ОӘК 042-14-5-02.01.20.115.03 - 2011
|
Баспа № 1 _____________
|
16 беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК042-14-5-02.01.20.115.03 - 2011
|
«Адвокатура және адвокаттық қызмет»» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым 09.2011ж
|
«АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ» пәні бойынша
«050301 – «заңтану» мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
СЕМЕЙ
2011
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Адвокат - жоғары заң бiлiмi бар, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған, мiндеттi түрде адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық қызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң көмегiн көрсететiн Қазақстан Республикасының азаматы.
Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.
Адвокатура –азаматтар мен заңды тұлғаларды құқықтық жағынан қорғау жөнінде арнайы өкілеттілгі бар кәсіпқой заңгерлердің қауымдастығы және адвокаттық қызмет туралы заң шеңберінде әрекет етеді.
2. Дәрістер
Тақырып1. Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінгі және негізгі белгілері
Адвокатура ғылымының дамуы
1.Адвокатураның қызметі, сөз жоқ, құқық қорғауға жатады. Ол ҚазақстанРеспубликасы Конституциясы мен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы « Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты реітнде пайда табуды көздемейді және мыналарды; қылмыстық істер бойынша қорғауды; азаматық ,әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілетті.Сондай-ақ азаматар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көрсетуді алқа қояды.
Мәселен, ол консультатциялар ,түсіндірулер ,кеңестер беруден ,кәсіпқойлық білімді талап ететін мәселелер бойынша жазбаша тұжырымдамалар жасаудан ,талап арызарын ,шағымдарын,құқықтық сыйптаттағы өзге де құжаттар жазудан ,жеке және заңды тұлғалалар анықтау органдарында ,алдын-ала тергеуде ,соттарда ,мемлекеттік және өзге де органдарда ,ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынаста уәкіл болудан және оларды қорғаудан көрінеді.
Авокатура мемлекет кепілдік берген және Конституциямен бекітілген адамның өзінің құқықтарын бостандықтарын сот арқылы қорғау және білікті заңгерлік көмек алу құқығын жүзеге асыруға міндетті.
Адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі мынандай принцитерге сәйкес құралады: адвокаттардың өз қызметін іске асырудағы туәелсіздігі; бұл қызметті заңдармен тыйым салынбаған әдістермен жолдарымен жүзеге асыру; тікелей заңдық актілерде қаралған жағдайларды есептемегенде , прокуратура, соттар, анықтау алдын ала тергеу органдарының өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардың адвокаттар қызметіне араласуына жол берілмейтіндігі ;кәсіпқойлық мінез-құлық сақтау және адвокаттық құпияны сақтау.
Адвокаттар қызметі заңмен кепілденеді және ол мемлекеттік органдардың , қоғамдық бірлестіктердің және лауазымды адамдардың адвокаттар қызметіне төте немесе жаңама түрдегі қандай да болмасын араласуға үзілді-кесілді тыйым слнатындығынан көрінісін табады. Өзінің кәсіптік міндетін іске асруға байланысты мәлім болған жағдайлар бойынша адвокаттан куә ретінде жауап алуға тыйым салынады. Адвокаттардан және олардың ұйымдарынан , заңда бекітілген жағдайларды есептемегенде ,белгілі-бір адамға көмек көрсетуге байланысты қандайда болмасын мәліметтер беруді талап етуге ,сондайақ адвокаттын құжаттарын және адввокаттың басқа іс жүргізу матеиалдарын қарауға алуға алып тастауға және тексеруге рұқсат етілмейді.Адвокаттың өзінің заңгерлік көмек көрсететін адаммен тенестіруге ,қорғайтын адамммен жеке кездесуге рұқсат беруден бас тартуға тыйым салынған.Анықтау ,алдын ала тергеу және сот органдары адвокаттың іске қатысқан сәттен бастап ,оның қорғаудағы күзетке алынған адамның ісі аяқталғанға дейін іске қатысуға жіберілетіндігі жөнінде дереу жазбаша растау беруге міндетті.
Заңгерлік жоғарғы білімі бар ,заңгерлі маманы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес, адвокаттық қызметті іске асыруға құқық беретін лецензиясы бар және адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары адвокат бола алады
Қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған бегіленген тәртіп бойынша әрекет жасауға қабілетсіз немесе әрект қабілеттілігі шектеулі деп танылған ,адвокаттар алқасынан шығарылған ,сондайақ тәртіптік теріс қылықтары үшін құқық қорғау органдарынан швығарылғанынан бір жыл өтпеген күннен бастап адамдар адвокат бола алмайды.
Адвокаттың өз өкілеттігін жүзеге асыраралықтай жеткілікті құқықтары бар. Мәселен, ол кез-келген немесе жеке тұлға қайтарымды ,қайтарымсыз негізде кез келген заңгерлік көмек көрсете алады. Сонымен бірге қорғауға және өкілдікке байланысты заңгерлік көмек ақысының шығындарының орнын жабудың мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.Заңда қарастырылған жағдайда көмек көрсету және шығындар ақысы республикалық бюджет немесе өз есебінен төленеді.Мәселен адвокаттың қатысуы міндетті болып есептелетін қылмыстық істер бойынша және қорғаудағы адамның қаржы болмаған жағдайда ақы анытау алдын ала тергеу органдарының қаулысы немесе сот шешімі бойынша төленеді.Адвокаттар алқасы немесе адвокат кеңесі есебінен адвокат өз сенімін білдірушілеріне олардың өтініштері бойынша мынандай қызметтеркөрсетеді.Бірінші буын соттарда талап иелеріне алимент өндіріп алу жөнінде асыраушының төлеміне байланысты залалдың ,жұмысқа байланысты жарақаттың немесе денсаулыққа түскен басқада зақымданудың орнын толтыру жөнінде ;Ұлы Отан соғысына қатысуларға және соған теңестірілген адамдарға, мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлерге, бірінші және екінші топ мүгедектерге, жасы үлғайған зейнетекрлерг, егер кәсіпкерлік қызметтпен байланысты болмаса консультатция берген кезерде; азаматтарға ақтау мәселелері бойынша консультатация берген кездерге.
2.Адвокаттарға сондай ақ мынандай процессуалдық құқықтар берілген; тиісті мәселелерді шешу құзырына жататын барлық мемлекенттік органдарда және мемлекеттік емесе ұйымдарда, барлық соттарда заңгерлік көмек сұраған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау:барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан заңгерлік көмек көрсетуге қатысты мәліметтер сұрастыру және дәлелдемелер ұсыну; процессуалдық құжаттарды, тергеу және сотістерін қоса есептегенде көмек сұраған адамдардың материалдарымен танысу және ондағы ақпаратты заң актілерінде тйым салынбаған кез –келген әдіспен көрсете білу; іске кіріскен кезден бастап өз қарауындағы адаммен құпиялықты қамтамасыз ететін жағдайда қанша рет және қанша уақытқа созылатындығына қарамастан, қалғанша кездесу;заңгерлік көмек көрсетуге және ғылым техника ,өнер және өзгеде арнайы білімді қажет ететін қызмет салаларына байланысты туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін келсім негізінде мамандардан тұжырымдама сұрау; әділет ,прокуратура, анықтау ,алдын алатергеу және сот органдарының лауазымды адамдардың сондайақ басқа көмек сұраған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасаған лауазымды адамдардың іс-әрекеттіне қарсы қолдау хат мәлімдеу, белгіленген тәртіп бойынша шағымсдар түсіру; мемлекеттік жасырын сырлары бар ақпаратпен сондайақ,әскери, коммерциялық ,қызметтік мәні мәліметтермен және егер анықтау, алдын ала тергеу орындарында және сотта заңда қарастырылған актілер тәртібімен қорғауды немесе уәкілетті қамтамасыз етуі қажет болған жағдайда,өзгеде заң қорғалатын құпиялар мен танысу; заңгердік көмек сұраған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделрін қорғайтын заңмен тыйым слынбаған бардлық амалдармен әдістерді қолдану, сондай ақ заңға қайшы келмейтін өзгеде әрекеттерді жүзеге асыру .
Пысықтау сұрақтары:
1.Адвокаттық қызмет
2.Адвокаттық қызмет кезеңдері
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 2. Адвокатураның пайда болу және даму тарихы
Адвокатура институтының дамуы
Адвокатура қызметінің элементтері және кезеңдері
1.Адвокатура –азаматтар мен заңды тұлғаларды құқықтық жағынан қорғау жөнінде арнайы өкілеттілгі бар кәсіпқой заңгерлердің қауымдастығы және адвокаттық қызмет туралы заң шеңберінде әрекет етеді.
Адвокат қызметін барынша дұрыс ұйымдастыру мақсатымен сондай ақ өз құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау үшін адвокаттар кәсіпқой, туәелсіз , коммеррциялық емес, өзін -өзі басқаратын және өзін өзі қаржыландыратын алқалар құрады. Адвокаттар алқалары облыстар ,республикалық мәні бар астана аумағында бір-бірден құрылады.Оның негізгі міндеттері-бірлесіп жұмыс істеу , матеиалдық техникалық анықтамалық –ақпараттық қамтамасыз ету , кәсіпқойлық көмек және алқа мүшелерін қорғау ,олардың қызметіне білікті бақылау қою, заңгерлік тегін көмек көрсетуді ұйымдастыру және азаматтарды қорғау .
Мыналар адвокаттар алқасының органдары болыып есептеледі;
жоғарғы орган алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференция)
атқарушы орган- президум
бақылаушы орган –тексеру комиссиясы
Жалпы жиналысты(конференцияны) тексеру комиссиясы төрағасының талап етуімен немесе мүшелер санын төрттен бірінің дауысы мен президум жылына бір рет шақырылады.Ол адвокаттар алқасы қызметінің кез-келген мәселесін шеше алады; оынң ішінде; Жарғы қабылдау және оған өзгерістер енгізу атқарушы , бақылаушы, басқа органдарды сайлау және олар туралы ережені бекіту .Алқа органдарының басшылары және басқа қызметкерлердің есебін тыңдау;
Алқа мүлкіне ие болу тәртібін орнату ; мүшелік жарна ставкаларын белгілеу; алқа органдары басшыларының және басқа қызметкерлерді шешімдеріне адвокатардың шағымдарын қарау ; алқа басшылары мен қызметкерлерін мерзімінен бұрын шақырып алу .
Жалпы жиналыс( конференция) адвокаттар алқасы мүшелелрінің үштен екісі жинаалғанда немесе тисінше конференцияның сайлаған делагаттар құрамы жиналған жағдайда шешімдер қабылдау құқылы
2.Адвокаттар алқасының президумы және оның төрағасы жасырын дауыспен төрт жылға сайланады, алқа президумы тек ғана жалпы жиналыстың құзырына жататын мәселелердің қоспағанда ,алқа қызметі мәселерін шешеді .Мәселен, жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік көмек көрсету жөнінде алқа жұмысын ұйымдастырады.Жалпы жиналысты шақырады және оның шешімдерін орындауды ұйымдастырад ы; адвокаттардың кәсіби және өзгеде құқықтарын қорғайды; адвокаттар алқасына мүшелер қабылдауды және одан шығуды іске асырады ; стажерлар даярлауды ұйымдастырады ; адвокаттардың үстінен шағымдарды тексеру жұмыстарын жүргізеді ; тәртіптік теріс қылықтар туралы материалдарды қарайды және жауапты адамдарға тәртіп жазаларын қолданады; адвокаттар аттестатциясын өткізу және кәсіптік біліктілгін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Алқа қаржысына иелік етеді; бухалтерлік есеп ; қаржылық және статистикалық есептіліті , іс жүргізуді ұйымдастыорады.
Президум төрағасы адвокаттар қатарынан сайланады.Ол өзіне жалпы жиналыс және алқа Жарғысы жүктелген өкілеттерді жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясын және оның төрағасын жалпы жиналыс төрт жыл мерзімге сайлайды. Ол адвокаттар алқасының қаржы –шаруашылық қызметіне тексеру жүргізеді .Заңгерлік консультатци\яларын адвокаттар кеңселерінің, сондай жұмыс істейтін адвокаттардың қаржы қызметін тексереді.
Адвокаттар алқасының мүшелері өздерінің құқықтары мен міндеттері жағынан тең :олардың алқа тарапынан қолдау және қорғау көруге ; алқа органдарының құрамын сайлауға және сайлануға ;алқа қызметіне белсене араласуына м әселелерді қоюға ,ұсыныстар енгізуге, талқылаулар мен тексерулерге қатысуға құжаттармен танысуға ; алқа мүліктерінің пайдалануға кез-келген уақытта алқа құрамынан шығуына құқықтары бар.
Алқа мүшелері ; Алқа Жарғысының талаптарын орындауға ; жалпы жиналыс пен оның органдарының шешімдерін орындауға; мүшелік жарна төлеуге міндетті .
Алқа мүшелері заңдармен Жарғыны бұзғаны үшін тәртіп жауапқа тартылады.
Жаза шараларын тәртіп оларды қолдану алу және шағымдану тәртібін адвокаттар алқасының Жарғысы белгілейді. Алқа президумы мынандай жағдайларда адвокатты алқа мүшелігінен шығаруға құқылы
адвокатты қызметпен айнналысу құқығы үшін берілген лицензияны қайтарып алынғанда немесе күшін жойғанда ;адвокатура қызметінің өз міндеттерінің принциптерін қайтаайта немесе бірнеше дүркін өрескел бұзған жағдайда;
біліктілігінің жетіспеуі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндетін атқара алмайтындығы белгілі болған жағдайда
кәсіпкерлікпен ,сондайақ өзге де ақы төлнентін қызметпен айналысқан жағдайда және Жарғыда қарастырылған басқа жағдайларда
адвокаттао өз қызметтерін заңгерлік консультациялар,адвокаттық кеңселер ,сондай ақ заңды тұлғаны тіркеместен жеке дара жүзеге асырады .
Адвокаттық қызметі лицензияланады. Лицензия әділет Біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған жағдайда беріледі. Ол басты ,тұрақты құжат болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында күші болады.
Пысықтау сауалдамасы:
1.ҚР ның адвокатура қызметі түрлері
2.Адвокатура мен маңызы
3.Адвокатура қызметіін ұйымдастыру
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 3.Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі, мәні және мақсаттары.
Адвокатураның түсінгі құқықтық табиғаты және мақсаттары
Адвокатура және адвокатура қызметінің тәуелсіздігі
Адвокаттық қызметтің белгілері
1. Белгіленген рұқсат режиміне сәйкес ,адвокаттың мемлекеттік органдар, соттар, прокуратуралар, анықтау, алдын ала тергеу органдары орналасқан мекемелерге ,күзетпен ұсталғандар, тұтқындалғандар және жазасын өтеп жатқандар орналасқан орындарғакіруге құқығы бар.
Осындай құқықтарына қоса адвокаттың мынандай міндеттері бар;
Заң талаптарын орындау, адвокатура ұйымдарымен қызметінің пртнциптерін басшылыққа алу;
егер көмек сұрап келіп отырған адамның мүдделері бұрын заңгерлік көмек көрсетілген немесе көмек көрсетіліп отырған адамдардың мүдделріне қайшы келген жағдайда (тараптардың өзара келсімі бойынша делдал ретінде қатысуды есептемегенде) немесе іске судья, прокурор, анықтау жүргізуші,тергеуші, сараптаушы, маман,аудармашы, куәгер, жәбірленуші немесе куәгер, азаматтық талап иесі немесе
азаматық жауап беруші ретінде қатысқан жағдайда ,сондайақ істі тексеруге немемсе қарау адвокаттың жақын туыстық қатысы бар лауазым бар адам қатысқан жағдайда , заңгерлі көмек көрсету тапсырмасынан бас тарту;
көмек сұрап келген адамның жағдайын ауырлатын құқықтық позиция ұстауға хақысы жоқ ;
қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан жалтаруға хақысы жоқ және қорғаушының немесе адвокаттың өзінің пікірінше үкім әділ шешілмеген жағдайда , оған белгіленген тәртіп бойынша шағым беруге міндетті.
мемлекттік қызметке тұруға кәсіпкерлікпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтерді қоспағанда, басқа да ақы төлнетін жұмыстарды атқаруға құқығы жоқ ,
адвокатқа өтініш жасау арқылы құралатын фактілердің тұратын, көмек сұрай келген
адамның ауызша және жазбаша келіс сөздеріне туындайтын ақпарат туралы адвокаттық құпияны ,көмек сұрай келген адамның мүддесі үшін жасалған әректтердің сипатымен нәтижелері,сондайақ заңгерлік көмек көрсетуге қатысты өзгеде мәмілеттерді құпия сақтаға міндетті
Пысықтау сұрақтары:
1.Адвокаттық қызметтің мән мағынасы
2:Адвокаттық қызмет принцитерінің маңызыдылығы
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып4.Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокаттық қызметтің норматитвік құқықтық базасының кешенді сипаты.
Адвокаттық қызметтің қайнар көзі
Халықаралық құқықтық стандарттар және адвокаттық қызмет қағидалары
Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметiнiң принциптерi
1.Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруғажәрдемдесугеарналған.
Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
Адвокаттық қызмет туралы заңдар
1. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың iстерi бойынша қорғау мен өкiлдiк етудi жүзеге асырған кездегi адвокаттардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.
2.Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметi:
1) адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;
2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзегеасыру;
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;
4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.
Пысықтау сұрақтары.
1.Адвокаттық қызмет заңының маңызы
2. Адвокаттық қызмет туралы заңның қолдану кеңестігі
Қолданылған әдебиеттер
1) Тыныбаев С.Адвокатура и адвокатская деятельность в РКАлматы,2004.
2)Жалыбин С.М.Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве Алматы ,1998
3)Мазур Н.В. Адвокатская деятельность вРК.-Караганда , 2006
4)Мазур НВ.Адвокат в уголовном процессе.-Астана, 2005
Тақырып 6. Адвокаттар алқасын ұйымдастыру
Адвокаттар алқасы түсінігі және маңызы.
Адвокаттар алқасының органдары
Адвокаттар алқасы президумы
Адвокаттар алқасын ревизиялық комиссиясы
Адвокаттар алқа мүшелерінің тәртіптік жауапкершілігі
Адвокаттар алқасынан шығару
Адвокат өз қызметiн заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға не дербес немесе басқа адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңсе құруға құқылы.
Адвокат тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында құрылған және әрекет ететiн адвокаттар алқасының мүшесi болуға тиiс. Адвокаттар алқасы
1. Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады.
2. Адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген өзге де мiндеттердi орындау үшiн құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.
3.Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құруға құқығы жоқ.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде онқұрылтайшының бастамашылығымен құрылады.Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.
Адвокаттар алқасының атауы аумағында өзi құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын қамтуға тиiс. Адвокаттар алқасының негiзгi мiндеттерi:
1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау;
2) алқа мүшелерiнiң қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;
4) алдын ала тергеу және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.
5.Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады.Адвокаттар алқасының жарғысы 1Адвокаттар алқасының жарғысы:1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын;2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн;3) адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру мен тоқтату тәртiбiн;4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртiбi мен құзыретiн;5) заң консультацияларын құру мен олардың жұмыс iстеу тәртiбiн;6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртiбiн;
7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртiбiн; 8) адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбiн және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша заң көмегiн бөлу тәртiбiн;
9) адвокаттарды аттестациялауды өткiзу тәртiбiн;10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртiбiн;11) адвокатты лицензиясынан айыру туралы өтiнiш жасау тәртiбiн;12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбiн;13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.
2. Адвокаттар алқасының жарғысы заңдарға қайшы келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн..
Адвокаттар алқасының органдары
1. Адвокаттар алқасының жоғары органы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы); оның атқарушы органы - төралқа; бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.
2. Жарғыда көзделген реттерде адвокаттар алқасында адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн басқа органдар құрылуы мүмкiн.
Адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)
1. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.
2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:
1) адвокаттар алқасының Жарғысын және Жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау; 3) Жарғыда көзделген басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;4) адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау және бекiту; 5) адвокаттар алқасының мүлкiне иелiк жасау тәртiбiн белгiлеу; 6) есептi көрсеткiшке еселенетiн мөлшердегi мүшелiк жарна ставкаларын белгiлеу; 7) органдардың және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау; 8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру. 3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсiнше, конференция сайлаған делегаттар құрамы болған жағдайда шешiмдер қабылдауға құқыл 4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқа төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi5. Адвокаттар алқасының Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн. Адвокаттар алқасының төралқасы
1. Адвокаттар алқасының төралқасы мен төралқа жасырын дауыспен төрт жыл мерзiмге сайланады.
2. Адвокаттар алқасының төралқасы:
1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiн көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады;
2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;
3) адвокаттардың кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;
4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;
5) адвокаттың әрекеттерiне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
6) адвокаттардың тәртiптiк терiс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;
7) адвокаттарды аттестациялауды өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
8) осы Заңда (12-бап) көзделген реттерде адвокатты лицензиясынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне өтiнiш жасайды;
9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;
10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, дербес немесе Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;
11) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;
13) адвокаттар алқасының қаражатына Жарғы мен жалпы жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;
14) адвокаттар есептi, қаржы және статистикалық есептiлiктi және iс жүргiзудi ұйымдастырады;
15) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
1. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып, сайланған күнiне дейiн кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат сайлана алады.
2. Алқаның Жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етедi және төралқаның, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2) төралқа аппаратының жұмысын басқарады, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
3) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық бiрлестiктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасының атынан өкiлдiк етедi, олармен және азаматтармен хат жазысады.
3. Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа өкiлеттiктерi Адвокаттар алқасының жарғысымен белгiленедi.Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы
1. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы оның бақылау-тексеру органы болып табылады.
2. Тексеру комиссиясы, оның төрағасы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жыл мерзiмге сайланады.
3. Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ жеке дара жұмыс iстейтiн адвокаттардың қаржылық қызметiне тексеру жүргiзедi.Адвокаттар алқасына мүшелiк
1. Адвокаттар алқасына мүшелiк мiндеттi болып табылады. Адвокат лицензиясы болған және алқа Жарғысын мойындаған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылмауға тиiс. Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
2. Кiсi алқадан шығарылған, бiрақ адвокат лицензиясын сақтап қалған жағдайда ол шығарылған сәттен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн алқаға қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |