ОӘК 042-18-14 23/01-2013 №2 Баспа 02. 09. 2013ж



бет2/3
Дата10.09.2017
өлшемі448,15 Kb.
#31985
1   2   3

Дәріс 4

Тақырыбы «Спутниктік геодезиялық жүйелер»



Заманауи геодезия мен геоинформатиканың есептерін шешімін табуға арналған жаңа спутниктік технологиялар. Геодезиялық өлшеулер мен кадастырлық жұмыстардағы спутниктік әдістің орны. Спутниктік технологиялардың түрлері . Қысқаша тарихи мәлімет
Геодезия мен геоинформатика есептерінің шешімін табуға арналған жаңа спутниктік технологиялар

Қазіргі уақатта геодезия мен картографияда пункттердің орналасу координаталары мен карта жасауда жаңа әдістерді қолданады. Көптеген ғылыми – техникалық және геодезиялық өндіріс ұйымдары , өлшеу қорытындысын шұғыл және электронды сандық карта тұрінде беретін спутниктік технологияны қолдануға көшті. Спутниктік позиционирлеу әдісі навигацияда, жүк және жолаушы тасымалдарында, мұнай және газ, құрылыс салаларында жиі қолданылады.



Әлемдік байланыс – бір немесе бірнеше әлемдік аппараттарда (ӘА), немесе бір немесе бірнеше жердің жасанды серіктерінде (ЖЖС), немесе космостағы басқа обьектілерде қолданылатын радиобайланыс.

Әлемдік жүйе – мақсатты анықтауда әлемдік байланысты қолданатын әлемдік станция (ӘС) және (немесе) жерлік станцияға біріктірілген кез келген топ.

Спутникті (серікті) жүйе (СЖ) – бір немесе бірнеше ЖЖС қолданатын әлемдік байланыс.

Спутникті желі – тек бір ЖЖС және олармен бірге әсер ететін жерлік станциялардан (ЖС) тұратын спутниктік жүйе немесе спутниктік жүйенің бір бөлігі.

Жергілікті станция – жерде орналасқан станция.

Спутникті сызық – бір ЖЖС арқылы таратқыш және қабылдағыш ЖС арасындағы радиосызық.

Әлемдік станция (ӘС) – ЖЖС немесе ӘА-да орналасқан станция.

Белсенді спутник – радиобайланыс сигналдарын ретрансляциялау немесе таратуға арналған тасушы ретранслятор (РТР) ЖЖС.

Шағылған спутник – радиобайланыс сигналдарының шағылуына арналған ЖЖС.

Әлемдік байланыс жүйесінің негізгі элементтері: орбиталардағы ЖЖС; жерлік станциялар; басқару орталығы (БО).

Геоақпаратты алып және өңдеудің жаңа әдісі, географиялық кеңістікті анализдеп және модель тұрғызуда қолданылатын географиялық ақпараттық жүйелердің (ГАЖ) дамуына себеп болды.

Спутниктік әдіс пен географиялық ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін толығымен қолдану үшін GPS құрылғысы ProMark3 шығарылды. Ол спутниктік өлшемдерді өңдейтін, векторлы карталар жасап, жеке арнайы таңбалар библиотекасын жинап, жұмыстың жоспарын құрып, базалық станциялардың мәліметтерін Интернет арқылы алуға арналған арнайы программамен жабдықталған. Осыған байланысты ProMark3 жүйесінің көмегімен геодезиялық, картографиялық жұмыстарды жүргізіп, географиялық ақпараттық жүйелерге мәліметтер жинап, топографиялық карталарды жаңартып тұруға болады. ProMark3 жүйесінің жұмыс режимін оператор басқару пультінен анықтап, басқара алады. Бұл аспапты тахеометрге қосымша ретінде қолдануға болады. Оның жадысын 2 гб-қа дейін артыруға болатындықтан, оған бірқатар векторлық карталар енгізуге болады.



Дәріс 5

Тақырыбы «Жаңа жоғары дәлділік өлшеу аспаптарының қолдануы»



Техникалық-инженерлік тахеометрлер, роботталған тахеометрлер, электронды теодолиттер, далалық контролерлер, сандық лазерлі нивелирлер, өлшеулерді тіркеу жүйелері.
Жаңа жоғары дәлділік өлшеу әдістері

Көп жылдар бойы әр түрлі тасымалдағыштардың орналасуын анықтау үшін спутниктік навигациялық жүйелер НАВСТАР мен ГЛОНАСС қолданылып келеді. Соңғы кездері НАВСТАР мәліметтері бойынша үш өлшемді координаталарды анықтау дәлдігін жоғарылататын жаңа технология С-NAV – глобальді навигациялық жүйе пайда болды. Бұл жүйе станцияларында 2- жиілік фазалық қабылдағыштар қолданып, есептеулер мен түзетулерді навигациялық спутниктердің уақыт шкалаларына шынайы ағындағы уақытта жібереді. Жоғары дәлділік спутниктік сервистің пландық орналасу дәлдігі – 0,15-0,20 м, ал биіктік орналасу дәлдігі -0,30-0,4 см (95%). Кеңістікте координаталарды анықтайтын спутниктік навигациялық аппаратура қара жәшік тәрізді жасалған. Кез – келген осындай спутниктік аппаратура геодезиялық координатаны ендік, ұзындық және геодезиялық биіктік түрінде есептей алады. Геодезиялық тірек пунктерінің негіздерін жиілету және жоғарғы дәлдікті талап ететітін геодезиялық түсірістерде заманауй геодезиялық аспаптар қолданылуы тиіс. Электронды тахеометр – жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық – оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашықтықты, горизонталь және вертикаль ағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні – далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады.

Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу

қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде

атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін

түзетудің автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына

шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу

және күту жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы бар.

Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы жинағышқа

шығарылуына мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне

және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады,

оларға:

- жәй электронды тахеометр;

- орташа класты электронды тахеометрлер;

- сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.

Жәй электронды тахеометр – бұл аспап дәстүрлі геодезиялық

өлшеулерді (арақашықтық, өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар.

Деректерді ішкі жадыға немесе қосымша жадыға жазады. Мұндай

аспаптардың бұрыштық қателігі 5- 6, ал арақашықтықтікі 3-5мм құрайды. Бір призма бойынша арақашықтықты өлшеу қашықтығы 1100-1500 метрді құрайды.



Аспап әр түрлі компьютерлік есептеу программалардың

басқаруымен жұмыс істейді. Автоматты көздеудің ұзақтық режімі 12 км. Бұл

аспаптар арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер

жүргізе алады. Сонымен қатар бұл аспап қашықтықтан басқарылатын

(өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Оған Target ID

шағылдырғышы жатады, қажетті нысананы ешқандай қиындықсыз тауып,

уақытты үнемдейді. Бұл шағылдырғыш тахеометрге өзінің орналасқан

жерінен сигнал жіберіп аспаптың тез табуына мүмкіндік береді. Target ID –

бұл қадаға орнатылған құрал, Tracker функциясы қажетті призманы тез

тауып, ID кодын сәуле арқылы жібереді. Американдық Trimble SPSx10

сериясының тахеометрлері SurеPoint технологиясымен - яғни призмаға

бағыттауда автоматты түрде түзету жүйесімен қамтылғын. Бұл технология

аспап немесе штативтің теңселуінен болған қателерді түзетеді. Дәлірек

айтқанда, аспаптың жұмыс істеу кезіндегі жағдайын бақылайды.

Дәріс № 6

Тақырыбы «Жер асты коммуникацияларын іздестіру аспаптары»



Жер асты геодезиясы (марншейдерия) — жер астында және жердің жоғарғы қабаттарында жүргізілетін арнаулы геодезиялық жұмыстар.Мысалы, шахтада, карьерде, метро және т.б.

Георадар. Биік ғимараттардың геодезиялық мониторингісінде Trimble есептеуіш кешені арқылы спутниктік геодезия әдісімен шешімдерін табу.
Сандық технологияны қолдану арқылы жасалған жаңа геодезиялық аспаптар.

Қазіргі уақытта техника саласында жаңа құралдар мен технологиялардың пайда болуымен қоса, ескі аспаптарда жаңартылып отырады. Мысалы, соңғы 10 жыл ішінде теодолитпен дальномерден құралған электронды тахеометр топографиялық және кадастрлық түсірістерде қолданыла бастады.

Бұндай өзгерістер электронды тахеометрге қосымша программа, және шағылыспайтын дальномерлер қолданғаннан кейін пайда мүмкін болды. Көптеген қолданбалы есептерді шешуде қолданылатын электронды тахеометр - программалық және ақпараттық кешеннің негізі болып саналады. Электронды тахеометрлердің моторланған модельдерінің негізінде, адамның қатысуынсыз алдын – ала орнатылған бағдарлама бойынша объектілерге үздіксіз мониторинг жасайтын толығымен роботталған станциялар құрылған.

Тахеометрмен қоса GPS құралдары да кеңінен қолданыла бастады. Осындай аспаптар қатарына Focus 10, Trimble TS525, SP Focus 4, Trimble M3, және де Trimble R3 GPS жүйесі кіреді.



ГЕОФИЗИКАЛЫҚ БАРЛАУкен байлықтарын іздеу және барлау мақсатында Жер қыртысының құрылысын физ. тәсілдермен зерттеу. Геофизикалық барлауда физ. өрістер (гравитациялық, магниттік, электрлік, термиялық, т.б.) түрлі аспаптар арқылы зерттеледі. Ол өрістердің әсерін жер бетінде (құрлықта, теңізде), жер астында және ауада өлшеуге болады. Алынған мәліметтер бойынша жер қыртысының құрылысы, ондағы кен байлықтарының негізгі қасиеттері (түрі, қалыңдығы, жатқан тереңдігі, т.б.) анықталады. Нәтижесінде қымбатқа түсетін бұрғылау және қазба жұмыстарын жеңілдетуге, олардың бағытын дұрыстап алуға, сөйтіп, кен барлау жұмыстарына кететін шығынды едәуір азайтуға болады. Геофизикалық барлау кен байлықтарының түріне және оны анықтауда пайдаланылатын физ. өрістердің қасиеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді: 1) гравиметрия әдісі жер қыртысының қалыңдығы, тығыздығы және пішініне байланысты ауырлық күшінің әр жерде әр түрлі болуына негізделген. Кен барлауда гравиметр аспабы қолданылады; 2) магнитометрия жердің магнит өрісін анықтайтын әдіс (мыс., Соколов-Сарыбай темір кені осы әдіспен табылған); 3) электрометрия әдісі түрлі тау жыныстарының электр өткізгіштігі әр түрлі болуына негізделген. Бұл әдіс, көбінесе жер бетіне таяу жатқан кендерді барлауға қолданылады; 4) сейсмометрия әдісі жарғыш заттардың (тротил, мылтық дәрісі, т.б.) қопарылысынан немесе мех. соққыдан туған серпімді тербелістің тау жыныстарынан өту жылдамдығын өлшеуге негізделген; 5) геотермиялық әдіс тау жыныстарының жылу өткізгіштігі әр түрлі болуына негізделген; 6) ядр. геофизика әдісінде тау жыныстарында болатын табиғи радиоактивті сәулелердің (көбінесе, гамма-сәулесінің) элементар бөлшектермен (нейтрон, протон, электрон) әсерлесуі түрлі аспаптармен өлшеніп, қорытындылары салыстырылады. Элементар бөлшектердің жасанды ағынын туғызу үшін радиоактивті изотоптар қолданылады. Кен байлықтарын Геофизикалық барлау әдістерімен іздегенде табиғи және жасанды физ. өрістер зерттеледі. Өлшеу жұмыстары физ. өрістердегі шамаларды өте үлкен дәлдікпен өлшейтін электрондық, радиотех., мех. және оптикалық күрделі приборлардың көмегімен атқарылады.

Ғимараттардың мониторингісінде Trimble есептеуіш кешені арқылы спутниктік геодезия әдісімен шешімдерін табу.

Бұл әдіс GPS қабылдағыштармен алынған, мысалы спутниктік үздіксіз бақылау файлдарын 30 минут интервалмен бөлу арқылы орындалады. Қорытындысында біз әр 30 минуттік дәуірге ғимараттың төбесінде орналасқан реперлердің кеңістіктегі координаталарын аламыз. Бұл әдістің негізгі қасиеттері: өте жоғары дәлділік, жоғары сезімталдық, барлық жұмыс этаптары автоматтандырылған, және салыстырмалы арзан бағамен алуға болады. Бұл әдіс өлшеу- есептегіш Trimble кешенімен орындалады, оның құрамына: Екі 2 жиілік GPS қабылдағыштар Trimble 5700, екі антенна, контроллер, арнайы программа, және қосымша программалық модуль кіреді. Кешенге кіретін қабылдағыш энергияны аз қажет ететін фазалық 2 жиілік GPS. GPS қабылдағыштың өте үлкен жадысы бар.



Дәріс № 7

Тақырыбы «Сандық фотограмметриялық технологиялар»



Қашықтан барлау материалдарын өңдеуге жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Картографиялау және мониторинг жүргізу кезінде космостық суреттердің қолданылуы.

Сандық  фотограмметриялық жүйе. 20-шы ғасырдың соңында   үлкен жадтың көлемдерi бар және жылдам әрекетті компьютерлердің пайда болуы, компьютерлік графика төңiрегiдегі табыс және суреттердi жазудың сандық әдiстері фотограмметриялық техниканың жаңа түрiнiң жасалуына әкелді, ол – сандық фотограмметриялық жүйе (СФЖ), 21-ші ғасырдың басында оптика-механикалық және аналитикалық құралдарды алмастырған.

СФЖ - бұл әуеғарыштық және жер бетiндегi фототүсiрудi фотограмметриялық  өңдеу үшiн арналған аппаратты – бағдарламалық кешен. Фотограмметриялық  жүйені «сандық» деп атау себебі, онда сандық түрде көрсетiлген суреттер өңделеді.

Сандық фотограмметрия дегеніміз сандық фотограмметриялық суреттерді өңдеудің аналитикалық әдiсіне жататын фотограмметрияның бөлiмі. 


             Сандық технология. Сандық фотограмметрия, қабыршақта, қағазда немесе шыныда физикалық суреттердi қолдануға қарағанда, компьютерде суреттi  сандық  қалыпта өңдейді. Сонымен қатар фотографиялық сурет дигитализациялық немесе сканерлеу жолымен сандық қалыпқа түрленеді. Әр түрлі сақтаушыларда орналасқан арнайы камерадан суреттерді тiкелей сандық  қалыпта  алуға  болады.

Сканерлеу арқылы сурет пиксель деп аталатын белгілі бір мөлшердегі ұсақ, тең аудандарға бөлінеді. Әрбiр мұндай аудан түс және түстiң тығыздығының қатынасындағы жеткiлiктi мәлiметті (клетка тәрiздi) құрайды. Сандық фотограмметрияда нәтижелер дәлдiгі сканерлеудің  рұқсатын жоғарылатуымен өседi. Пикселдiң өлшемi аз болған сайын нәтиже дәлірек болады.

Сандық  фотограмметрия өңдеудi жеңiлдету және дайын компьютерлердi қолдану арқылы фотограмметрия өнiмiнiң қолдану  шектерiн кеңейтедi. Сандық фотограмметрияның перспективті облыстары болып табылады: 
          - стереоскопиялық өлшем үшiн суреттердiң сәйкестігін қолданатын фототриангуляцияны  құрастыру;  
          - жердiң сандық үлгiлерiнiң ықшамдалған генерацияларын алу;  
        - ортофотопландар;  
           - әр түрлi тақырыпты карталарды, көздеу сызықтарының карталарын жасау;  
          - перспективалы көзқарас арқылы пiшiндеу.

Жоғары  рұқсаты бар экрандар  25 мкм  және одан да аз өлшемдi пиксель үшiн  жеткiлiктi көру аймағын қамтамасыз етедi. Суреттi сканерлеу үшiн қазіргі кезде көптеген сканерлер жасалған. Арнайы фотограмметриялық сканерлер жоғарғы өнiмдi және аса тиiмдi. Олар тұтас пленкаларды да (фильмдер) және жеке суреттерді де сканерлейді. Стационар камераны бойлай жылжитын,  кейбiр сканерлердiң конструкциялары пластинасы бар жоғары дәлдікті плтформа принципінде негізделген. Тiк төртбұрышты массивпен бекiтiлетiн аймақтар қайтадан есептеуді талап етпейдi. Сканерлердiң жақсы үлгiлерi 1 мегапиксель/с астам өнiмдiлiк алады. 15 мкм рұқсатымен  бiр түссiз аэросуреттiң сүзiп шығуы 4 мин ішнде орындалуы мүмкін. Суреттің форматы 260 х 260 мм,  пикселдердiң өлшемдерi  4-тен

20 микронға  дейін. 

Сандық  фотограмметрияның аппаратты –  бағдарламалық құралдары. Сандық фотограмметрия үшін  қазіргі замандағы бағдарламалық  өнімдерге жатады: аппараттық – бағдарламалық Дельта кешені (1998 жыл). Ол суреттердің стереофотограмметриялық  өңдеуінің барлық функцияларын жүзеге асырады және мәлiметтi алуы мен стереоскопиялық көрінісін келесі түрде  көрсетеді:  


           - базистiк және топоцентрлік координаталар жүйесіндегі сандық полутонды стереоскопиялық  геометриялық  үлгiсi;  
           - жер бетi және объектілердiң жер бедері нүктелерінің үш өлшемдi құрылымдық  сипаттамасы;  
            - көлденеңдер немесе профильдер арқылы жер бедерінiң екi өлшемдi сызықты  сипаттамасы;  
           - жердегі нүктелер биiктiгінің матрицалық сипаттамасы.

«Сандық стереоплоттер» келесi негiзгi тәртiпте  жұмыс iстейдi: «жоба», «сурет», «бағдарлану», «стереоөлшем», «стереоредактор». «Сандық  стереоплоттер»  Windows 95 ортасында  жұмыс iстейдi.  Жоғарыда аталған  модульдер нақты есептердi шешедi, соның iшiнде: 


           - монокулярлық тәртіпте жеке сандық суреттер нүктелерiн өлшеу;  
           - стереожұптың тiрек нүктелер координаталарын өлшеу, стереожұптардың және үлгiлердiң сандық суреттерiнiң iшкi, өзара және сыртқы параметрлерiнiң бағдарлануын есептеу;  
           - түсiрудiң нормалды  жағдайының базистiк жазықтығына бастапқы сандық фотографиялық суреттердің құбылуы;  
           - жердің  нүктелер координаталарының стереоскопиялық визуалды және автоматты   өлшеу.

Жерді пайдалану  жоспарының  жаңарту әдiстемесі: 


           - сандық фотограметриялық станцияда фототриангуляцияның архивті моделін орнату;

          -сақталған контурларды табу үшін аймақты тексеру;

          - кері сызықытық-бұрыштық кертпені шешу үшін мәліметтерді алу мақсатында осы нүктелерді бақылау;

          - фототриангуляцияның жалпы блогында нүктелердің теңестірілуі;

           - жаңа контурлардың орналасуын есептеу және оларды сандық планға салу.

Соңғы 10 жылда сандық фотограмметриялық технологиялар тәжірибе жүзінде барлық фотограмметриялық әдістер мен технологиялардың орнын басты. Сонымен қатар қазіргі кездегі сандық технологиялар сандық түсірістердің барлық мүмкіндіктерін қолданбағаны да анық. Қазіргі сандық технологиялар түсірістің сандық өңделуіне негізделсе де, бұрынғы аналогтық және аналитикалық әдістердің көшірмесі болып табылады. Оның негізіне сүйене отырып, принципиальді жаңа фотограмметриялық технологияларды құрастырып шығаруға болатын сандық көріністердің кейбір қасиеттерін жеке қарастыруға болады.

Сандық түрдегі түсіріс – бұл ақпараттардың жаңа түрі. Оның оптикалық және фотогафиялық әдістерден ерекшелігі, ол


  • сандық технологиялы түсіріс дискретті;

  • сандық түсірістің шығуы барысында бейненің шартты элементінің жарығының өлшеуі жүреді;

  • осы элементтердің координатасын өлшейді;

  • сандық бейне метрикалық, геометриялық, және фотографиялық планда қарастырылады.

  • сандық түсіріс өзіндік жеке координаттар жүйесін түзеді.

Өлшеу шкалалары элементтердің көлемдерімен анықталады, ал шкалалардың өлшеу тұрақтылығы элемент көлемінің тұрақтылығымен анықталады.

Сандық технологиялы түсіріс – сандық бейнелердің координаттар жүйесінде салынған шартты бейненің жарығының өлшенген нүктелер жиыны. Яғни алынған бейнелердің геометриялық және фотограмметриялық өлшеу нүктелерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер сандық бейненің құралу процесінде пайда болатындықтан сандық бейненің имманентті қасиеттері болып табылады. Осы ерекшеліктерге байланысты бейнелер каналдық байланыс бойынша кедергісіз беріле береді.

Сандық фотограмметриялық өлшеулерді жүргізу үшін арнайы өлшеу жүйелері қолданылады. Ол жүйеге координаттар жүйесі, өлшеу шкалалары және нүктелік өлшеу маркалары, стереоскопиялық бақылау құрылғылары кіреді. Осы сандық жүйеге негізделіп стереобақылаусыз автоматты режимде координата нүктелір анықталатын SDS санды стереоплоттер шығарылды. Ол нүктелер мен контурларды, қосымша тірек нүктелерін және т.б. анықтау үшін қажет. Көптеген сауда ұйымдарының және кәсіби геодезиялық құралдар шығаратын фирмалардың арасынан Laser build (ООО «Стройлазер») компаниясы Leica geo Systems AG Швейцария компаниясымен бірігіп сандық негіз бойынша Leica деген атаумен геодезиялық құрылғылар шығарды. Laser build ассортиментінде сандық лазерлі дальномерлер, сандық оптикалық, сандық лазерлік нивелирлер, құрылысқа, топографиялық түсірістерге, кең көлемді есептер шығаруға арнлған электронды сандық тахеометрлер, сонымен қатар спутниктік құрылғылар кездеседі.

Дәріс 8

Тақырыбы «Жердегі лазерлік сканерлеу технологиясы»



Лазерлік сканерлеу технологиясының өнеркәсіпте, топографияда қолданылуы. Лазерлік сканерлеу және сандық аэротүсіріс. Лазерлік спутниктік дальномерлер. Горизонталь және вертикаль жазықтықтарды лазермен тұрғызу.Лазерлі позиционирлеу жүйесі.

Көптеген жылдар бұрын сандық картографияға пакет ретінде құрылған Digitals қазіргі кезде жерге орналастыруда белсенді түрде қолданылады. Оның жаппай қолданылуы колхоз жерлерін бөлу кезеңінде, яғни 90-шы жылдардың аяғында басталды. Содан бері программа белсенді дамып жəне жаңа мүмкіндіктерімен толықтырылып отырды.

Нəтижесінде толық жетілген жерге орналастырудың ГАЖ-на айналды.

Мықты картографиялық ядро бір картада мыңдаған растрлық бейнелерді жəне шартты белгілерде жүз мыңдаған векторлық объектілерді қолдануға мүмкіндік берді:

технологиялық тізбекті толығымен қолдау, яғни геодезиялық өлшеулерді өңдеуден бастап техникалық құжаттарды басылымнан шығаруға дейін; файлдарды ГАЖ-дың танымал форматтарында оқу жəне жазу. Игеруде қарапайымдылығы жəне ресурстарды қажет етпеуі. Міне, осы негізгі факторлар программаның таралуын қамтамасыз етті.

Бірнеше мыңдаған ұйымдар, жерге орналастыру институттары мен кішігірім геодезиялық фирмалар осы программаны өзінің жұмыс аспабы ретінде таңдады.

Digitals-тың алғашқы версиясы 1992 жылы пайда болды жəне ол сандық карталарды қағаздық түпнұсқадан дигитайзер көмегімен дигитализациялауға арналған. Сонымен қатар программаны картаның аэротүсірістері бойынша стереоқұруларға қолданған.

Жер бетінде лазерлік сканерлеудің құрылыс технологиясының басты мақсатына

белгілі бір жердің немесе бір орынның координаталық нүктесін табу болып саналады. Бұл өлшемді жүзеге асыру үшін көлеңкесі түспейтін лазерлеудің көмегімен нүктелердің арақашықтығын табуға мүмкіндік береді. Әрбір лшемнен кейін дальномер сәулесі оған дейінгі өлшемнен ауытқитыны оншалық, түйіннен, бірқалыпты тордан сканерлеу матрица арқылы өтеді. Матрицаның жол саны мен бағана санын керек шамада өзгертіп отыруға болады. Матрицаның тығыздығы жоғары болған сайын, берілген бір жердің үстінен қарағандағы нүкте тығыздығы жоғары болады. Өлшеу өте қатты биік мыңдаған жылдамдықта жасалады, тіпті бір секундта он мыңдаған өлшеулер жүргізіледі

