ОӘЖ 372.857
ОҚУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ТАКСОНОМИЯСЫНЫҢ БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ
Халикова Г.С., Бесбай Ж.Т., Тургунбаева С.А.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются различные типы заданий, направленные на развитие функциональной грамотности. Предлагаются подходы к разработке системы задач, направленной на формирование и развитие функциональной грамотности в процессе обучения биологии
Summaru
The article discusses the various types of tasks, aimed at development of functional literacy. Suggests approaches to the development of a system of tasks aimed at the formation and development of functional literacy in the learning process of biology
Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. ОЖСБ әсіресе, ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес. Осындай жайттардың алдын алу қағидалары функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айырықша.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта құру қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласында «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақ ең басты маңызды болып отыр. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектесуіміз қажет Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің соңғы брифингінде түлектердің қорытынды аттестациясының өткізілуі және ЖОО-ға түсу принциптері туралы жаңа формат жарияланды. 2017 жылдан бастап түлектер мектептерде емтихандар тапсырып (орта мектеп бітіргені жөнінде аттестат және «Алтын белгі» алу үшін), ЖОО-ға түсу үшін емтихан және мемлекеттік гранттың бөліну жүйесі функциясын атқаратын ҰБТ тапсырады. Бейінді пәндер бойынша тапсырмалар ұсынылған бес жауаптың ішінен тек жалғыз дұрыс жауабы бар 20 сұрақтан, сондай-ақ, көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауаптары бар 10 сұрақтан құралады. Бейінді пәндер бойынша тестілеу барысында бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтарды енгізу арқылы талапкерлердің нақты тақырыпты қаншалықты меңгергендері анық көрінеді. Сонымен қатар, бірнеше жауап варианттары бар тесттер жауаптарды тек жаттап алып, немесе болжау арқылы беруге тосқауыл болады. Осындай мәселелерді меңгеру үшін оқушылармен сабақ жүргізу барысында оларды сын тұрғысынан ойлауға, логикалық тапсырмаларды шеше білуге үйрету керек.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағыт алады.
Қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана ісіміздің оңға басатынын ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән-мәтінмен өзара байланысты қарастыру қажет
«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.
Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.
Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.
Тапсырма 1. Тапсырмада сұрақтар бар, олардың әрбіреуіне 4 жауап нұсқасы ұсынылған. Әрбір сұраққа ең толық әрі дұрыс деп санаған тек бір ғана жауапты таңдаңыз. Таңдалған жауап индексінің жанына “+” белгісін қойыңыз. Өзгерткен жағдайда “+” белгісі қайта қойылуы қажет.
1. Көз алмасында жарық оның келесі элементтері арқылы біртіндеп өтеді:
а) қасаң қабық – көз бұршағы – қарашық – алдыңғы камера – шыны тәрізді дене – торлы қабық;
б) қасаң қабық – алдыңғы камера – қарашық – көз бұршағы – шыны тәрізді дене – торлы қабық;
в) қасаң қабық – алдыңғы камера – көз бұршағы – қарашық – шыны тәрізді дене – торлы қабық;
г) қасаң қабық – қарашық – көз бұршағы – алдыңғы камера – шыны тәрізді дене – торлы қабық.
2. Суреттерге сәйкес келетін атауларды таңдаңыздар.
1.Қауырсынды – шеткі. 2. Доғалы. 3. Саусақ салалы – ілмек тәрізді. 4. Қауырсынды – ілмек тәрізді. 5. Саусақ салалы – шеткі. 6. Саусақ салалы – торлы. 7. Параллельді. 8. Қауырсынды – торлы.
3. Сүтқоректілерде салатамыр қаны көтамырлар арқылы, ал көктамыр қаны салатамырлар арқылы ағады:
а) үлкен қанайналым шеңберінде
б) кіші қанайналым шеңберінде
в) бауырдың қақпа жүйесінде
г) экстрасистолалы қанайналымда, қан жүрек қарыншасынан құлақшаларға құйыла бастағанда.
Тапсырма 2. Сіз келесі дәйектемелермен келісесіз бе. (Иә, Жоқ)
1. Прокариоттардың көпшілігі гетеротрофтар, ал олардың бір бөлігі – адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроағзалардың паразиттері.
Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерге актиномицеттер, фикомицеттер және оомицеттер жатады.
Қызғалдақтың жемісі жидек.
Цитоплазма протопласттың жалғыз ғана тірі әрі белсенді органоиды болып табылады.
Құстардың зат алмасуы бауырымен жорғалаушылармен салыстырғанда қарқындырақ жүреді.
Саңырауқұлақтар әрқашан жарықтан «қашады».
Плаун тәрізділер бөлімі ағаш және шөптесін түрлермен кеңінен берілген.
Гигрофиттер – шамадан тыс ылғалды жерлердің өсімдіктері.
Су өсімдікке ең алдымен топырақ арқылы әсер етеді.
Қызанның отаны Орталық Африка болып табылады.
Сәбіз – біржылдық өсімдік.
Қырыққабат көбелегі гүл шырынымен қоректенеді.
Балықтардың танау қуысы ауыз жұтқыншақ арқылы бірікпейді.
Дизентерия амебасы адам бауырының жасушаларында тоғышарлық етеді.
Тапсырма 3. Cөйлемді аяқта.
Ұрық түбірінен дамитын тамыр әдетте топырақта тік орналасады, төменгі жағымен топырақтың төменгі қабатына тереңдей отырып аталады. . .
Бір – біріне қабысып жатқан жапырақ бастамалары бар сабақтың төбесі аталады…
Көпшілік саңырауқұлақтардың денесін құрайтын жіптер аталады . . .
Құрғақ жерлердің өсімдіктері немесе сумен қамтамасыз етілсе де, төменгі температурасы немесе құрамында тұзы мол болуы себепті сіңбейтін сулы жерлердің өсімдіктері аталады. . .
Солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылатын қына түрі аталады . . .
Ие денесіне енген балдыр иесінің есебінен қоректеніп, ақыр соңында ие ағзасының жеке бөліктерінің өлуіне немесе оның толық тіршілігін жоюына әкеліп соғатын балдырлардың бірлесіп тіршілік ету түрі аталады . . .
6 сұрақ . Биік таулы жерде «тау ауруы» дамиды. «Тау ауруын» емдеу үшін лимон немесе аскорбин қышқылын пайдаланады. Неліктен?
Тапсырма 4. Блиц сауалдарға жауап беріңіз:
А. ИТИС вирусы ... паразиті
Б. Адам ағзасының қай бөлімінде жасунық ыдырайды?
В. Дем шығарғанда өкпеден ауа шығарылады, себебі...
Г. Шықшылдықтың өсетін жері...
Д. Қан жасалатын мүшелер:
Е. Қарын сөлінен қарын қабырғасын қорғайды...
Тапсырма 5.
1.Сүтқоректілердің түктерінің түсі түбінен жоғарыға қарай түрліше болады. Түп жағы бір түсті, ортаңғысы басқа түсті, ал жоғарғысы тағы басқа түсті болып келеді. Түктерінің түсі өсу барысында неліктен өзгереді? Қандай тәжірибе арқылы дәйектей аласыз?
2. ХІХ ғасырда обырды емдеуде ауруға өлі бактерияның қоспасын егу әдісі қолданылған. Бұл әдістің механизмін түсіндіріңіз және неліктен осы әдіс қайта қолданысқа ие болды?
3. Топырақ бактериялары мен саңырауқұлақтар кейбір ерімейтін заттарды (хинин, жасунықты) тұтынатыны белгілі. Бұл заттарды ыдырататын ферменттер осы заттар жақын орналасқанда барып синтезделе бастайды. Саңырауқұлақтар мен бактериялар бұл заттардың қоршаған ортада бар екенін қалай біледі?
Тапсырма 6. Белгілі бір биоценозда гүлді өсімдіктердің үш түрі бар. Олардың бір-бірінен ерекшелігі:
А. А туысының өсімдіктері бунақденелілер арқылы тозаңданады;
Б. В туысының өсімдіктері жел арқылы тозаңданады;
В. С туысының өсімдіктері өздігінен тозаңданады. Бірдей тіршілік жағдайында қай өсімдіктердің
түр саны көп болады? Дәлелді жауап беріңіздер.
Тапсырма 7.
1.Адамның тік жүруінің пайдалы екені белгілі. Бірақ оның адам үшін зияны да бар. Қандай зияны бар екенін айтыңыздар.
2. Табиғатта өзінің денесінен бірнеше есе үлкен организмдермен қоректенетіндер бар ма? Егер бар болса, оларға сипаттама беріңіз.
3. Бір түрге жататын өсімдіктің екі іріктемесінің өздеріне тән белгілері бар. Осы іріктемелерді будандастырғанда бірінші ұрпақтың өзінде фенотипі алуан түрлі болған. Неліктен?
4.Адам жүрегінде қарынша мен қолқадағы қан қысымының уақытқа тәуелділігін көрсететін график сызыңыз. Графикте жүректің қақпақшасының ашылу және жабылу кездерін көрсетіп, түсініктеме беріңіз.
5.Табиғатта өсімдіктерден өздігінен гибридтер жиі түзіледі де, ал жануарлардан гибрид түзілу құбылысы өте сирек. Неліктен?
Қорытындылай келе, сауаттылық тапсырмалары оқушылардың жалпылау, салыстыру, тұжырымдау сияқты дағдыларын тексеруге бағытталған. Оның ҰБТ-ға енгізілу себебі – оқушылардың жоғары оқу орнына түскеннен кейін студенттік оқуда түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеп, оларды сараптауға, салыстыруға және тұжырымдауға қажет деп табылуында және алған білімдерін әрі қарай өмірде қолдана алауы. Тестке бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарды енгізудегі мақсат – оқушылардың тест сұрақтары мен жауаптарын тек жаттап алып, немесе болжау арқылы белгілеуіне тосқауыл болады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. - 2012 ж. «Ана тілі» газеті, № 5. – 7-8 бет.
2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкііметінің № 832 қаулысы. 2012 жылғы 25
маусым, Астана, Үкімет Үйі.
3. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |