Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1.Кіші тесік, қалың және жұқа қабат, саптама дегеніміз не? 2. Сығу, жылдамдық, шығын, кедергі коэффициентідегеніміз не? Осы коэффициенттер арасында қандай байланыс бар? 3. Толық және толық емес, жетілген және жетілмеген сығу дегеніміз не? Шығын коэффициентіне сығу түрлері қалай әсер етеді? 4. Сұйықтың тесік және саптама арқылы ағуы кезінде жылдамдық пен шығын қалай есептелінеді? 5. Дөңгелек тесік арқылы және тура сондай диаметрдегі цилиндрлік саптама арқылы біркелкі сұйықтардың ағуы кезінде тегеурін қандай қатынаста болады? 6. Сұйықтардың үлкен тесіктен ағуының кіші тесіктен ағуымен салыстырғандағы ерекшелігі қандай 7. Тұрақты қимадағы ыдыстағы, ауыспалы тегеурін кезіндегі және биіктігі бойынша ауыспалы қимадағы сұйықтың ағуының айырмашылығы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. – 106 – 117 бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –133 – 156 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 104 – 114 бет.
Дәріс 11. Гидравликалық машиналар.
Дәріс жоспары.
1. Сорғылар туралы жалпы түсінік. Сораптардың жіктелуі, жұмыс істеу принципі.
2. Сорғылы қондырғылардың жалпы сұлбасы.
3. Сорғылы қондырғылардың жалпы сұлбасы.
Гидравликалық машиналар дегеніміз электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз сораптан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.
Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сораптар деп аталады.
Сораптар үш түрге бөлінеді: қалақшалы немесе ортадан тепкіш, көлемді және ағынды.
1. Қалақшалы /ортадан тепкіш/ сораптардағы қысым, қалақшалы доңғалақтардың айналуындағы ортадан тепкіш күштің сұйыққа әсерінен пайда болады. Бұларға ортадан тепкіш, құйынды және осьтік сораптар жатады.
2. Көлемді насостардағы қысымдар айырмасы сұйықтардың белгілі бір көлемін жабық камерадан жылжымалы немесе айнамалы денелер арқылы ығыстырып шығарғанда пайда болады. Бұларға поршенді /плунжерлі, диафрагмалы/ және роторлы /тісті доңғалақты, пластинкалы, винтті/ сораптар жатады.
3. Ағынды насостарда сұйықтарды тасымалдау үшін жұмысшы сұйықтың /ауа, бу, су т.б./ кинетикалық энергиясын пайдаланады.
4. Сұйықтардағы сығылған газ немесе ауа жәрдемімен тасымалдау үшін газлифт /эрлифт/ және монтежюлар қолданады.
Сорап берілісі немесе өнімділігі – сораптың уақыт бірлігінде тасымалдайтын сұйық мөлшері;
Сораптың тегеуіріні - тасымалданатын сұйықтың салмақ бірлігіне берген салыстырма энергиясы сипаттайды. Тегеуірін насостың 1 кг сұйыққа берген энергиясы арқылы, осы сұйықтың қанша биіктікке көтерілетінін көрсетеді
Сораптың куаты - сұйыққа энергия беру үшін жұмсалған салыстырмалы энергия мен сұйық мөлшерінің көбейтіндісіне тең. Теориялық (пайдалы) қуат және электроқозғалтқыш шығындаған толық қуат деп бөледі.
Сораптың пайдалы әсер коэффициенті – пайдалы қуаттың толық қутқа қатынасы. Ол үш пайдалы әсер коэффициентің туындысына тең (п.ә.к.): көлемдік, гидравликалық және механикалық. Көлемдік п.ә.к. сұйық көлемінің шығынын ескереді (берілістің аздығын). Гидравликалық п.ә.к. және механикалық п.ә.к. – сорап тегеуріні мен машина элементтері арасындағы үйкелісті азайтуға арналған.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1. Сораптардың толық жіктелуін көрсетіңіз, олардың ерекшеліктері мен қолданылу аймағы қандай? Қалақшалы және көлемді сораптардың жұмыс істеу принципінің мәні неде? 2. Сораптың негізгі параметрлерін атаңыз? Олардың қысқаша сипаттамасы? 3. Сорап тегеурінін қалай анықтауға болады? 4. Сораптың пайдалы және толық қуатын қалай анықтауға болады? 5. Сораптың толық пайдалы әсер коэффиценті дегеніміз не? Сораптың көлемдік, гидравликалық, механикалық ПӘК-нің қатынасы қандай шамаға тең? 6. Геометриялық және вакуумды биіктікте сорудың арасындағы байланыс қандай? Мүмкін болатын вакуумметрлік биіктік қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –179 – 186 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 201 – 206 бет.
Дәріс 12. Ортадан тепкіш сораптар. Эйлер теңдеуі.
Дәріс жоспары.
1. Ортадан тепкіш сораптар. Құрылғысы, жұмыс істеу принципі, классификациясы.
2. Эйлер теңдеуі. Сорғының теориялық тегеуріні. Теориялық тегеурінге құрылымдық өлшемдерінің әсері. Пайдалы ағын.
3. Ортадан тепкіш сорғылардың теориялық сипаттамалары.
Сорап жұмыс істегенде сұйық жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалыспен; қалақша бойлап салыстырмалы жылдамдықпен және жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық векторы «» жылдамдық құрайтын екі вектордың геометриялық қосындысы.
1. ауыспалы жылдамдық векторы «» - жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады;
2. салыстырмалы жылдамдық векторы «»жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалады.
Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін Л. Эйлер енгізді, ол идеальды жұмысшы доңғалақ моделі шексіз жұқа қалақшалар және ағыс теориясының шексіз санынан шығады
.
Бұл теңдеуді барлық ортадан тепкіш машиналар үшін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген теңдеу, ортадан тепкіш сорап туғызған теориялық тегеурін сорап сорған сұйықтың қайдан шыққанына байланысты емес. Сонымен қатар, жұмысшы доңғалақтың диаметрін және айналыс санын жоғарылату, кез-келген жоғары тегеурінді туғызуы мүмкін. Қалақшалы сораптардың тегеуріні мен берілісі өзарабайланысты екеніне де көңіл аудару керек. Бір параметрін өзгерту екінші параметрінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Жұмысшы доңғалақтың қалақшалар түрі де сорап тегеурініне әсер етеді. Доңғалақтардағы калақшаларды, артқа қарай қайырылған, радиальды қалақшалы және қалақшалары алға қарай қайырылған деп бөледі. Ең жоғары теориялық тегеурін қалақшалары алға қарай майысқан жұмысшы доңғалақта пайда болады, ал ең кіші тегеурін қалақшалары артқа қайырылған қалақшаларда болады
Ортадан тепкіш сораптардың теориялық сипаттамасы, теориялық тегеурін нің беріліске тәуелділігін тағайындайды. Бұл сипаттама идеал сұйық және шексіз қалақшалар саны бар жұмысшы доңғалақ сипаттамаларын сәйкес келеді.
Өзін-өзі тексетру сұрақтары.
1. Бірсатылы ортадан тепкіш сораптардың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз және сұлбасын сызыңыз. 2. Ортадан тепкіш сораптар қандай белгілері бойынша жіктеледі? 3. Жұмысшы доңғалаққа кірерде және шыға берістегі жылдамдық параллелограммын тұрғыз. және бұрыштары неге тәуелді? 4. Жұмысшы доңғалақ пен спиральды камераның жұмыс істеу орны қандай? 5. Қалақшалы доңғалақтың негізгі теңдеуін жазыңыз. Ортадан тепкіш сорапта туатын теориялық тегеурін неге байланысты? Нақты тегеурінді қалай анықтайды? 6. Сораптардың теориялық сипаттамасын тұрғызыңыз. Сораптың теориялық тегеурініне жұмысшы доңғалақ қалақшаларының түрі қалай әсер етеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. – 154 – 174 бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –189 – 197 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 207 – 212 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |