Өңдеулер Мамандығы: 0304000 – «Стоматология» Курсы: 2 Семестрі: 3 шымкент 2010 ж



бет7/8
Дата29.03.2017
өлшемі2,1 Mb.
#12523
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

№1 Асқазан тұсындағы ауырсыну сезіміне байланысты жеке бекеттегі медбикеден дәрі-дәрмек беруін сұранған науқасқа, жеке бекеттегі журналдарды толтырып болғанша бір айналып келуін сұранды және ол науқас туралы медбике ұмытып кетті. Белгілі бір уақыт өткен соң науқас «кофе тұнбасы»- тәрізді құсты.медбикенің істеген іс-әрекеті дұрыс па?

№2 Медбике азанда, түсте және кешке ішетін дәрілерін науқастың қолына берді. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз?

№3 Медбике дәрілік заттарды тарату кезінде сыртынан ұқсас флакондарды алмастырып, науқасқа но-шпа орнына преднизалонды енгізді. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз?

№4 Гастроэнтерология бөліміне келіп түскен науқасқа қандай диета тағайындалады және қабылдау тәртібі қандай?

№5 Науқасты лабораториялық және инструментальді диагностикалық тексеру әдісіне дайындау тәртібі қандай? Тексеру әдісін жүргізуде медбикенің міндеті? Тексеру әдістерін қандай мақсатта қолданады?



13. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%)

оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



14. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)


9 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 13 Бөлім. Бүйрек және зәр бөліну жолдары ауруларымен ауыратын науқастарды бақылау және күту.

13.1. Тақырыбы. Бүйрек және зәр бөліну жолдары ауруларының негізгі симптомдары, жедел дәрігерге дейінгі көмек, науқастарды бақылау және күту.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практика

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: бүйрек және зәр бөліну жолдары ауруларымен ауыратын науқастарды күтудегі емшараларды орындау іс-әрекеттері.

  • тәрбиелік: оқушылардың мінез-құлқын санитарлық тазалау кезінде, жедел зәр тоқтап қалуы, зәрдің еріксіз бөлінуі кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде этика және деонтология заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: жедел зәр тоқтап қалғанда зәрдің еріксіз бөлінуі кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, рольдік ойындар, аудиториялық.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, маникендер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Асқорыту жүйесінің анатомиясы

  • Топографиялық анатомиясы

  • Асқорыту жүйесінің физиологиялық ерекшелігі

  • Сілекей, асқазан сөлі және өттің түзілуі; бұлардың функциональді маңыздылығы

  • Ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, ішектің, бауыр және өт жолдарының аурулары

  • Негізгі симптомдары: асқазан тұсындағы ауырсыну, тенезмдер.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)

Жоспар:

- бүйрек және зәр шығару жүйе анатомиясы

- топографиялық анатомиясы

- бүйрек функциясы

-науқас тамақтану және тәртіпті сақтауын ұйымдастыру

-зәр шығару жүйе функция бұзылысының белгілері

-зәрдің түрін, мөлшерін және жиілігін тіркей білу

- зәр шығару жолдарының бұзылысы кезінде медбикелік процестің этаптары

-бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары

-зәр шығару жүйе функция бұзылысының көрінісі

-осы категориядағы науқастарды күтуді жүргізу

Медбикелік деонтология – медбикелік этиканың бөлігі болып табылатын медицина қызметкерлерінің профессиональді өздерін ұстау, науқас және қауым алдындағы парызы туралы ғылым.

Этика-қауым ішінде рольдер, нормалар, принцип, моральді философиялық оқу және дамуы туралы ғылым.

БҮЙРЕК. REN. (грекше nephros), несеп жасап шығаратын ішастардың артында іш қуысының артқы қабырғасында жататын жұп экскреттік мүше . Бүйректер омыртқа жотасының бүйір жақтарында соңғы арқа және екі жоғарғы бел омыртқа деңгейінде орналасады. Оң жақ бүйрек сол бүйректен орташа 1-1,5см төмендеу жатады. Бүйректің жоғарғы ұшы онбірінші қабырға деңгейіне

жетеді , төменгі ұшы мықын қырқасынан 3-5 см қашықтау тұрады. Бүйрек бобовидті пішінді келеді. Бүйректе қыртыс затын , милы затын ажыратады. Қыртыс заты мүшенің шеткі қабатын алып

жатады, қалыңдығы 4 мм-ге жуық . Ми заты бүйрек пирамидалары деп аталатын конус пішінді түзілістерден құралады. Пирамидалардың кең табандары мүшенің бет жағына , ал төбелері синус жаққа қарайды. Төбелері екеуден немесе одан көбіректен

бүртіктер деп аталатын дөңгелектенген қыраттарға бірігеді, сирек жағдайда бір төбеге жеке бүртік сәйкес келеді. Барлық бүртіктер саны орташа алғанда 12-ге жуық . Әрбір бүртікте ұсақ тесіктер

бар. Foramina papillaria арқылы несеп жолдарының бастапқы бөлігіне (тостағаншаларға) шығарылады. Бүйректің маңызды физиологиялық рольі -гомеостатикалық: клетка аралық сұйықтықты (осморегуляция) және қан сарысуында осмосты активті заттардың концентрациясы үнемі бір қалыпта ұстап тұруға, көлеміне қарай (волюморегуляция), липидтердің, көмірсулардың және ақуыздардың метаболизм процестеріне , токсикалық заттардың организмнен шығуын, жүйелі гемодинамиканы реттеуге бүйрек қатысады .

Несепағар - ұзындығы 30 см жуық түтік . Диаметрі 4-7 мм . Несепағардан түбектен тікелей іштік аржағынан төмен және медиальді кіші жамбасқа , сол жерден қуық түбіне келіп, оны қиғаш бағытта тесіп өтеді .

Несеп қуығы - зәрдің жиналуы және зәрдің организмнен шығарылуы . Қуық адамда біреу , іштің төменгі бөлігінде қасаға артында орналасады , қуық зәр көлеміне байланысты үлкейе де және кішірейе де алады. Қуықта 250-ден 500 мл зәр жинала алады . Қуықта максимальді зәр жиналған кезде адам жедел зәрді шығарғысы келеді . Қуықтан зәр шығару каналы басталады . Оның қызметі зәрді шығару болып табылады.

Зәр шығару каналы әйелдердікі ерлердікінен ерекшеленеді. Ерлерде зәр шығару каналы ұзын және қысқа (ұзындығы 20-40 см , ені 8 мм ), ал әйелдерде қысқа және енді ( ұзындығы 3-4 см , ені 1-1,5 см ) . Зәрағар каналының қабынуы кезінде ерлерде зәр шығару кезінде ауырсыну және ашу болады, ал әйелдерде білінбейді ( себебі зәр ағар каналының қысқа болуына байланысты).

Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларының ең жиі кездесетін симптомдары мыналар: зәр шығарудың бұзылуы, дене қызуының жоғарылауы, ауырсыну, ісіну және артериальді гипертензия белгілері болып табылады.

Зәрағар және бүйрек зақымдалуы кезіндегі ауырсыну- бел аймағында, зәрағар жолы бойымен және қасаға үстінде локализацияланады. Ауырсынудың түріне қарай сыздап, тез және ұстама тәрізді болады. Зәршығару бұзылыстары (дизурия) екі түрде болуы мүмкін: зәршығарудың жиіленуі-поллакиурия және зәршығарудың қиындауы-странгурия. Зәршығарудың жедел тоқтауы кезінде ишурия (еркін зәршығара алмағанынан зәрдің жиналуы) болуы мүмкін.

Денісау адам күніне 4-7 рет зәршығарады,ал түнде 1 реттен көп емес. Әр порциясы 200-ден 300 мл зәрге дейін, тәулігіне 1000-2000 мл. Зәршығарудың жиіленуі физиологиялық көрініс болуы мүмкін (сұйықтықты көп қабылдаған кезде, суықтау, эмоциональді күш түсіру) немесе патологиялық жағдайдың салдары болуы мүмкін.

Зәршығарудың қиындауы көбінесе ерлерде простата безінің ісігі, операциядан кейінгі кезеңде байқалуы мүмкін. Созылмалы зәр тоқтау кезінде науқастар бір минут күшеніп зәрін қиналып шығарады. Зәр аз мөлшерде кейде тамшы боп ағуы мүмкін. Бұл кезде науқастың қуық аймағында қатты ауырсыну, қиналу тенезмдері болады.

Жедел зәр тоқталу дегеніміз- операциядан кейін қуық бұлшықетінің жүйке регуляциясы бұзылуынан және де уретра обтурациясының нәтижесі . Ануриядан айырмашылығы анурия кезінде қуық бос және кіші дәретке отырғысы келмейді , ал жедел зәр тоқталу кезінде қуық толып тұрады және кіші дәретке жиі отырғысы келеді..

Аденома , қуық асты без рагі , босанудан кейін және операциядан кейін жедел зәр тоқталу пайда болады .

Зәр шығару рефлексін краннан аққан судың шуымен немесе жыныс мүшелерін жылы сумен жуып шығаруға болады. Қасаға үстіне жылы грелка қойса жақсы әсер береді . Істеген іс-шаралар жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша бұлшықет тонусын жоғарылататын дәрілік заттарды береді (прозериннің 0,5% 1 мл ерітіндісін немесе пилокарпиннің 1% 1 мл ерітіндісін тері астына ).

Бұл іс-әрекеттер жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша қуыққа катетер қояды . Жедел зәр тоқталу кезінде көмек көрсету.

Науқастың жағдайына қарай оны ыстық ваннаға отырғызады , спазмолитиктерді енгізеді ( но-шпа 2-4 мл ерітіндісін немесе баралгиннің 5% 2-3 мл ерітіндісін бұлшықетке енгізу . Осы шаралар әсер етпесе науқасты урология бөліміне жатқызу қажет.

Зәр шығару каналының жарақатынан болған зәр тоқталу кезінде қуыққа катетер қоюға мүлде болмайды.

Тәулік ішінде бөлінген зәрдің жалпы мөлшерінің өзгеруі зәршығарудың бұзылысымен өтуі мүмкін.

Полиурия- зәрдің тәуліктік мөлшерінің 2литрге дейін жоғарылауы.

Олигурия- зәрдің тәуліктік мөлшерінің 500 мл-ге дейін төмендеуі.

Анурия- қуыққа зәрдің мүлдем түспей қалуы.

Бұл өзгерістер бүйрек функциясының қауіпті бұзылыстарын білдіреді.

Гематурия- зәрде қанның болуы, ет жуындысының түсі тәрізді болғанда дәрігерге тез арада хабарлау қажет.

Зәрдің еріксіз шығуы. Зәрді ұстай алмауға тән симптом- зәршығаруға отырғысы келмей ақ зәрді еріксіз жіберіп қою. Зәрді ұстай алмайтын төсектегі науқасқа шынылы астаушаны, ал әйелдерге резиналы судноны қойып қою қажет. Астаушада зәр толған кезінде зәрді уақытылы төгіп жылы сумен шаю қажет; ал зәрдің иісін кетіру үшін тәулігіне бір рет калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен өңдеу. Зәрді ұстай алмайтын науқастарда ойық көп кездеседі, зәр теріні қызартып ойып жібереді. Бұндай науқастарды ойықты болдырмаудың алдын алу қажет. Төсек және сырт киімін жиі ауыстырып тұру қажет,себебі: ластанған киім төсегі өткір аммиакты иіс береді.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Жедел зәр тоқтап қалу, зәрдің еріксіз бөлінуі кезінде көмек көрсету және диурез, тәуліктік диурез, дизурия анықтамаларын беру.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

ТЕСТТЕР:

1.Зақымдалу кезінде ауырсынудың локализациясы:

1 бүйрек а)қасаға үстінде

2 зәрағарлардың б)аралықта

3 қуық в)белде

4 простата безі г)зәрағар бойымен

2.Дизурия бұл:

а) зәршығарудың бұзылысы

б) зәр бөлінудің бұзылысы

в) зәрдің бөлінуі

г) зәршығару жолдарының қабынуы

3.Сәйкестікті тап:

1 полиурия а) зәрдің тәуліктік мөлшерінің тәулік бойы ұлғаюы

2 олигоурия б)бірдей порциялы уақыт интервалы тең зәр бөлу

3 анурия в) күндізгіге қарағанда түнде зәрдің көр бөлінуі

4 ишурия г)зәрдің тәулік бойы мөлшерінің азаюы

5 поллакиурия д)зәр бөлінуінің толық тоқтауы

6 никтурия ж)зәрдің задержкасы

7 изурия з)зәр шығарудың жиіленуі

4.Зәрде ақуыздың болуы қалай аталады.

а) протеинурия

б) гематурия

в) лейкоцетурия

г) бактериурия

д) цилиндрурия

5.Бүйректің негізгі құрылымды-функциональді бірлігі болып табылады.

а) клубочкалар

б) клубочкалардың канальцалары

в)нефрон

г)чашечкалар

6.Тәулігіне қанша рет адам зәр шығарады.

а) 4-7


б) 1-3

в) 2-4


г) 7-10

7.Зәрдің әр порциясында қанша мл .

а) 100-200 мл

б) 200-300 мл

в) 300-400 мл

г) 50 және төмен

8.Зәрді ұстай алмауға тән симптом:

а) зәрдің еріксіз бөлінуі

б) зәрдің жиі бөлінуі

в) зәрдің көп мөлшерінің бөлінуі

г) зәрдің мүлдем болмауы

9.Бүйректің маңызды физиологиялық рольі.

а) шығару

б) қорғау

в) гомеостатикалық

г) гормональді

10.Жас бойынша тәуліктік диурез көрсеткішін сәйкестір:

Жасы Диурез

1 2 жас а) 1300 мл

2 4 жас б) 1100 мл

3 6 жас в) 900 мл

4 8 жас г) 700 мл

11.Әр түрлі әдістер бойынша зәр жинау техникасын сәйкестір:

1 жалпы зәр анализі а)әр 3сағ сайын зәрді 1-тәулік бойы жинау

2 Зимницкий әдісі б)таза, құрғақ банкаға бір мезетте алу

3 Нечипоренко әдісі в)бір мезетте, азанда зәрдің ортаңғы порциясын

4 стерильдікке зәр анализі г) бір мезетте, зәрдің азаңғы порциясын

12.Қыз баладан зәрді жинау үшін:

1 резиналы дөңгелекке жаялық жаю

2 резиналы дөңгелек астына лоток қою

3 жинаған зәрді таза құрғақ банкаға құю

4 жолдама беру

5 қыз баланың жыныс мүшесін алдынан артына қарай бағырпен жуу

6 резиналы дөңгелекке қыз баланы жатқызу

7 зәрді жинау

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

1.Операциядан және босанудан кейін жедел зәр тоқтау болады. Осы жағдайда медбике қандай көмек көрсетеді.

2.Бүйрек тас ауруымен шақырылған жедел зәр тоқтау кезінде медбике қандай алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.

3.Зәрді ұстай алмайтын науқасты күту ерекшелігі қандай.

4.Зәрді ұстай алмайтын науқаста ойықты болдырмау үшін қандай шаралар қолданасыз.

5.Зәр шығару жолдарының қабынуы бар науқастыңқуығына катетеризация жасайсыз ба. Жоқ болса не үшін, түсіндір.



13. Сабақты қорытындылау: 4 мин (4%)

оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



14. Үйге тапсырма беру: 4 мин (4%)


10 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 14 Бөлім. Жүрек-өкпе реанимациясы.

14.1. Тақырыбы. Науқастың терминальді жағдайы. Жүрек-өкпе реанимациясы.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практика

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: халі ауыр және жанталасқан науқастарға бақылау мен күтімді жүргізу ережелері. Клиникалық өлімде реанимациялық шараларды жүргізу.

  • тәрбиелік: халі ауыр және жанталасқан науқастарды күту кезінде этика және деонтология заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: реанимация бөлімшесінде құжаттармен жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, рольдік ойындар, аудиториялық.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, фантом, маникендер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

- бүйрек және зәр шығару жүйе анатомиясы

- топографиялық анатомиясы

- бүйрек функциясы

-науқас тамақтану және тәртіпті сақтауын ұйымдастыру

-зәр шығару жүйе функция бұзылысының белгілері

-зәрдің түрін, мөлшерін және жиілігін тіркей білу

- зәр шығару жолдарының бұзылысы кезінде медбикелік процестің этаптары

-бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары

-зәр шығару жүйе функция бұзылысының көрінісі



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)

Жоспар:

- жүрек-кан тамыр жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшілігі.

- үлкен және кіші кан айналым шеңбері.

- наукастың функционалдык жағдайьш бағалау: Ак кысымын өлшеу, пульсті


есептеу, тыныс алуды бакылау, антропометрия.

- медбикелік процесті сипаттап беріңіз.

- жүрек дүрсілі

- аритмия

- жүрек түсындағы ауырсыну;

- ентікпе

- тұншығу (жүрек астмасы);

- перифериялык ісіктер, асцит

- АҚ қысымы бірден көтерілуі (гипертониялык криз), және төмендеуі (коллапс), талма

Қан айналым бүзылыстары симптомдары кай аймақтың немесе мүшенің закымдалуына байланысты болады.

Жүрек аурулары түрлі симптомдармен бірге жүруі мүмкін: бас миының кан айналымының, естің бүлдырлауын шакыруы мұмкін, аяк- кол қан айналымының бұзылыстары ауырсынуымен және ісіктермен жүруі мүмкін.

Туа пайда болған жүрек аурулары туған кезде аныкталады. Кішкентай балаларда жүрек жүмысының бүзылыстары ентікпемен, тәбеттің төмендеуі және физикалык дамудың калыңқырауы. Туа пайда болған жүрек акаулары түған кезде аныкталатын физикалык акаулардың жартысын күрайды. Жүрек -кан тамыр жүйесінің акаулары кей себептердің әсерімен, жүректің түрлі бөліктерінін жүмысының киындауы, кейін жүрек жетіспеушілігіне алып келеді. Жүрек - кан тамыр жүйесі ауруының айкын симптомдарына жүрек соғуының жиілеуі, аритмия, жүрек тусының ауырсынуы, ентікпе, түншығуы, ісік, кан кысымының жедел көтерліуі немесе түсуі, талма.
Симптом. Жүрек дүрсілі.

Жүрек жиырылуының жиілеуін наукастар жүрек дүрсілі деп кабылдап, бүл көбінесе жүрек патологияның дамуының бірінші белгісі болып табылды.

Кейде жүректің жиырылуыньш жиілеуі жүйке жүйесі регуляциясы калыпсыз дені сау адамдарда кездеседі, мүндай жағдайларда валериана тамырының препараттары және үйлесімді дене еңбегі эффективті болып келеді.

Егер жүрек дүрсілі наукаста жайсыз жағдай (дискомфорт) тудыратын болса, оған міндеггі түрде алғашкы медициналык көмек көрсету кажет.

Жүрек дүрсілі кезіндегі алгашқы көмек.

  1. Наукасты тыныштандыру

  2. науқасты ыңғайлы калыпка отырғызу

  3. таза ауаның келуін камтамасыз ету

  4. кысып турған киімдіріп босату

  5. пульс жиілігі мен сипатын аныктау

  1. егер жүрек дүрсілі бұрын болған болса, оған наукас кандай ем, қандай
    дәрі колданғаньш, жүрек дүрсілі өздігінен кеткен - кетпегенін сұрау қажет.

  2. кайталанатын жүрек дүрсілі кезінде дәрігер консультациясы кажет болады.

Жүрек түсынын ауырсыну симптомы

Жүрек тамырларының спазмы немесе тарылуы әсерінен пайда болатын жүрек бұлшык етінің қанмен камтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен жүрек тусында аурысыну пайда болады. Мундай жағдай стенокардия устмасында болады. Бүл кезде ауырсыну төстІн артына немесе төстің сол жағына таралып, сол қолға немесе жауырьша беріледі, басып, кысып түрғандай ауырсьшу болып, әлсіздікпен, өлім алдындағы коркынышпен, кейде дене дірілімен тершеңдікпен бірге жүреді. Ауырсыну бірнеше минуттан бірнеше сағатка дейін созылады. Жүрек түсында ауырсынуы бар наукас жедел медиідиналык көмекті және күтімді кажет етеді.

Жүрек түсы ауырсыну кезіндегі алғашқы көмек.

  1. Наукасты тыныштандырып, ыңғайлы калып беріңіз, оған толык физикалык және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз, таза ауа келуін кадағалап, кысып түрған түймелерін босытыныз, пульсін, артериалды кан кысымын өлшеңіз.

  1. наукасқа тіл астына валидол дәрісін беріңіз

  1. егер валидолдың зффективтілІгі болмаса, ал үстама жалғасы берсе, наукасқа тіл астына нитроглицирин таблеткасын (немесе 1-2 тамшы 1% нитроглицирин ерітіндісін + кантпен немесе валидол таблеткасымен) беріңіз. Наукасты нитроглицирин кабылдаудан бас аурудьщ болатындығы жөнінде ескертініз.

  1. дәрігердің шақырылуын кадағалаңыз.

  2. жүрек тұсына және төс үстіне кыша, наукастьщ аяк - кольша грелка койыңыз.

  3. егер ауырсыну ұстамасы кайытпаса, 5-10 мин салып кайта берілген нитроглицириннің эффективтілігі болмаса дереу дәрігер консультациясы және жедел госпитализация қажет етіледі, себебі жедел кан айналым бүзылысы әсерінен жүрек бүлшық етінде өзгеріс тууы мүмкін (инфаркт миокарда)

  4. наукаска қатаң төсек режимін камтамасыз етіңіз

  5. тыны салу, пульс жиілігін, АҚ қысымын өлшенуін, дене кызуынын өлшенуін камтамасыз етіңіз (ауырсыну үстамасынан кейін пайда болған дене кызуын миокард инфарктының белгісі болуы мүмкін) мүмкіндігіне наукаска оттегі беріңіз.

Ентігу симптомы.

Жүрек - кан тамыр жүйесінІн функциясының бузылуы кезіндегі ентікті көміртегі газының көбейіп кетуінен тыныс жолдарынын тітіркенуі әсерІнен көміркышқыл газьшың көбейІп кетуі кіші қан айналым шеңберіндегі кан іркілісіне байланысты болады. Физикалык жүктемеге байланысты пайда болатын ентігуге коса жүрек дүрсілінін болуы енді басталып келе жатқан жүрек жетіспеушілІгінің береншІ белгісі болып табылады. Жай ағып жатқан вена тамырындағы кан іпкілісіне коса оттегінін жетіспеушілігіне байланысты тері жамылғысы көкшіл түске болады (цианоз).

Жүрек жүмысы бұзылысы кезінде пайда болатын жедел ентігу устамасы жүрек астмасы деп аталады. Жүрек астмасы - бүл жүрек жетіспеушілігіні кауіпті симптомдарының бірі болып табылады.

Жүрек астмасы кезіндегі алғашкы медициналык көмек

  1. Наукасты тыныштандырып, қысып тұрған киімін босатып, таза ауаның
    келуін камтамасыз етініз

  1. онын АҚ кысымьш өлшеңіз

  1. егер наукас жаткан болса, онда оны жартылай отыратын калыпка келтіріу қажет

  1. егер сист қан кысымы 100 мм с.б. астына нитроглицерин беріңіз

  1. оксигенотерапия жүргізіңіз. Егер наукаста күркілдеген тыныс алу болса және ақшыл - кызыл көпіршікті какырык бөлінсе, онда оксигенотерапияны көпірікбасушы арқылы беру керек. Көпірікбасушы ретінде 70% этил спирті немесе 10 % антифомсиланның спирттік ерітіндісі колданылады.

  1. аяк пен колға жгут салыңыз, бірак жгут тек венаны кысу керек, ал артерияда пульс болуы қажет. Осы жағдайда қанның бір бөлігі периферияда жиналады, айналымдағы қаннын көлемі азаяды, осьшьщ арқасында сол жақ карыншаның жұмысы жеңілденеді.

  1. жгуты бірден барлык перифериялык мүшеден шешуге болмайды.

  2. келесі әрекеттерді дәрігердің нұсқауымен орындаңыз.

Ісіну симптомы

Жүрек-қан тамыр жетіспеушІлігі кезіндегі ісіну жүрек жұмысынын жетіспеушілігі, үлкен кан айналымы шенберіндегі кан көбеюі, ондағы кысымньщ жоғарлауы, қаннын сұйық бөлігінің тамырлардан айналадағы тіндерге сіңуінен болады. Наукастарда бауыр үлкейеді тері асты шел қабатында ісіну пайда болған, куыстарға су жиналады (плевралык, ішастарлык). Ісіктердің пайда болуының алдында суйықтыктың жиналу периоды, яғни зәр шығарудың азаюы және дене салмағының артуы байқалады.

Ісіну кезіндегі күтім

  1. Қатаң емес төсек режимі және психикалық тыныштык сақталуы кажет.

  1. ісіну кезінде терінің қорғаныстық қабілеті күрт төмендеп, тіліктер пайда болады, ал бүл жер инфекцияны кіру какпасы болуы мүмкін. Сол үшін науқастың төсегі мен төсеніші ыңғайлы болуы тиіс.

  2. сұйықтык ішу режимін кадағалау (тәуілік сайын зәр шығару мөлшерін есептеп, жазып отыру) керек.

  1. үйлесімді емдік тамақтандырылуын камтамасыз ету

  2. наукастың туысқандарына күтім туралы түсінік беру

  3. гигиеналык ваннаны немесе душты тек дәріегрдің рүксатымен қабылдайды;

  1. іркілу қуысьшдағы іркіліс әсерінен төбет төмендейді жүрек айныйды, күсу болады, іштің жоғарғы бөлігінде керілу болып, іш қатады ішекті мезгілінде бастау наукастын халін жақсартады

Гипертониялық криз- бұл артериялдык қан кысымының бірден жоғарлауы. Ол бас ауруымен, күлақ шуулдалу, жүрек айнуымен,күсумен, көз каратуымен сипатталады. Бүл симптомдар пайда болуы кезінде бірден дәрігерге қабарлап, дәрігералды көмек көрсету керек.

Гипертониялык криз кезіндегі алғашқы көмек.

  1. АҚ кысымын өлшеңіз,наукасты тыныштандырыңыз, оған ығайлы калып табуға көмектесіңіз, толык физикалык және психикалык тыныштықтың сакталуын камтамасыз етіп,кысыл түрған түймелерін ағытыңыз, таза ауа келуін кадағаланыз.

  2. Жүрек туысы ауырсынатын жағдайда наукаска тіл астына валидол немесе
    нитроглицерин дәріні беріңіз.

  1. желкеге және балтабарға кыша кою.аякка ыстык ванна, колға жылы ванна қабылдау, баска суық кою жаксы нөтиже береді.

  2. Дәрігердін нүскауымен дәрі кабылдап жүрген науқастың дәрісін кабылдату керек.

  3. Үнемі АҚ кысымын қадағалап, дәрігер консультациясын камтамасыз ету қажет.

АҚ кысымы жоғары наукастарга көмек көрсету барысында мынаны

ескету қажет:

  1. Психикалык тыныштык, үзак үйкы өте пайдалы әсер береді.

  2. Наукастың тағам күрамында тұз мөлшерін азайтып, ащы,өткір, қоздырғышы
    заттардыдышығарып тастау керек. Семіздік жағдайында тамак мөлшерін азайту кажет.

  3. Алкоголь, темекі шегу сияқты зиянды заггарды мүлдем кабылдауға болмайды.

  4. Дәрілік заттарды белгілеу барысында дәргер наукасқа кабылдау ретімен мүмкін болатын асқынуларын айту керек.

  5. Егер наукастың кан кысымы қалыпты болса, ол өзіне үйреншікті жүмыстарды орындауға болады. Аздап жаяу жүрген, таза ауаға шығып турған пайдалы.

Талма кезіндегі алғашкы көмек

Талма кезінде мейірбике келесідей алғашқы көмек көрсетуі тиіс.

  1. Наукасты горизонтальды қалыпта жаткызып (жастыксыз), аяк жағын көтерін кереу керек.

  2. кысып турған киімін босатып, таза ауа келуін камтамасыз ету, кеудесімен бетін суык сумен сулау, көкірегі мен самайын колмен укалау, бетін қолмен немесе дымқыл орамалмен шапалакпен соғу.

  3. наукастың мүрнының алдына мүсәтір спиртІмен дымкылдалған тампонды жакындату (самайьш сүртседе болады).

  4. аяғына грелка койып, көрпе жабу. Осының бәрі жасалғанда, науқас 20-40 минут ішінде өзіне келеді. Медикаментозды көмек тек талма ұзарып кетсе ғана

  5. көрсетіледі. Талмадан шыккан наукасқа тыныштык кажет етіледі. Егер талма үйде болса, онда наукастын госпитализациясы жөніндегі сүракты шакырылған дәрігер шешеді.

Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.

  1. Наукаска төсекке горизонтальды және тыныштыкты камтамасыз ету керек.

  1. наукасты жылыту үшін оны көрпемен жауып, аяғына грелка кою керек.

  2. бөлмеге таза ауаньщ кіріуін кадағалау.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Өкпеге жасанды дем беру және жүрекке массаж жасау іс-әрекеті, халі ауыр және жанталасқан науқастарға күтім жасау, клиникалық өлімде реанимациялық шараларды жүргізуді үйрену.

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 18 мин (20%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет