qк – берілетін жылу саны; ∑Qп – қоршаған кеңістіктегі жылу шығыны.
Процеске енгізілетін жылу ∑Qн бастапқы материалдан келіп түсетін жылудан Q1, жылу тасушылармен жеткізілетін жылудан Q2 және физикалық пен химиялық айналым жылуынан Q3 жиналады. Берілетін жылу саны ∑Qк соңғы өнімдермен кететін және жылу тасымалдаушылармен берілетін жылудан жиналады.