ОӘК 042-14 01. 20. 21/03 2013 № басылым


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет22/104
Дата15.09.2017
өлшемі11,38 Mb.
#32908
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


1.Кіші тесік, қалың және жұқа қабат, саптама дегеніміз не? 2. Сығу, жылдамдық, шығын, кедергі коэффициентідегеніміз не? Осы коэффициенттер арасында қандай байланыс бар? 3. Толық және толық емес, жетілген және жетілмеген сығу дегеніміз не? Шығын коэффициентіне сығу түрлері қалай әсер етеді? 4. Сұйықтың тесік және саптама арқылы ағуы кезінде жылдамдық пен шығын қалай есептелінеді? 5. Дөңгелек тесік арқылы және тура сондай диаметрдегі цилиндрлік саптама арқылы біркелкі сұйықтардың ағуы кезінде тегеурін қандай қатынаста болады? 6. Сұйықтардың үлкен тесіктен ағуының кіші тесіктен ағуымен салыстырғандағы ерекшелігі қандай 7. Тұрақты қимадағы ыдыстағы, ауыспалы тегеурін кезіндегі және биіктігі бойынша ауыспалы қимадағы сұйықтың ағуының айырмашылығы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:

Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. – 106 – 117 бет;

Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –133 – 156 бет;

Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 104 – 114 бет.


Дәріс 9. Гидравликалық машиналар. Ортадан тепкіш сораптар. Эйлер теңдеуі.
Дәріс жоспары.

1. Сорғылар туралы жалпы түсінік. Сораптардың жіктелуі, жұмыс істеу принципі.

2. Сорғылы қондырғылардың жалпы сұлбасы.

3. Сорғылы қондырғылардың жалпы сұлбасы.

4. Ортадан тепкіш сораптар. Құрылғысы, жұмыс істеу принципі, классификациясы.

5. Эйлер теңдеуі. Сорғының теориялық тегеуріні. Теориялық тегеурінге құрылымдық өлшемдерінің әсері. Пайдалы ағын.

6. Ортадан тепкіш сорғылардың теориялық сипаттамалары.
Гидравликалық машиналар дегеніміз электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз сораптан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.

Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сораптар деп аталады.

Сораптар үш түрге бөлінеді: қалақшалы немесе ортадан тепкіш, көлемді және ағынды.

1. Қалақшалы /ортадан тепкіш/ сораптардағы қысым, қалақшалы доңғалақтардың айналуындағы ортадан тепкіш күштің сұйыққа әсерінен пайда болады. Бұларға ортадан тепкіш, құйынды және осьтік сораптар жатады.

2. Көлемді насостардағы қысымдар айырмасы сұйықтардың белгілі бір көлемін жабық камерадан жылжымалы немесе айнамалы денелер арқылы ығыстырып шығарғанда пайда болады. Бұларға поршенді /плунжерлі, диафрагмалы/ және роторлы /тісті доңғалақты, пластинкалы, винтті/ сораптар жатады.

3. Ағынды насостарда сұйықтарды тасымалдау үшін жұмысшы сұйықтың /ауа, бу, су т.б./ кинетикалық энергиясын пайдаланады.



4. Сұйықтардағы сығылған газ немесе ауа жәрдемімен тасымалдау үшін газлифт /эрлифт/ және монтежюлар қолданады.


Сораптық қондырығының сұлбасы: 1. сорғыш құбырөткізгіш; 2. үрлегіш құбырөткізгіш; 3. қоректендіргіш резервуар; 4. ағынды резервуар; 5. қабылдағыш торы бар кері клапан; Н – сорап; V – вакуумметр; М – манометр




Сораптың негізгі параметрлері


6-кесте

1. көлемдік беріліс (сорап берілісі)

, ;

2. сорап тегеуріні

, ;

3. сорап қуаты

, ;

4. сораптың пайдалы әсер коэффициенті

.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет