Қоғам. Мәдениет. Өркениет менеджмент мамандығының 2 курс студенті Басымбек Зұлпықар



Дата30.11.2022
өлшемі23,58 Kb.
#160590
Байланысты:
Филос 14


Қоғам. Мәдениет. ӨркениеТ
.................Менеджмент..... мамандығының 
2 курс студенті Басымбек Зұлпықар
Ғылыми жетекші: PhD доктор, оқытушы Балабекұлы Д.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Аңдатпа: Осы шығармашылық мақалада Қоғам, өркениет, мәдениет ұғымдарына тереңінен тоқталатын боламыз
Кілт сөздер: Абстракция, Конфуций,руханият, Парменид т.б

Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені айнала қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? Міне, осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, дүниеге деген өзіне тән көзқарас қалыптастырады.


Алайда дүниеге деген қайсыбір көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана дерексіз (abstractіo – латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір- бірінен бөліп алып қарау, дерексіздендіру) ой өрісі дамуының негізінде дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады. Олай болса, философия – дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Конфуцийдің адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы – оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.


Конфуций еңбектерінен біз «бес тұрақтылықты» (у-чан) табамыз. Олар: адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.
Конфуций моральдың «алтын ережесін» алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: «Бір сөйлеммен сіздің моральдық іліміңізді бізге жеткізе аласыз ба?» – деген сұрақ қойыпты. Оған ол: «Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама», – деген екен.
Конфуций өзінің моральдық ілімінде «адамдардың өзаралықты- ғына» «алтын ортаңғылыққа», әке-шеше мен аға-әпкені сыйлауға, адам- дарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.
Біздің баса көрсеткіміз келетін «тұрақтылық» – ол «ли» (әдеттілік). Конфуцийдің айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлауы керек. Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді.
Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында әдет- ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе кеңес зама-нында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға «ұлтшылдық» таңба тағылып, қудаланған болатын. Сондықтан халықтың «мәңгүрттенуі» де көбінесе осыған байланысты болды.
Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен «қайтадан танысып», халықтық дәрежемізді көтерудеміз.
Конфуцийдің айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар: «ізгі адам» (цзюн-цзы) және «ұсақ адам» (сяо-жень).
«Ізгі адам» өз алдына үлкен талаптар қояды, ал «ұсақ адам» талапты басқалардың алдына қояды.
Ізгі адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге бол- майды. Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. Ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен, ұрыс-керіс тудырады. Ізгі адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.

Мәдениет – қоғамның рухани дамуының шыңы, дiн, философия, өнер құндылықтары, терең де нәзiк ойлар, шығармашылық туынды- лары. Уақыт өткен сайын шығармашылықтың орнына күнбе-күнгi қажеттiліктерден шығатын қарапайым өмiрдi көтеруге бағытталған iстер келiп, «өзiмшiл цивилизация» мәдениеттi тұрпайылата бастайды.


Цивилизация (өркениет) дегенiмiз – өмiрдiң әлеуметтiк, материал- дық жағының дамуы, экономикалық мүдделердiң басымдығы, пайдақорлыққа тырысу, құралдың мақсатты жеңуi. Цивилизация өз табиғатына сәйкес техникаға жақын, ол жеке адамның шығар- машылығын ұжымдық еңбекке ауыстырады. Цивилизация машина- лардың өмiрге енуiмен бiрге келедi. Адам техниканы пайдаланып, табиғатты өз еркiне көндiруге тырысады, соның нәтижесiнде адам- ның толыққанды органикалық табиғатқа сәйкес өмiрi жойылып, оның орнына мамандандырылған, бiржақты адам пайда болады. Цивилиза- ция техниканың үстемдiгiне әкелiп, рухты тоқыратады.
Капиталистiк, я болмаса социалистiк цивилизация болмасын, ол – өз табиғатына сәйкес әрқашанда «буржуазиялық». Ол дегенiмiз – рухтың тоқырауы, материалдық байлыққа, өмiрден ләззат алуға тырысу.
Дегенмен цивилизация мәдениеттi толығынан құрта алмайды, ол ұсақталғанмен аяғына шейiн цивилизацияның пайдақорлығына қарсы тұрады. Жалпы алғанда, Н.А.Бердяев адамзат тарихының төрт логикалық сатысын көрсетедi, олар – тағылық, мәдениет, цивилизация және «дiни қайта өрлеу». Социалистiк өзгерiстер Ресейдi цивилизация шеңберiне кiргiзiп, мәдениеттi тоқыратты. Мәдениеттi қайта жаңартуда дiн шешушi қызмет атқаруы керек.
Орыс философиясындағы дiни антропология бағытының өкiлдерi ретiнде С.Н.Булгаков, С.Л.Франк және Н.О.Лосскийдi атап өтуге болады.
С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмiр сүре алмайды, егер iшкi дүниеңде Құдай болмаса, онда көңiл құлазиды. Құдайға қарсы күрес, бiр дiндi тарату қажеттi түрде екiншi дiндi туды- рады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дiнге айналған болатын. – С.М.). Алайда адамға Құдай сырттан келмейдi, оны ол өз iшiнен табуы керек.
С.Н.Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегенiмiз – ол «антро- подицея» (адамды ақтау). Оның негiзгi себебi – дүние уақыттың шеңберiнде өмiр сүруде, олай болса, ол әлi соңына жеткен жоқ, дәл қазiр жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен бiрге осы дүниенi жарату iсiне, оны ары қарай жетiлдiруге атсалысуда. Адам – Құдайға ұқсаған, Мәңгiлiктiң ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. Ол – микротеос, оның iшiнде бүкiл дүниенiң күш-қуаты бар, ол – болмыстың ең жоғары ортасы.
С.Л.Франк адамды өзiн-өзi анықтайтын және өзгерте алатын пенде ретiнде қарайды. Өзiндiк сана арқылы адам заттардан ғана емес, сонымен қатар өзiнен де алшақтап, өз-өзiне басқа адамның көзiмен қараған сияқты дәрежеге келедi. Нәтижесiнде екi – танушы мен таны- латын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын ахуал пайда болады. Мiне, адам өзiндiк санасы арқылы өзiнiң денелiк эмпириялық табиғатынан бөлiнiп, өз-өзiн бағалайтын, сынайтын дәрежеге көте- рiледi.
Адам – әрқашанда өзiнiң күнделiктi болмысына қанағаттанбай, оны аттап өтiп, басқа өмiрге, өнегелілiкке қарай ұмтылатын пенде.
Н.О.Лосский тұлғаларды шынайы және әлеуетті деп екiге бөледi. Тұлға өзiнiң дамуында Құдайдың бейнесiне ұқсаудан бастап, соңында тiптi Құдайдың Өзiне тартуға тырысады. Ал соңғы – ол тұлғаның негiзгi мақсаты, ол үшiн адам неше түрлi қиындықтар мен зардаптардан өтуi керек.
Руханияттық – адамның негiзгi қасиетi. Рухани адамның iшкi өнегелілiгi қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына қарсы тұра алады.
Қорыта келе, бiз орыс философиясының адам мәселесiне қомақты үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазiргi өтпелi дәуiрдегi қалыптасқан көп ахуалдарды талдауға өз көмегiн бередi. Сiз де ол жөнiнде ойланып көрiңiз.

Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалып- тасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің бол- мыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм – кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіліктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол – жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.


Сонымен, егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне кел- меген дүние мен қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала қоршаған мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. ХХ ғ. өмір сүрген көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны ары қарай жетілдіретін негізгі күш – адам-зат», – деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен ұштасып жатқанын байқауға болады. Сөйтіп, Батыс мәдениеті экстраверттік (extra – латын сөзі, сыртқа бағытталған деген мағына береді), айнала қоршаған ортаны танып-біліп, соның негізінде жетілдіруге бағытталған болып шықты.
Бұл арада: «Шындық қайда, кімнің қолында: Батыста, я Шығыста ма?» – деген заңды сұрақ пайда болады. Батыс рухы мыңдаған жылдарға созылған өркениет тарихында айнала қоршаған ортаны жетілдіру жолында сан алуан жетістіктерге жетті: оның айқын көріністері ғарыштағы ұшып жүрген жасанды жерсеріктер, бүкіл дүние жүзін шырмап алған Интернет жүйесі, өмірдің шын сырын ашу жолындағы жасалып жатқан клондау эксперименттері, миллиондаған әртүрлі техникалық құралдар мен жабдықтар т.с.с.
Бірақ, сонымен қатар өмірді нәзік те терең сезінетін ойшылдар ХІХ ғ. аяғынан бастап-ақ бүкіл ХХ ғ. шеңберінде Батыс өркениетінің шытынай бастағанын ашық айтқан болатын (О.Шпенглер, Х.Ортега- и-Гассет, Э.Фромм, Г.Маркузе т.с.с.). Материалдық дүниені өз еркіне көндіріп, оны өзгерту барысында Батыс адамы өзінің Құдай еместігіне бүгінгі таңда әбден көзі жетті. ХХ ғ. өткен екі дүниежүзілік соғыс, соның нәтижесінде қырылған миллиондаған адамдар, бүгінгі таңдағы экологиялық апаттар мен дағдарыстар, адамның материалдық жағынан бай болғанымен, рухани-адамгершілік тұрғысынан жүдеуі т.с.с. бары де Батыс өркениетінің тұйықтыққа келіп тірелгенін көрсетеді.
Ал Шығыс елдеріне келер болсақ, ғылыми-техникалық жетістіктерді игеріп, оны өз мәдениеті, дүниесезімімен ұштастыра білген елдерді (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея) саусақпен ғана санауға болады. Өз рухани мәдениетінің мыңдаған жылдарға созылған ерекше тарихы болса да, Шығыстың көп елдері жаңа ғана дамып келе жатқан елдер қатарына жатады, өйткені онда кедейшілік пен қайыршылық, жұмыссыздық кең етек алған. Бір жағынан алғанда, Шығыс елдеріндегі халықтар Батыс mass medіa туындыларын қабылдамайды, өйткені олардың рухани болмысына олар қайшы келіп, қалың бұқараның наразылығын тудырады. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің экономика жағынан алға кетіп, алшақтай түсуі, көп жағдайларда олардың кедей елдерді табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға мәжбүр етуі т.с.с. себептер, әсіресе ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде экстремизм мен терроризмнің етек алу- ына, сонымен қатар «ғаламдасу үдерісімен» бірге кіретін Батыстың зорлық-зомбылық, порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым адамдардың «таза исламға қайтып оралу» идеясын насихаттайтын ваххабизм сияқты кертартпа діни ұйымдардың құрамына кіріп, саяси эстремизмнің қайнар көзіне айналып жатқанын байқауға болады.
Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ сияқты. Бүгінгі таңдағы адамзат болмыс тірегін, бір жағынан, ашынған, қорқынышты үрей сезімімен, екінші жағынан, бітпейтін үмітпен іздестіруде... Бұл адамзат ізденістеріне, құрметті оқырман, сіз де, пісіп- жетіле келе, өз үлесіңізді қосарсыз деген үміттеміз.
Енді болмыс ұғымын ары қарай талдасақ, оның құрамынан негізгі екі шындықты табуға болады: оның бірі – бізді қоршаған табиғат, материалдық әлем, екіншісі – рух әлемі, адамның жан дүниесі мен санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасына тәуелсіз өмір сүрсе, екінші – рух әлемі – адамның, яғни субъектінің ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз. Уақытында ұлы Л.Фейербах айтқандай, «Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну, түсіну дәрежесіне көтеріледі».
Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіні тудырады, яғни ол материалдық дене, сонымен қатар санасы бар, өзінің сан алуан қажеттіліктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатын пенде – адам. Соны- мен, жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойында жинақталады екен. Адам дене ретінде өз қажеттіліктерін өтеп, басқа тіршіліктер сияқты, осы болмыста өмір сүреді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте болу- мен теңеле ме? Бұл дүниеде құмырсқа да, жаңбыр құрты да өмір сүріп жатқан жоқ па? Әрине, адамды құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды шынайы адам қыла- тын – оның санасы, ішкі рухани өмірі, соның негізінде пайда болатын шығармашылық іс-әрекеті емес пе?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол өз болмысын бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы әлем жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап қоймай, сонымен қатар дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның ар жағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді, «мен бұл дүниеге не үшін келдім» деген сұрақты өз алдына оқтын- оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған сұрақ «to be ore not to be? – That іs the guestіon!» (Болу ма, я болмау ма? – Міне, негізгі сұрақ!) адам- зат қаншалықты өмір сүрсе, соншалықты өміршеңді болып қала бермек. ХХ ғ. ортасында бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті амери- кан философы Э.Фромм қазіргі Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі болмысын баю, иелену арқылы көреді деген тұжырымға келіп, оның тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің трагедияға толы тарихында өз жолынан таймай, «жігіт бір сырлы, сегіз қырлы» болуы керек, әр күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан,
өнерсайысқа айналдыру керек деп есептеген, бұл оның даналығын көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара жол- дан тайып, Батыс дүниесезіміне, тойымсыздыққа қарай ауысып бара жатқан жоқпыз ба? деген сұрақ та ойландырмай қоймайды.

Пайдаланылған әдебиет:



  1. Серік Мырзалы, «Философия», Алматы 2017-648б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет