«Қоғам-табиғат жүйесінің даму келешегі» пәні


Орбитада жүргізілген зерттеулер



бет7/9
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#91125
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ғарыштық мориторинг ФиА 18к Умирзакова У

Орбитада жүргізілген зерттеулер

  • Орбитада 1963-1972 жылдары жұмыс жасаған Corona жер серігінің суреттерін, сонымен қатар Landsat жер серігінің 1975-2000 жылдар аралығындағы кеңістік айыру деңгейі орташа, көп арналы суреттерін пайдаланып жүргізілген зерттеулер мынаны анықтады:
  • Теңіз кенішінің шектерінде мұнай өндіруге байланысты инфрақұрылым өткен ғасырдың 60-70-шы жылдарындағы суреттерден байқалады. Өсімдік өсетін алаңдардың азаюына Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі басты себеп болғанымен, 1985-1991 жылдар аралығында бұрынғы Кеңестер Одағы кезіндегі кәсіпкерлік инфрақұрылымының белсенді дамуы салдарынан болған топырақ-өсімдік жамылғысының елеулі түрде бұзылуы байқалды. Каспий ойпатының солтүстік-шығыс жағалауындағы аумақтың табиғи-климаттық ерекшеліктері қатты жел тұрған кезде теңіз суының тасуына қолайлы жағдай туғызады. Теңіз деңгейінің бірнеше метрге көтерілуі салдарынан жаға сызығы кейбір бағыттарда 30-50 км-ге дейін жылжиды.
  • Мұнай өндіруші компаниялардың инфрақұрылымының нысандары теңіз жағасына өте жақын орналасқандықтан және оларды су басып кету қатерін ескере отырып, ғалымдар Каспий теңізінің жағалауын ғарыштық суретке түсіру көмегімен жаға сызығының өзгерістерін тұрақты бақылап отыруға қол жеткізді. Мониторингтің осы түрін іске асыру ҚР Ғарыштық зерттеулер институтының тікелей басшылығымен жүргізіледі. Институттың TERRA жер серігіндегі MODIS көп арналы сенсорынан деректер қабылдайтын бекеті бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет