3. Практиканттардың құқықтары мен міндеттері
Студент-практикант:
құқылы - жеке бас бостандығын бұзуға әкелетін, практика бағдарламасы, қауіпсіздік ережесі және еңбекті қорғау ережесі қарастырмаған жұмыстардан бас тартуға;
- практика барысында туындайтын мәселелер бойынша кафедрадан практика жетекшісіне, әкімшілікке жүгіну;
міндетті:
практиканың бағдарламасы қамтитын тапсырмаларды орындауға;
оқу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;
еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік
санитарияны сақтауға;
практика барысында күнделік жүргізуге;
жоғары оқу орны бекіткен форма бойынша практиканың күнделігін
жүргізу;
бекітілген форма бойынша практика жетекшісіне жазбаша есеп,
практиканттың есебін көрсетуге;
практика бойынша есепті комиссия мүшелері алдында қорғау;
практика бағдарламасын белгіленген мерзімде өтпеген студенттер практикаға шығуға мүмкіндігі болмаған немесе ауырған жағдайда өтеу.
Достарыңызбен бөлісу: |