Қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті



бет3/5
Дата29.12.2021
өлшемі16,98 Kb.
#106295
1   2   3   4   5
Байланысты:
соц 6

Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу “норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады.

Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс әрекеті. Норма мінез құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.

ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында девиатты мінез құлықтың биологиялық және психологиялық себептерін түсіндіретін трактаттар шыға бастады. Итальяндық дәрігер Ч.Ломброзо қылмыстық әрекет пен адамның биологиялық ерекшеліктері тікелей байланысты деп түсіндіреді. Американдық психолог В.Шелдон да адамның дене бітімінің маңыздылығын атап көрсетеді.

И. С Кон бойынша девиантты мiнез-құлық екi үлкен категорияға бөлiнедi. Бiрiншiден, девиантты мiнез-құлық – бұл психикалық денсаулық нормаларынан ауытқу, мұның негiзiнде анық немесе көрiнбейтiн психопатология жатыр. Екiншiден, девиантты мiнез-құлық қоғамға қарсы мiнез-құлық болып табылады. Мұның негiзi әлеуметтiк, мәдени және құқықтық нормалардан ауытқу арқылы құрылады.

Бұл әрекеттер аса маңызды болмаған жағдайда оларды құқық бұзушылық деп атайды. Ал қатал және қомақты жазаланатын әрекет болса оны қылмыс деп атап, әңгiме делинквенттi мiнез-құлық туралы болады. Сонымен делинквенттi мiнез-құлық дегенiмiз ресми белгiленген нормалардан ауытқу.

Мұның салдарынан қоғам мен тұлға мүдделерiне үлкен зиян келедi. Әлеуметтiк патологиялық құбылыстар деп қоғам үшiн едәуiр қауiптi әлеуметтiк ауытқуларды, мысалы, қылмыс, нашақорлық және миға зиян келтiретiн заттарды пайдалану, өзiн-өзi өлтiру, алкоголизм және т.б

Ауытқу адамдар санасы мен мiнез–құлқында бiртiндеп қалыптасады, сондықтан «алғашқы және екінші ретті девиация» түсiнiктерін бөледі. Алғашқы девиация – маңызды емес немесе адамгершiлiкке жатпайтын әрекеттер жасауды білдіреді. Кейбiр ауытқуларға қоршаған адамдар көз жұма қарайды, ал кейбiр ережелердi мойындамайтын адам өзiн оларды бұзушы ретінде қарастырмайды. Бiр уақытқа дейiн мұндай әрекеттерге мән берiлмейдi, мысалы, спирттiк iшiмдiктердi кездейсоқ адамдармен iшу.

Ауытқу мiнез–құлқының екiншi деңгейiнде адамды қоршаған әлғуметтiк орта немесе ресми ұйымдар ашық түрде мораль мен құқық нормаларын бұзушы деп мойындайды. Мұның нәтижесiнде оның әрекеттерiне белгiлi бiр жауап болады. Ауытқу мiнез-құлқын қарастырғанда жеке және топтық девиация түрлерін бөлуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет