1. Тегеурінді құбырөткізгішті есептегенде қандай теңдеуді қолданамыз? 2. Қандай құбырөткізгіштерді қысқа, ал қандайын ұзын деп атайды? Мұндай құбырөткізгіштерді есептеу ерекшелігі неде? 3. Құбырөткізгішті есептегенде кездесетін негізгі мәселелерді айаңыз? Қарапайым құбырөткізгішті есептеген кезінде туындаған типтік есептерді шешуәдісін түсіндіріңіз? 4. Құбырөткізгішті есептегендегі графоаналитикалық әдістің ерекшелігі неде? 5. Құбырөткізгіштерді тізбектей және параллельді қосқандағы есептерінің ерекшелігі. 6. Сифонды құбырөткізгіштер. Сифонды құбырөткізгіштерді есептеу ерекшелігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. –118 – 136 бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –105 – 127 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 122 – 146 бет.
Дәріс 9. Қалыптаспаған қозғалыс. Жуковский формуласы.
Дәріс жоспары.
1. Дөңгелек құбырдағы сұйық ағыны үшін қалыптаспаған қозғалыс теңдеуі. Гидравликалық соққы құбылысы.
2. Тура соққы үшін Жуковский Н.Е. формуласы. Тура емес соққы туралы түсінік.
3. Гидравликалық соққыны жекелеу тәсілдері. Іс жүзінде техникада гидравликалық соққыны пайдалану.
Қалыптаспаған қозғалыста сығылмайтын сұйық, қозғалып бара жатқан сұйық массасына әсер ететін инерциялық күштер әсерінен туатын инерциялық тегеурін шығыны, Бернулли теңдеуіне енетін қосымша шамамен ескеріледі. Мұндай қозғалыс поршенді сораптар жұмыс істегенде байқалады, конструкциясының ерекшелігі – сұйықтың ауыспалы тегеурінде ағу кезінде, бітелген құралды кенеттен ашқан кезде инерциялық күштер пайда болады.
Тегеурінде сәл үдеу болған кездегі, гидравликалық жүйелерді есептегенде сұйықтың аз сығылатынын ескеру керек, себебі құбырдағы соққылы қысымның толқынды таралуы гидравликалық соққы құбылысына әкеліп соғады. Гидравликалық соққы дегеніміз сұйықтың қозғалыс жылдамдығы кенеттен өзгерген кездегі ағынды құбырөткізгіштегі қысымның кененеттен өзгеру құбылысы.
Гидравликалық соққы құбылысын Н.Е. Жуковский тәжрибелік жолымен алған және теориялық негіздеген. Ол физикалық және математикалық интерпретация сұйық және құбыр қабырғасының қаттылығын ескерген кезде ғана мүмкін.
Тура соққы, тығынның жабылу уақыты гидравликалық соққы фазасынан аз болғанда, және түзу емес соққы, тығынның жабылу уақыты гидравликалық соққы фазасынан көп болса. лық соққы ғалыс жылдамдығы кенеттен көлденең қима ауданының сұйықтану периметріне қатынасы месе сұйықтың ішкі үйкелісі деп ата
Достарыңызбен бөлісу: |