Өзінің құрылысы мен технололгиясының сипаттамасының арқасында Leica HDS 4400 лазерлік сканер ұсынылды. Бұл сканер жер бетінде жүргізілетін жұмыс, карьерлер, тау –жыныстарын зерттеу үшін арналған. Яғни, аса көтеріңкі шаң – тозаң мен төмен температурадағы қоршаған ортаға ыңғайлы. Бұл құралмен жұмыс жасау арнаулы бағдарламалар орнатылған портативтік компьютер арқылы жүзеге асады. Табылған координаталық нүктелердің мағынасын ашу үшін сканерден компьютерге интерфейстік кабель арқылы беріліп, арнайы жадыда сақталады. Тағы бір айта кететін жайт, сканерден

алынатын деректер мен мәліметтер көлемі үздеген мегабайт, ал кей кезде тіпті

гигабайтқа жетеді. Әрбір станцияға сканерлер(сканерпозиция) орнатылып, нүктелерді ең аз тығыздықта лазерлік шағылыстырғышпен кескінді сканерлеу жүргізіледі.
Дәріс № 9

Тақырыбы «Геоақпараттық білім: туындайтын қиындықтар, бағыттар және даму мүмкіншіліктері»



Жерді қашықтан барлау мәліметтерінің қолданылу салалары және өңдеу

технологиялары.
Геоақпараттық білім: қиындықтары және даму мүмкіншіліктері

Геоақпараттық (ГАЖ) технологиялар, территориальді қиындықтардың анализі мен шешімін табуға жаңа эффектілі қадам болып саналады. Ал сандық гео- кеңістіктік ақпарат экономикада, табиғаттың, политиканың және экологиялық дамуы мен басқаруында, және т.б.салаларда ең маңызды орын алып отыр. Жоғары эффектілі ГАЖ-де білім беру – бұл саланың болашақтағы дамуының негізі болып табылады. Сонымен қатар дұрыс координатталмаған, ұйымдастырылмаған жұмыс, жаңарту, тарату, және сандық геокеңістік мәліметтерін қолдану – бұл өте маңызды проблемалар болып табылады. Бұл проблемаларды шешу үшін кәсіби мамандар мен кадрлар дайындау керек.

Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) кеңістіктік құрамдастың негізінде алуан текті деректер мен ақпаратты біріктірудің негізі ретінде,әкімшілік шешімдер қабылдауға арналған негізгі элемент болып табылады. Инфрақұрылымды,табиғи ресурстарды, қоршаған ортаның күйі мен жалпы алғанда аумақтарды тиімді басқару, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тек қана ГАЖ интеграциялау қабілетіне негізделеді. Бүгінгі таңда Компания ГАЖ/ДҚБЖ технологияларыын негізге алған қазіргі заманғы бірқатар ақпараттық жүйелерді әзірлеп, бірнеше ірі қазақстандық мұнай компаниясының өндірісіне ендірді.

еңістік бойынша үлестірілген ақпаратты басқару, талдау мен өңдеу бойынша бағдарламалық құралдарды әзірлеу:


  • Қоршаған ортаны қорғау мен байқау саласындағы бағдарламалық құралдарды әзірлеу және ендіру.

  • Инфрақұрылымды және табиғат қорғау ақпаратын автоматтандыру мен басқару міндеттері үшін ҰҒЗ әзірлеу және жобаларды«сақадай сай» тапсыру.

Төмендегі мақсаттарда түрлі геоэкологиялық және ресурстық ақпаратты басқаруға арналған кеңістіктік деректердің электрондық жүйелерін әзірлеу:

  • аумақтық басқарушылық және жобалық шешімдерді негіздеу;

  • табиғатты қорғау қызметін басқару;

  • экологиялық және кеңістіктік бақылау мен байқауды жүзеге асыру;

  • кеңістіктік құрамдастың негізінде деректерді есепке алу, түгендеу және бір жүйеге келтіру.

Төмендегілер үшін қолданбалы қорларды әзірлеу:

  • ақпаратты жүйелендірген түрде сақтау және басқару;

  • табиғатты пайдаланушылар мен бақылаушы ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінің жұмыстарын кешенді түрде автоматтандыру;

  • қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласында ақпараттық қолдау көрсету.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет