Қоғамда құқықтың алатын орны. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мелекеттік университетті Орындаған: Қалибекова Н.Қ Топ: ХМ-901 Тексерген: Қорлан Бауыржанқызы 2020 жыл
Жоспар
1. Құқық түсінігі және құқықтық қарым-қатынас.
2. Құқықтық қатынастың субъектілері.
3.Қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтың маңызы және алатын орны.
4. Әлеуметтік нормалар жүйесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздегі құқықтың негізгі қайнар көзі.
"Құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқық - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.Сондай-ақ құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқықтық қарым-қатынас дегеніміз – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.
Құқықтық қатынастардың белгілері:
құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс. Құқықтық қатынастың субъектілері – жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек. Құқықтық қабілет – құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқықтық қабілет адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Адамдардың әрекеттілігіне бірнеше шектеулер қойылады: – кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың, үйленуге (жанұя кұруға), қылмыстық жауапкершілікке тартылуына, жұмысқа орналасуына, әскер қатарына шақырылуына шектеулер бар. Оларды бұзуға тыйым салынған (шектеудің түрлері):
– адамдардың денсаулығының нашар болуы;
– туысқандық-қандас болу;
– егерде азамат сотталған болса;
– діни нормаларға шектеу.Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.
Толық әрекеттілігі жоқ адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Кәмелетке толмаған он төрт жасқа дейінгілер үшін келісімді олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары, не қамқоршылары жасайды. Әлеуметтік нормалардың түрлері Құқықтық нормалар;
Әдет-ғұрып нормалары;
Діни нормалар;
Корпоративтік нормалар;
Құлықтылық (моральдык) нормалар;
Техникалық нормалар.
Құқықтық нормалар. Мемлекет бекіткен және қабылдаған бәріне міндетті және орындалуы, сақталуы кажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.
Әдет-ғұрып нормалары — деген әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктерге байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан-алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығы.
Құлықтылық (моральдық) нормалар. Қоғамды реттеу қабілеті кең, барлық индивидтерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі-ниеттілік, адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған нормалардың жиынтығы.
Техникалық нормалар. Әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде адамдардың техникамен табиғатты игеруде қабылданған нормалардың жиынтығы. Бұл нормаларды қолдану ғылыми-техникалық прогресс дамыған сайын арта түседі. Техникалық нормаларды сақтау және оларды бұлжытпай орындау өмір талабы және оларды бұзу үлкен катастрофаларға әкеп соғуы мүмкін.
Діни нормалар. Адамзат тарихында жаратқан иемізден жер бетіне төрт кітап, өсиет түскен. Мұса пайғамбарға — Тауарт, Дәуіт пайғамбарға — Забур, Исаға — Інжіл және ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке – Құранды жіберді. Діни нормалар осы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен ережелердің жиынтығы.
Діни нормалардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар: а) Орындау жеке адамның өз еркімен болды. «Дінде зорлық жоқ», — деп көрсетілген қасиетті Құранда. ә) Діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне бірдей міндетті емес. Дін мемлекеттен, мешіт мектептен бөлінген. Діни нормаларды қабылдау әркімнің жеке басының ісі. б) Мемлекет діни нормаларын уағыздайтын қоғам, ұйымдардың қызметтерінің антиконституциялық насихатқа жол берілмеуін қадағалайды, қажет болған жағдайға сот арқылы тыйым салады. б) Діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм, адамгершілік сияқты қағидаларды іс жүзіне асыру Корпоративтік нормалар. Мемлекетте арнайы тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдар, партиялар және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың жарғылары негізінде қызмет атқаратын заңды тұлғалар мүшелерінің арақатынастарын реттейтін нормалар.
Корпоративтік нормалар: а) Бекітілген жарғы негізінде қалыптасады. ә) Қабылдаған нормалар Конституцияға қайшы болмауы кажет. б) Нормалардың реттеу шеңбері мен қолданылуы тек ғана ұйым мүшелеріне ғана қатысы бар.