Қоғамның даму сатылары.
Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.
Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы көсемшілік қоғам.
Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.
Төртінші саты - неолиттік революция.
Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы.
Алтыншы саты - аграрлық қоғам.
Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.
Қоғамның көптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі өндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі, индустиарлды, постиндустриалды болып бөлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қызметттерді атқарады: материалдық игіліктерді өндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді өндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек өнімдерін бөлу, мінез-құлық пен қызметті реттеу және басқару.
2.
Әлеуметтанулық бiлiмнiң шеңберінде арнайы, жеке әлеуметтанулық теория – девиантты мiнез-құлық әлеуметтануы қалыптасып, дамуда. Ғылымның бұл саласының негізін қалаушы болып Эмиль Дюркгейм есептеледi, сондай-ақ, оның дамуына Р. Мертон, А. Коэн, Т. Селлин, Г. Беккер, Д. Китсус, К. Эриксон, т.б. ғалымдар әсерін тигізді.
Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |