Құбылыстың ортадағы жиілігін қандай көрсеткіш сипаттайды?
Қарқынды (интенсивтік) көрсеткіш - болмаса жиілік, таралу көрсеткіші деп атайды. Бұл көрсеткіш бір белгінің немесе құбылыстың зерттелетін ортадағы, жиындықтағы жиілігін анықтайды. Әлеуметтік медициналық зерттеулерде халық арасында аурудың, мүгедектіктің, жарақаттанудың, өлімнің т.б жиілігін көрсетеді.
Қарқынды көрсеткіштің пайдалануы:
-зерттелетін жағдайдың деңгейін, таралуын анықтағанда;
-зерттелетін жағдайдың түрлі жиындықтағы жиілігін көрсеткенде (мысалы әр түрлі мемлекеттердегі туулық көрсеткішін салыстырғанда т.б);
-бірнеше жыл бойы бір жағдайдың құбылысын бақылағанда (мысалы он жыл ішінде сәбилер өлімінің көрсеткіші т.б)