2.2. Өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне сәйкес пайданың өзгеруі
Нарық жағдайында тауардың бір түріне баға теңеседі. Ал өнімді шығаруға жүмсалған шығындар әр кәсіпорында әр түрлі. А - орташа шамада, В - жоғары, С – төмен. Осыған сәйкес С кәсіпорынының пайдасы көп, ал А кәсіпорынының пайдасы аз. Сонымен қатар, экологиялық таза өнімдер шығарылғанда, оларды қымбатырақ бағамен сатуға мүмкіндік туады. Мысалы, кәсіпорындар экологиялық шығындар жұмсап, өнімнің өзіндік қүнын және бағасын арттырды десек, олардың таза пайдасы да артады. Табиғат пайдалануда ҒТЖ қолдану, шикізатты, отын-энергия қорын үнемдеу, қалдықтарды пайдалану дәрежесі баға деңгейінде өзінің толық көрінісін табады. Қайтарымды қалдықтарды, қаптарды, жәшік, бөтелке, полиэтилен, металлды тиімді пайдалану мақсатында олардың қүны тауардың бағасына қосылып сатылады және олар қайтарылғанда тұтынушыларға ақшасы қайтарылады. Сөйтіп, әр түрлі табиғатта өздігінен жойылмайтын, оған зиян келтірілетін тауарлардың қаптарын (бөтелке, қалбыр, жәшік, полиэтилен пленкалары, т.б.) жинау, қайта пайдалану, өңдеу, бір орталықтан залапсыздандыру ісі ынталандырылады. Табиғат қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында қаржыландыру және несие экономикалық тетіктері кеңінен қолданылады. Табиғат қорғау бағдарламалары, жоспарлары, шаралары республикалық, аймақтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлардан бірінші кезекте қаржыландырылуы тиіс. Халықаралық, қоғамдық гранттар көпшілігінде табиғат қорғау шараларына бағытталады. Несиенің ынталандыру және жауапкершілікті арттыру қызметі әсіресе жоғары. Өйткені несие белгілі мерзімге, белгілі мақсатқа міндетті түрде қайтарылатын жағдайда беріледі. Несиенің пайдалану мерзіміне байланысты өсімі белгіленеді. Табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын ынталандыру үшін басқа іс-әрекеттерге қарағанда, жеңілдетілген (өсімі аз) несие беріледі. Екінші жағынан несиенің ынталандыру қызметі қайтарымыдылығы. Несие неғүрлым тез қайтарылса, соғұрлым аз өсім төленеді. Сондықтан несие алушылар табиғат қорғау шараларын тезірек іске асыруға мүдделі болады. Кезекпен қайтарымды несиелеу арқасында аздаған қаржымен көптеген табиғат қорғау шараларын жүргізуге болады. Дамыған капиталист елдерде (әсіресе АҚШ-та) солай істейді. Несиенің белгілі мақсатқа берілуі табиғат қорғау шараларын ынталандыру қызметін арттыра түседі. Табиғат қорғау шараларын ынталандыру мақсатында материалдық сыйлықтар жүйесі де қолданылады. Ондай сыйлықтар мынандай жағдайдарда берілуі мумкін: • ауаға улы газдардың, тағы басқа ластаушы заттардың шығарылуы, суға улы ерітінділердің төгілуі нормада белгіленген шамадан азайтыл-ғанда; • суды пайдалану (түтыну) шамасы нормадағы мөлшерден (шектен) кемігенде; • кен өндіргенде оның нормалы жоғалтылатын мөлшерін, ысырабын азайтқанда; • табиғат қорғау шараларының нәтижесінде топырақтың құнарлылығы арттырылғанда, орманның қүндылығы арттырылғанда, т.б. Бұл сыйлықтар табиғат қорғау қорларынан беріледі. Сонымен қатар, кәсіпорындарға тікелей тиім бермейтін, бірақ халық шаруашылығына, жалпы табиғатқа тиімді табиғат қорғау шараларын жүзеге асырған кәсіпорындар аймақтық және республикалық табиғат қорғау қорларынан сыйлық ала алады. Орталықтандырылған табиғат қорғау қорларынан материалдық сыйлық алудың басты шарты - табиғат қорғау шараларының халық шаруашылық тиімділігі болып табылады. Табиғатты қорғауды, тиімді пайдалануды ынталандырудың маңызды тетіктерінің бірі - табиғат пайдалану төлемдері. Ынталандыру табиғат пайдалану төлемдерінің ең негізгі қызметі болып табылады. Төлемдер табиғат пайдаланушылардың оны қорғауға, үнемдеп пайдалануға жауапкершілігін арттыратын бірден-бір экономикалық механизм. Ресурстарды ақысыз пайдалану ысырапшылдыққа әкеп соқтыратынын тәжірибеміз өте жақсы көрсетті. Табиғат пайдалануды қаншама мөлшерлеп шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды. Ынталандыру мақсатында кейде төлемдерден босату, азайту сияқты жеңілдіктер де қолданылады. Мысалы, жанама, ілеспе өнімдерді, қалдықтарды, өнімділігі аз, қолайсыз орналасқан табиғат ресурстарын пайдаланушыларға жеңілдіктер беріледі; төлем алынбайды немесе азайтылады. Табиғат қорғау мақсатында пайдаланған ресурстар үшін төлемдер алынбайды. Табиғат қорғау шараларын төлемдердің есебінен жүргізуге рұқсат етіледі. Төлемдер жеңілдіктерімен қоса, салық, қаржыландыру, несие жеңілдіктері де қолданылады. Мысалы, тау-кен кәсіпорындары ілеспе газдарды, кендегі емес жанама элементтерді, өндіріс қалдықтарын пайдаланғанда олар осы өнімдер бойынша ресурстарды қалпына келтіру, пайдалану төлемдерінен босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |