Одночлен и его стандартный вид



Дата08.02.2022
өлшемі369,71 Kb.
#119570
Байланысты:
Үшбұрыштың тамаша нүктелері


Үшбұрыштың тамаша нүктелері
Анықтама: Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.
Қасиеті:
Үшбұрыш медианалары қиылысу нүктесінде төбесінен бастап санағанда 2:1 қатынасында бөлінеді.
Анықтама: Үшбұрыш биссектрисасы— бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді.
Анықтама: Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарама-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр
D- тірек нүктесі
О- іштей сызылған шеңбердің центрі
F үшбұрыштың ортоцентрі
Н- ортоцентр
О- сырттай сызылған шеңбердің центрі
1 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады.
2 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.
АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.
3 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.
АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.
4 тапсырма.
АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортсы арқылы өтетін түзу;
Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет