Жерді қашықтықтан зондтау әдісін қолдану арқылы табиғат және антропогендік факторлардың әсерінен топырақ және өсімдік қабатының өзгеру мониторингсін жүргізуге болады. Сондай-ақ желілік жерлердің антропогендік бұзылу картасын жасауға болады.
Ауылшаруашылықта игерілетін жерлердің жағдайын реттеп отыру қиынға соғып отыр. Сол себепті ғарыштан түсірілетін суреттер келесідей мәселелерді шешеді: егістік жағдайын бақылау, эрозияға ұшыраған жерлерді анықтау, жерлердің батпақтану, сорлану және шөлдену аясын анықтау, топырақ құрамын анықтау және тағы басқа. Жүйелі түрде суретке түсіру – ауылшаруашылық мәдениеттің даму ырғақтылығын болжауды бақылауға мүмкіндік береді.
Ал қашықтықтан зондтау геологиялық ғылымдар саласында аса кең қолданыс табуда. Қашықтықтан зондтаумен алынған мәліметтер породалардың типтерін көрсетілуімен, сондай-ақ мекеннің құрылымдық және тектониялық ерекшеліктерін ескеріп геологиялық карталар дайындалады. Экономикалық геологияда жерді қашықтықтан зондтау әдісі арқылы алынған мәліметтер пайдалы қазбалардың орналасуын анықтауда аса құнды.