Желілер және телекоммуникациялар.
Компьютерлік желі – бұл араларында ақпарат тасушысы жоқ, өзара апарат алмаса алатын компьютерлік жиынтығы. Жүйе құрамына кіретін компьютерлер өзара ақпараттар алмаса алатын, байланыс каналдары арқылы жалғасуы керек, ал компьютерлерде жүйелер жұмысынан, байланыстырады басқару бағдарламасын ұйымдастыратын арнайы бағдарламаны қамтамасыз ететін қондырғы орнатылуы қажет. Компьютерлік жүйе тораптардың (компьютерлер, жұмыс станциялардың және т.б) жиынтығын және оларды жалғастырып тұрған тармақтардан тұрады.
Жүйе тармағы — бұл бір-бірімен байланысты тораптарды жалғайтын жол. Жүйе тораптары үш типті болады:
· Шеткі торап — тек бір тармақтың соңында орналасқан;
· Аралық торап — бірден көп тармақтардың соңында орналасқан;
· Бір-бірімен байланысты торап — бұндай тораптар негізінен бір-ақ жолмен байланысқан.
Компьютерлер жүйеге әртүрлі қосу амалы оның топологиясы деп аталады.
Жүйе топологиясының ең көп тараған түрлері:
Сызықтық жүйе. Тек екі соңғы және кез-келген аралық тораптан тұрады, сонымен қатар кез-келген екі тораптың арасында тек қана бір-ақ жол болады.
Шығыршық тәрізді жүйе. Бұл жүйе бойынша әрбір торапқа екі тармақтан қосылады.
Ағаш тәрізді жүйе.Екіден көп соңғы тораптардан және қалай болғанда да екі аралық тораптан тұрады және екі тораптың арасында тек бір жол.
Жұлдыз тәрізді жүйе. Тек бір ғанааралық тораптан тұратын жүйе.
Ұя сияқты (тәрізді) жүйе. Кем дегенде екі тораптан тұратын және олардың арасында екі немесе одан да көп жол бар.
Толық байланысқн жүйе.Кез-келген екі тораптың арасында тармағы (бұтақ) бар. Компьютерлік жүйенің ең батысы сипаттамасы-оның архитектурасы.
Жүйе архиектурасы -ол мәліметтер жіберу жүйесінің тарату құрылымы, оның топологиясын, құрылғысы (керек-жарағы) және олардың жүйедегі өзара әрекетінің ережесі. Жүйе архитектурасы көлемінде ақпаратты кодпен хабарлау мәселелері, оның адресіне жіберу, үздіксіз келіп түетін хабарларды басқару жүйенің жағдаындағы және сипаттаудың нашарлауы кезіндегі қателіктерді бақылау мен талдау мәселелеріқаралады.
Өте кең тараған архитектуралар:
· Ethernet (англ. ether — эфир) — кең тарататын жүйе. Бұл жүйенің барлық станциялары алады деген сөз. Топология-сызықтық жіберу жылдамдығы 10 немесе 100 Мбит/сек.
· Arcnet (Attached Resource Computer Network –ресурстар біріктірілген компьютерлік жүйе-кең тарататын жүйе. Физикалық топология –ағашы. Мәліметтер жөнелту жылдамдығы 2,5 Мбит/сек.
· Token Rіng (эстафеталық шығыршық жүйе, маркер жіберу (беру) жүйесі) – шығыршық жүйедегі мәліметтер жіберу принципі – бір-бірімен байланысқан тораптардан әрбір тораптың қысқа қайталанбайтын ерекше беттер –маркердің жүйлігін тосады. Маркердің келуі хабарды сол тораптан келесі торапқа жіберуді көрсетеді. Мәліметтерді жіберу жылдамдығы 4 немесе 16 Мбит/сек.
· FDDІ (Fіber Dіstrіbuted Data Іnterface) — мәліметтерді көп талшықты байланыс жүйелеріне жоғары жылдамдықпен жіберудің жүйелік архитектурасы. Жіберу жылдамдығы — 100 Мбит/сек. Топология — қос шынжыр немесе аралас (жұлдыз тәрізді немесе ағаш тәрізді жүйелерді қосу арқылы). Жүйедегі станциялардың ең көп мөлшері – 1000. Құрал-жабдықтың құны өте жоғары.
· АТМ (Asynchronous Transfer Mode) — болашағы мол, әзірге ең қымбат архитектура, бір жүйемен сандық, бейне көріністік және дыбыстық мәліметтерді қамтамасыз етеді. Жіберу жылдамдығы 2,5 Гбит/сек-қа дейін. Байланыс жолы оптикалық.
Қарапайым компьютерлік жүйе бір-бірімен онша алыс тұрмаған екі компьютерді жалғастыру арқылы пайда болады. Олар нуль модем деп аталатын (10-20 м. мөлшердегі) арнайы кабель аты келесі немесе параллель тұрған компьютерлерге қосылады. Осындай уақытша қосу туралы компьютерлік байланыс деп аталады. Ол осылай қосылып, содан соң оны кез-келген соңғы компьютер пайдаланушысының алып тастауына болады. Қазіргі кезде жоғарыда көрсетілген қосу түрін, кабелсіз бірден байланыстыруды жүзеге асыратын инфрақызыл порттар жетілдірілуде. ТКБ (ПКС-орысша) тура компьютерлік байланыс негізінен портативті және станционарлық жеке жұмыс компьютерлері арасындағы мәліметтер мен алмасу үшін пайдаланылады, мысалы, офистік компьютерлер, әйтсе де мұндай мәлімет алмасу екі стационарлық және компьютерлік арасында да болуы мүмкін.
Локальді есептеу жүйесі. Бір-бірімен соншалықты қашық орналаспаған, (50-100 м алшақ) бір арасында әрдайым ақпараттық алмасу ұйымдастыруды қажет ететін омпьютерлер осы мақсатқа арналған арнайы кабельдермен станционарды түрде жалғстырылады. Көрсетілген жүйенің түрі лоальді есептеу жүйесі деп аталады. (ЛЕЖ) немесе (ЛВС) LAN- Local Area Net.
Құқықты белгіленген каналдар телефон немесе оптикалық кабельдер, сонымен қоса спутниктік немесе радиканалдар көмегімен жүзеге асырылады. Әдетте белгіленген каналдар арқылы бір мекеменің жүйеге қосылмаған компьютерлері біріктіріледі (қосылады). Жүйеден алынып тасталған компьютерлердің көпшілігін байланыстыратын жүйені бөлінген жүйе деп атайды. Мекемелердің мұндай бөлінген жүйлеріне, кіру тек қызметтері міндеттерін орындауларына байланысты тұлғаларға ғана рұқсат етілген. Бұндай түрдегі жүйелер өз функциялары бойынша локальді жүйеге ұқсас және региональды немесе metropolіtan Area Net – MAN деп аталады.
Мекменің региональды жүйесінде құрылған арнайы коммуникативтік хабар алмасу жүйесі (электронды почта, факс, құжаттармен бірігіп жұмыс жасау) корпоративті деп аталады.
Глобальды жүйе.Дүние жүзіне таралған, әрдайым өте жоғары үлкен көлемдегі әртүрлі ақрааттарды алу мүмкіндігін беретін каналдар жүйесіндегі компьютерлер және коммерциялық негіздегі, тілек білдірушілердің барлығына рұқсат берілген жүйе глобольді жүйе деп аталады немесе Wіde Area Net- WAN. Осындай жүйелердің ең белгілі өкілі ИНТЕРНЕТ, дегенмен басқда глобольді жүйелер (MSN – Mіcrosoft on Lіne, Amerіca on Lіne және т.б).
Компьютераралық байланысты ұйымдастырудың үш негізгі тәсілі бар:
· қатар тұрған компьютерді олардың коммуникациондық порттарын басып өтетіндей арнайы кабельдермен қосу;
· бір компьютерден екіншісіне модем арқылы өткізілген немесе спутниктик байланыстың көмегімен мәлімет жіберу;
· компьютерлерді компьютерлік жүйеге біріктіру (қосу).
Екі компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыруда көбінесе бір компьютерге ресурстар мен жабдықтаушы (поставщик) ролі (бағдарлама, мәлімет және т.с.с.), ал басқасына – бұл ресурстарды қайталанушы ролі бекітіліп беріледі. Бұндай жағдайда бірінші компьютер сервер, ал екіншісі – клиент мен немесе жұмысшы станциясы деп аталады. Арнайы бағдарламамен жабдықталған компьютер – клиентке жұмыс істеуге болады (под упр. спец. прогр. обеспеч).
Сервер (англ. serve — обслуживать) — бұл құнды ресурстарды бағдарлама, мәліметтеу және шеткі құрал-жабдықтарға бірігіп пайдалануды басқаратын еске сақтау қабілеттінің мөлшері көп, жоғары өнімді компьютер.
Клиент (басқаша, жұмысшы станция) — сенрвердің қызметіне кіре алатын кез-келген компьютер. Жүйелік сервер HP LD PRO.
Мысалы, орталық мәліметтер базасы орналасқан қуаты күшті компьютер сервер бола алады, ал бағдрламасы қажетіне қарай серверден сұрайтын жай компьютер клиент болады. Кейбір жағдайда компьютер бір мезгілде клиент те де, сервер де бола алады. Бұл — өзін де бар ресурстар мен сақталған мәліметтерді басқа компьютерлерге бере алады және бір мезгілде олардың ресурстары мен данныйларын пайдалана алады. Пайдаланушының атынан сервердің қызметін алатын қолданбалы бағдарламаны да клиент деп атайды. Осыған сәйкес, бағдарламамен қамтамасыз етілген компьюитерді басқа компьютерге қызметкөросетуі сервер деп аталады-және де компьютерді де атауға болады.
Телефон жүйесінің көмегі арқылы байланыс. Алшақтағы жеке компьютермен уақытша байланыс модем деп аталатын қондырғы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. (АТС арқылы телефон жүйесі) (факс модем). Бұндай байланыс тәсілі коммутирлік канал бойынша байланыс деп аталады. Модемнің көмегі арқылы жай компьютерлік арасында ақпарат алмастыруды ұйымдастыруға болады, офистің локальді немесе глобальді жүйесіне қосылуға болады.
Бірнеше компьютерлерді біріктіретін жүйелермен қоса терминалдар жүйесі де бар немесе құаты күшті (мэйнфеймдар) компьютерлерді арнайы қондырғылар мен байланыстыратын жүйесі бар. Бұл жүйелер өте күрделі, алайда қысылмаған кезде олардың жұмыс істеуі мүмкін емес немесе типті мәнін жоғалтады. Терминалдық қондырғылар мен жүйелерге банкоматтар, дүкендегі кассалық аппараттар жүйесі және т.б мысал бола алады. Терминалдар жүйесі кең тарағанымен олар компьютерлер жүйесінің принциптерінен, типті басқа санау техникаларында құрылады.
Жүйе қондырғларын өзара қосу үшін арнайы құрал-жабдықтар пайдаланылады:
· Жүйелік кабельдер(сыртқы түрі түтік тәріздес оқшауланған екі коаксиальдық концентриялы өткізгіштер; көп тамшықты; айқасқан екі электр өткізгішінен құралған қос кабелдер және т.б).
· Коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді компьютерлерге қосатын коннекторлар; кабельдердің бөліктерін қосатын алмалы-салмалы ажыратқыштар.
· Жүйелік интерфейсті адаптерлер мәліметтерді қабылдау мен жөнелтуге арналған. Мәлімметтер беру ортасына кіру белгілі бір протоколға сәйкестендіріле отырып жүзеге асырылады. Олар жүйеге қосылған компютерлердің жүйелік блоктардың қондырылады. Адаптерлердің алынып-салыныпажыратқыштарына жүйелі кабель қосылады.
· Трансиверлер мәліметтерді кабель бойынша жіберу сапасының мөлшерін арттырады, жүйеден келіп түскен ескертпелер мен келіспеушілікті табу үшін жауап береді.
· Хабтар (концентраторлар) коммутирлік хабтар (коммутаторлар) компьютерлік жүйелердің топологиялық, функционалдық және жылдамдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Әр типті хаб әр алуан кабельді системалар жүйесінің сегменттерін (учаскелерін) біріктіруге мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай-ақ басқа хабты да немесе кабельдің сегментін (учаскесін) қосуға болады.
· Қайталамалар (репитеры) кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді.
Локальды жүйелерді біріктіре қосу үшін өзара жүктелген міндеттері мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін төмендегідей қондырғылар пайдаланады:
Көпір (англ.· Brіdge) — екі локальды жүйені байланыстырады. Жүйе араларындағы мәліметтерді өзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі. Көпірлер барлық жүйелерді локальды мәліметтер легінен сақтай отырып пакеттерді фильтрден өткізе алады (сүзеді) және де тек басқа жүйе сегменттеріне арналған ақпараттарды жібереді.
Маршрутизатор (англ.· Router)жалпы протокол мен жүйелерді көпірге қарағанда тиімді біріктіреді. Ол, мысалы үлкен хабарламаларды өте ұсақ бөлшектерге бөлуге мүмкіндік туғызады да осынысы арқылы әр түрлі көлемдегі пакеттері бар локальды жүйелердің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Маршрутизатор пакеттерді белгілі мекен-жайға жібере алады, (көпірлер тек қажетсіз пакеттерді фильтрлейді (сүзеді) пакеттердің адресін табуына өте жақсы жол және басқа да әрекеттер таңдайды. Жүйелер күрделі, әрі көп болса, маршрутизаторды қолданудың пайдасы өте мол.
Көпірлік маршрутизатор (англ.· Brouter) — бұл көпір мен маршрутизатордың гибриді. Ол мүмкін болған жерде алдымен маршрутты орындауға талпынады, ал содан соң сәтсіз жағдай бола қалса көпір тәртібіне (режиміне) көшеді.
Шлюз (англ.· GateWay), Шалюздың көпірден өзгешелігі – біріктірілетін жүйелер протоколдарының әр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің талаптарына сәйкестендіріліп өзгереді. Сөйтіп, шалюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай біріңғай жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің көмегімен универсалды (жан-жақты) қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады. Сымсыз жүйелер кабель өткізуге қиынға соғатын, пайдасыз немесе тіпті мүмкін болмаған жағдайдағы орындарда қолданылады. Мысалы, тарихи ғимараттар, металл немесе темірбетондарды едені бар өнеркәсіп үйлерінде, қызқа мерзімге жалға алынған офистар, қоймалар, көрмелерде, конференцияларда және т.б
“Барлығы-Бәрімен” топологиясы. Бұндай жағдайда жүйе радио – адаптерлер көмегімен жүзеге асырылады. Жан-жақты бағытталған антенналармен жабдықталған жүйелік радио-адаптерлер радиотолқындарды ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады. Бұндай жүйе “Барлығы-бәрімен” топологиясы арқылы жүзеге асырылады және 50-200 м қашықтықта жұмыс істеуге қабілетті. Жүйенің сымсыз және кабельді бөліктерінің арасындағы байланыс үшін арнайы кіру нүктесі (немесе радиокөпір) деп аталатын қондырғы пайдаланылады. Екі жүйелік – сымсыз және кабельді адаптер орнатылған жәй (простой) компьютерді пайдаланға болады.
“Нүкте-нүкте” топологиясы. Сымсыз жүйені қолданудың басты, маңызды аймағының бірі-мәліметтерді жіберу инфраструктуралары (жалпыға бірдей кабельді жүйе, жоғары сапалы телефон байланысының жолдары және т.б) болмаған жерлердегі локальды жүйелердің шалғай сегменттері арасындағы байланыстарды ұйымдастыру болып табылады. Бұл біздің мемлекетімізге тән. Шалғайдағы екі сегмент арасына сымсыз көпір енгізу үшін бағытталған типтегі антеннасы бар радиокөпір пайдаланылады.
“Жұлдыз” тәрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе, онда “жұлдыз” типті топология қолданылады. Бұндай жағдайда орталық торапқа жан-жаққа бағытталған, ал шалғай тораптарға – бағытталған антенналар қондырылады. Жұлдыз тәріздес топологияның жұйелері әр алуан конфигурациядағы жүйелерді құрауы мүмкін. Сымсыз жүйелік магистарль баяу модемдерді пайдаланудан бас тартуға жағдай (мүмкіндік) жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |