Манометр - газдың немесе сұйықтықтың қысымын анықтауға арналған аспап.
Дифференциалды манометр - сұйықтық немесе газ ағындарының екі нүктесіндегі қысымдарының айырмашылығын өлшейтін манометр.
Шиналық манометр - аз тұрпаттық манометр, шинаның артық қысымын өлшейтін мөлшер.
ТҮРЛЕРІ
Манометр - сирек, тығыз емес - сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге арналған прибор. Манометрлердің көптеген түрлері бар,мысалы,дифманометр,сфигманометр,бурдон манометрі,қарапайым ашық сұйық манометр,т.б. . Атмосфералық қысым барометрмен, нөлге жуық қысым вакуумметрмен өлшенеді. Манометр шкалалары әр түрлі бірліктерде (кгк/м² немесе кгк/см², бар, мм сынап бағаны, мм су бағаны, т.б.) градуирленген.
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Манометр - қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады. Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді.
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде оны Бурдон манометрі деп те атайды. Оның жұмыс істеу принципі үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа ұқсайды . Металл манометрдің негізгі бөлігі - доға тәрізді иілген металл түтікше . Оның бір жағы бітеу болады да, екінші жағы кран арқылы қысым артқан кезде түтік түзулене бастайды да, оның бітеу ұшының қозғалысы иіндіктің және тісті тегершіктердің көмегімен аспаптың шкаласы бойымен жылжитын меңзерге беріледі- қысым кеміген кезде, түтік өзінің серпімділік қасиетінің арқасында бастапқы қалпына келеді де, меңзер шкаланың нөлдік бөлігін көрсетіп тұрады.
СФИГМОМАНОМЕТР
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен (гр. сфигмос - жүрек соғуы) немесе сфигмотанометрмен өлшенеді . Бұл құрал сынапты немесе металл манометрден, манжеттен және манжетке ауа айдайтын алмұрт пішінді үрлеуіштен тұрады. Манжет дегеніміз - жалпак резеңке камера, сыртында матадан істелген қапшығы болады. Манжет резеңке түтіктер арқылы манометрмен және үрлеуішпен жалғасады. Қысымды өлшеу үшін манжетті әдетте білекке орайды. Осыдан кейін манжетке ауа айдалады, ол қолды қысып, салатамырға (артерия) қанның келуі тоқтағанға дейін жүргізіледі.