Көпсалалы қалалық ауруханалардың стационарының құрамына мынадай бөлімдер кіреді: қабылдау бөлімі, емдеу-диагностикалық бөлімдер (терапиялық, хирургиялық, неврологиялық және т.б.), қосымша емдеу және диагностикалық кабинеттер немесе бөлімдер (лабораториялар, рентгендік, физиотерапевтикалық және т.б.), анестезиология, реанимация бөлімдері.
Аурухананың бөлімдерін басқару бөлім меңгерушілеріне табысталады, ал олар бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады. Себебі, ол аурухананың жұмысының ұйымдастырылуына, сапасына жауап береді, сонымен қатар аурухананың емдеу-профилактикалық, санитарлық және эпидемияға қарсы жұмыстарын басқарады.
Бөлім меңгерушілерінің қарамағында дәрігер-ординаторлар, орта буындағы және кіші мед/қ қызметкерлер болады. Бұлар бөлімдердің диагностикалық, емдеу, қалыпқа келтіру жұмыстарын толық қамтамасыз етеді.
Емдеу-диагностикалық процесінің қарқындылығы жоғары бөлімшелерді ұйымдастыру.
Емдеу-профилактикалық үрдістің жоғары қарқындылығын қамтамасыз ететін ауруханаларды ұйымдастыру. Бұл ауруханаларда шұғыл және қарқынды жүргізілетін медициналық көмек беріледі. Осындай емдеу-профилактикалық мекемелер қажетті заманауи медициналық құралдармен, аспаптармен жабдықталып, жоғары білікті дәрігер мамандармен толыққанды қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, ауруларды сапалы емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер де тоқтаусыз бөлінуі қажет. Осындай стационардағы төсек-орындардың саны жалпы ауруханалық төсек-орындардың 20% -ын түзеуі керек. Науқастардың осы стационарда емделу күндері өте қысқа. Олардың жағдайы оңала бастағанда өзге емдеу мекемелеріне ауыстырылады.
Жоспарлы науқастарды емдеуге арналған бөлімшелер.
2) Орта мерзімді ұзақтықта жоспарлы емдеу шараларын алуды қажет ететін науқастарға арналған ауруханаларды немесе бөлімшелерді ұйымдастыру. Бұл ауруханада қалыпқа келтіру шаралары жүзеге асырылады. Сондықтан бұл стациоарларды жабдықтау, мамандармен қамтамасыз ету, аурулардың төсек-орында жату ұзақтығы, қызметкерлердің еңбек етуі бойынша стандарттары мүлдем өзгеше болады. Осындай ауруханалық мекемелердің төсек-орындары жалпы стационарлық төсек-орындардың 50% -ын түзеуі тиіс.
Емдеу және медициналық оңалту бөлімшелері.