7.Эндокриндік. Асқазанның эндокриндік қызметі бірқатар биологиялық активті қызметі бірқатар биологиялық активті заттар- гастриннің, гистаминнің, сератониннің, мотилиннің, энтероглюкагонның түзілуіне көрініс табады. Бұл заттар асқазанның безді жасушалары мен ас қорыту жолының басқа да бөлімдерінің іске қосылуы мен секреторлық белсенділігіне септесуші немесе тежеуші әрекет жасайды.
Дамуы.Асқазан, құрсақ ішлік дамудың 4-ші аптасында пайда болады. Ал екінші айдың кезінде оның барлық негізгі бөлімдері қалыптасады. Асқазанның бірқабаты призмалық эпителийі ішек түтігінің энтодермасынан жетіледі. Асқазан шұқырлары ұрықтың дамуының 6-10-шы аптасында түзіледі, ал бездер асқазан шұңқырларының табанында бүршіктер түрінде пайда болады, қарқынды өсе келіп, одан әрі шырышты қабықшаның меншікті табақшасында орналасады. Ең әуелі оларда – париетальдық жасушалар, одан соң – басты және шырышты жасушалар қалыптасады. Дәл осы кезде(6-7 апта) мезенхимадан алдымен – бұлшық етті қабықшаның айналмалы қабаты, содан кейін – шырышты қабықшаның бұлшық ет табақшасы дамып шығады. 13-14 аптада бұлшық етті қабықшаның сыртын бойлай және сәл кейінірек ішкі қиғаш қабаты түзіледі.