Дәріс № 10
Тақырыбы «Заманауи тахеометрлар, түрлері және ерекшеліктері»
Электронды тахеометрлер. Жердегі фазалық геодезиялық дальномерлер. Арақашықтықты шағылыспайтын дальномер арқылы дәл есептеу. Нивелирлеу үрдісін автоматтандыру.
Арақашықтықты шағылыспайтын дальномер арқылы дәл есептеу. Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық тахеометрдің құрылымындакодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады. Электрондық тахеометрдің көмегімен биікайырымды анықтау, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай- ақ жарықтың ауада таралу жылдамдығы үшін түзету автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометржинағына шағылдырғыштар, штативтер, қоректендіру көздері, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күтіп-баптау жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы болады. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.
Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға мүмкіндік туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ-ы арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған. Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбек өнімділігін арттырады және есеп алушының қателерін азайтады. Топографиялың түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық тахеометр құрылысы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған ЭЕМ-нан тұрады. Бұрыш өлшеуіш бөлігімен горизонталь және вертикаль бұрыштар өлшеніп, сәулелі арақашықтық өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әр түрлі геодезиялық есептерді шығаруды, аспаптың жұмысын басқаруды, өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды сақтауды қамтамасыз етеді. Мысал ретінде Ресейде шығарылатын (1-сурет) электрондық ТаЗМ тахеометрін атауға болады: ол арқылы горизонталь бұрыштарды, зенит аралығын, көлбеу аралықты 10 мм үйлеспеушілікпен анықтауға болады және горизонталь салындылар, өзара биіктіктер, көздеу биіктіктері, координата өсімшелері немесе көздеу нүктелерінің координаталары анықталады. Аспап үш режимде жұмыс істей алады: жекеленген, жартылай автоматты, автоматты және бақылау режимінде. Геодезиялық есептер атмосфераның рефракциясын, жердің қисықтығын, температураны, қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктіктерінің айырмашылықтарын есепке ала отырып шығарылады. Бұрыштық өлшемдер градустар мен гон арқылы өлшенеді. Аспаптың бұрыштың сезгісі кодты жинағыш типті болып келеді. Тахеометрдің жиынтығында шағылыстырушылар, штативтер, ток көзі, заряд беру, зарядты жою құрылғылары, аспапты түзету және күту жабдықтары кіреді. Түнде жүмыс істеу үшін ТаЗМ тахеометрі электр жабдығымен қамтамасыз етілген. Цифрлық таблоға түсетін оперативтік ақпаратты тахеометрдің жадысына немесе сыртқы жинағышқа енгізуге болады. Ресейде шығарылатын 2Та5 тахеометрі ТаЗМ атқаратын жұмыстарды орындайды, бірақ оның техникалық сипаттамалары өзгеше: горизонталь бұрыш өлшеу қателігі - 5", зенит аралығын өлшеу қателігі - 7", көлбеу аралықты өлшеу қатесі - (5+3 D км) мм. Шетелдік фирмалар (АҚШ, Германия, Швеция, Жапония және басқа) бұрыш өлшеу дәлдігі 0,5-тан 20"-қа дейін, арақашықтық өлшеу дәлдігі 2-ден 10 мм-ге дейін, ішкі жады 10000 нүкте бойынша бақылау нәтижелерін сақтай алатын әр түрлі электронды тахеометрлер шығарады. Роботталған электронды тахеометрлер де баршылық, мысалы, «Геотроникс» (Швеция) фирмасының «Геодиметр-640» электронды тахеометрі берілген бағдарлама бойынша шағылыстырушылардың орнын өзі таба алады, оларға дейінгі аралықты, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейді және әр шағылыстырушының координаталарын есептейді. Карьерлерде бұндай аспаптардың көмегімен карьер ернеулерінің, кертпештерінің деформацияларын анықтайды. Соңғы кездері арақашықтықты шағылыстырғышты қолданбай өлшеу мүмкіндігі пайда болды. Бұл әдістің өлшеу дәлдігі шағылыстырғыш призмаға дейінгі аралықты ғана өлшейтін дальномерге қарағанда өте жоғары. Шағылыспайтын дальномерлерде екі негізі оптикалық жүйе қолданылады: фокустелетін және фокусировкасыз. Фокусировкасы бар жүйе ғана жарық көзіне бағытталған бейненің анық суретін бере алады. RLM әдісі қиын жерде орналасқан объектіні өлшегенде, биік объектілерде, өлшеу мостиктерінде өлшеу, және т.б қолданылады.
Жалпы оның құраушылары туралы барынша нақты әрі әртүрлі жоспардағы ақпарат алуға мүмкіндік беретін жаңаша әрі барынша дәл геофизикалық жабдықтар (лазерлік тахеометрлер, 3D сканер, барынша дәл көп жілікті GPS, сондай-ақ георадар) қолданылды.
Дәріс № 11
Тақырыбы «Доплерлік үлгідегі спутниктік жүйелер (TRANSIT және т.б.), олардың кемшіліктері»
Спутниктік қабылдағыштардың түрлері. Даму бағыттары . Спутниктік қабылдағыштың негізгі функциялары .
Байланыстың спутниктік жүйелері (БСЖ) – РБ регламентіне сәйкес барлық (БСЖ) келесі РБ қызметтерінің құрамында қолданылатын жүйелер. Олар:
тіркелген спутниктік қызмет – тіркелген пункттерде орналасқан жердегі студиялар арасында байланысты ұйымдастыруға арналған;
жылжымалы БСЖ – жылжымалы ЖС арналарында бір немесе бірнеше спутниктер көмегімен байланыс орнатуға арналған. Жылжымалы БСЖ құрғақ жердегі, теңіздік және әуелік болады;
радиоқабылдағыш БСЖ – теледидарлық және дыбыстық хабарлау бағдарламаларын жалғыз (жеке қабылдау) не бір топ (ұжымдық қабылдау) абонентке аралық техникалық құралдарды (телеорталық) қолданбай таратуды қамтамасыз етеді. Оның тарату жылдамдығы үлкен, бірақ РРЛ-ға қарағанда бағасы да үлкен. БСЖ-да теледидарлықжәне дыбыстық хабарлау бағдарламаларына қарағанда 3 түрлі жағдайды білу керек: а) екі бірдей ЖС арасында хабарлау бағдарламаларымен алмасуға арналған ЖСБ; ә) таратушы желіні құрайтынды ЖС нақты сандар арасында хабарлау бағдарламаларын циркуляцияларды таратуға арналған ЖСБ; б) хабарлау бағдарламаларын ұжымдық қолданудағы ЖС-ныңанықталмаған немесе көп саны арасында және тікелей жеке абоненттік қабылдау құрылғылары арасында таратуға арналған ЖСБ. Алғашқы екі жағдайдағы ЖСБ-ны аумағы үлкен мемлекеттерде бағдарламалар көзіне алшақ орналасқан хабарлаудың жер үстіндік құралдарына хабарлау бағдарламаларын жіберу немесе алмасу үшін ұйымдастырады. "Орбита" студиясы осыған мысал бола алады. Соңғы жыл-дарда ЖСБ спутникті хабарлау жүйесі қызығушылық тудырып отыр. Себебі, қызмет көрсету кезінде экономикалық жағынан тиімді. Қамтитын аумағына, қатыстылығына және мақсатына қарай барлық ЖСБ және ХСЖ халықаралық, ұлттықжәне ведомстволық болып бөлінеді: а) халықаралық ЖСБ – әртүрлі континенттерде орналасқан елдерге қызмет көрсету үшін қажет. Мысалы, "Интерспутник", "Интелсат"; ә) ұлттық ЖСБ – бір мемлекеттің аумағына қызмет ету үшін керек. Аймактық ЖСБ – мемлекеттен тұратын жердің бөлігіне қажет. Мысалы, Батыс Еуропаның бірқатар ел-деріне қызмет көрсетуі үшін "ETELSAT" жүйесі, араб елдері үшін "ARABSAT" жүйесі қолданылады. ә) ведомстволық ЖСБ – қандай да бір ведомстволыққызмет фирма үшін байланыс орнатуға керек. Спутникті байланыстар арнайы және көпфункционалды болып болінеді. Арнайы – бір мәселені шешуге арналған спутниктер. Көпфункционалды – әртүрлі ақпаратты қамтамасыз ететін және кен колданыека ие болатын спутниктер. Қазіргі заманғы спутниктерге геостационарлық орбита қолданылады. ТМД елдерінде элипстік орбита қолданылады. ЖС төмендегі түрлерге бөлінеді: а) қабылдау-таратушы ЖС – көпарналы телефон хабарламаларын дуплексті таратуды және хабар тарату бағдарламаларымен ауысушы ЖС. Бұл түрдегі ЖС тіркелген спутниктік қызмет жүйесінін кұрамындагы циркуляры хабарлау бағдарламаларын қабылдау үшін де қолданылады; ә) қабылдаушы ЖС – ХСЖ құрамында Жердей спутникке циркулярлықбағдарламаларды жіберуді іске асыратын ЖС. Егер таратушы ЖС ХСЖ-ныңқызмет аймағында болса, онда сигналды басқару мақсатымен, оның соңынан қабылдау құрылғысын қояды.
Дәріс № 12
Тақырыбы «Геодезиялық өлшемдерді өңдеу кезінде қолданылатын заманауи программалар»
Базалық станцияларда, контроллерларда және лазерлі сканерлеуде қолданылатын арнайы бағдарламалар. Геодезиялық тапсырмаларды шешуде қолданылатын бағдарламалар.
Аэросуреттерді өңдеуде «Талка» программасын қолдану
Нарықтық экономикаға механизмдердің енуіне байланысты, қазіргі уақытта нақты және тез арада фотопландар мен фотосхемалар алу үшін көптеген фотограмметриялық станциялар пайда болды.
Берілген суреттермен жұмыс істеу әдістері әрдайым жетілдіріп отырады, осыған байланысты суреттерді компьютер экранынан көру қазіргі күнде үйреншікті болып отыр. Талка программасының көмегімен біз суреттерден өзімізге қажет мәліметтерді құра да, өзгерте де, өңдей де, анализ жүргізе де аламыз. Талка программасында өңдеу нәтижесінде фотоплан, фотосхема және т.б. аламыз.
Фотограмметриялық өңдеу процесстерімен ерекшеленген «ЦФС -Талка» программасы еңбек нарығына шыққанына 7 жылдан асты. Бүгінгі күнде «Талка» программасы ең жақсы программа болып табылады. Программамен жұмыс жасау қарапайымдылығы оны қысқа мерзімде меңгеруге мүмкіндік береді, және көптеген өзіндік ерекшеліктері көмегімен кез- келген картографиялық материалдар алуға болады. Программа үлкен аэрогеодезиялық өнеркәсіптерде, шағын компанияларда қолданылады.
«Талка» программасы аэротүсіріс материалдарымен қоса космостан түсірілген сандық суреттерді өңдеуге арналған.
«ЦФС-Талка» өңдеулерді толық циклден өткізеді: фотосуреттен дайын электронды және қағаз карталарды алады.
Сонымен Талка программасы космостық және аэросуреттерді қолдана отырып сандық фотоплан, ортофотоплан, фотосхема және рельефтің сандық моделін жасауға арналған.
«Талка» программасында бір уақытта 13000 дана суретті өңдеуге болады. Сонымен қоса бір жобада әр түрлі масштабтағы, әр түрлі фокустық арақашықтықтағы, космо- және аэротүсіріс суреттерді өңдеу мүмкіндігі бар. «ЦФС -Талка» электрондық карта және план жасауда барлық жұмыс кешенін жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта 30 шет елдің және 4 ресейлік сандық фотограмметриялық станциялар жұмыс істейді. Бұл программалармен салыстырғанда «Талка» программасының өзіндік ерекшеліктері жеткілікті.
Ерекшеліктерін атап өтетін болсақ, ол біріншіден маршруттық схема. Біз суретті экранда қалай көргіміз келсе, солай орналастыруымызға мүмкіндік туғызады. Рамканың орналасуы. Тіреуіш нүктелерін өлшеуде тапсырмаларды форматтап, және тіреуіш нүктелерсіз өңдеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Із форматы – бұл блокты фототриангуляцияның басты форматы. Тіреуіш нүктелерінсіз фотаға түсіру центрінен теңестіру және ішкі бағдар жүргізе аламыз. Геоцентрлік координаталар жүйесінде блокты фототриангуляция жүргізуге мүмкіндік береді. Ортофотоплан тұрғызудағы пакетті режим. Талка программасында фотоплан беттерінің бөлігін бірнеше фотосуреттер бойынша дайындап, одан кейін оны компьютерде өшіріп, фотоплан беттерін тұрғызады.
Талка программасында өңделген электрондық карта және рельефтің сандық модельдерін экспорттау арқылы басқа форматтарда және AutoCad, MapInfo, Нева, Панорама программаларында қолдануға болады.
ЦФС –Талка программасы электрондық карта мен план жасауда шартты координаттарды өңдеп, пландық және биіктік нүктелерінің координаталары белгісіз болған жағдайда да өңдеу жұмыстарын жүргізе беруге мүмкіндік береді.
Программада қайталанылатын барлық процесстер автоматтандырылған, Рельефтің сандық моделін автоматты режимде жасауға мүмкіндік береді. Автоматты түрде горизонтальдар, горизонталь жазулар, биіктік белгілері жасалынады. Егер жоба үлкен болса, ол бірнеше блокқа бөлініп, бір уақытта бірнеше оператор көмегімен өңделінеді. Осыдан кейін жекелеген блоктар өңделіп, біртұтас жобаға жиналады.
Фотоплан жасау сатысында «Фотоплан- Параметрі выходящего растра» терезесін қолданады. Бұнда геометриялық есептеулер процессін қолданып, есептеулердің қорытындысы ретінде желі суреттерінің бұрмаланулары, фотоплан бетіндегі еептелген аумақтардың көрсеткіштерін қолданады.
«Линейка» режимі жоба терезесінде, стерожұп терезесінде жергілікті нүктелердің арақашықтықтарын өлшеуге арналған. Терезеде сызғыш жасыл түспен кескінделеді, линейканың басы көк крестик, ал линейка соңы қызыл крестикпен белгіленеді.
ЦФС «Талка» программасында өңделетін суреттерде 1 немесе бірнеше белгілері болмаса да өңдеу процессін жүргізе беру мүмкін.
Қорыта айтқанда Талка программасынын қазіргі күннің электронды карталарын құрудағы маңыздылығы – барлық картографиялық есептерді шешумен ғана шектелмейді, сонымен қатар оның қызметтік ерекшеліктері болашақта одан әрі дами түспек. Талка программасы аэросуреттерді өңдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан аэросуреттерді өңдеу үшін Талка программасын қолдану ұтымды, нақты және дұрыс шешім болады.
Дәріс № 13
Тақырыбы «Жерге орналастыру жұмыстарында қолданылатын бағдарламалар»
Жерге орналастыру жұмыстарында, топографиялық есептерді шешуде, геологиялық, сызықтық іздестіру жұмыстарында, жобалауда, қосымша жобалау тапсырмаларын өңдеуде қолданылатын бағдарлама түрлері.
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайотырған анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесіне құқықты табыстау мынадай ретпен жүргізіледі:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау;
2) мәлiмделген өтiнiмдi қанағаттандыру мүмкiндiгiн анықтау (жер учаскесiн алдын ала таңдау);
3) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
4) жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешім қабылдауы;
5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
6) жер учаскесiне құқығын куәләндіратын құжаттарын дайындау және беру;
7) жер учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.
Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш екі апталық мерзiмде қаралады.
2. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тәжірибелік сабақ № 1.
Тақырыбы «Геодезиялық өлшемдер технологиясының даму тарихы»
Тәжірибелік сабақ № 2.
Тақырыбы «GPS туралы жалпы мәлімет»
Тәжірибелік сабақ № 3.
Тақырыбы «Геодезиялық өлшемдерде сандық технологияның қолданылуы».
Тәжірибелік сабақ № 4.
Тақырыбы «Лазерлік құрылғылардың негіздері мен ерекшеліктері»
Тәжірибелік сабақ № 5.
Тақырыбы «Арақашықтық барлау материалдарын өңдеу»
Тәжірибелік сабақ № 6.
Тақырыбы «Спутниктік технологияның геодезияда қолданылуы»
Тәжірибелік сабақ № 7.
Тақырыбы «Электронды тахеометрдің қызметі мен ерекшеліктері»
Тәжірибелік сабақ № 8.
Тақырыбы «Доплер эффектісі»
Тәжірибелік сабақ № 9.
Тақырыбы «Спутниктік қабылдағыштың негізгі функциялары»
Тәжірибелік сабақ № 10.
Тақырыбы «Жаңа компьютерлік технологиялар»
3. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ТІЗІМІ
3.1 Геодезиялық өлшемдер технологиясының даму тарихы
3.2 Кеңістіктегі мәліметтер инфрақұрылымы
3.3 Топографиялық карта және план жасауда ТОПОПЛАН 1.01 жүйесін қолдану ерекшеліктері
3.4 Картографиялау, мониторинг жүргізу және бақылауда жоғары дәлдікті космостық суреттерді қолдану
3.5 Лазерлік сканер құрылғысы
3.6 Электронды тахеометрдің қызметі мен ерекшеліктері
3.7 Сандық аэротүсіріс кешені MONMOS жүйесінің бақылау және диагностикада қолданылуы
3.8 Тепловизорлар.
Достарыңызбен бөлісу: |