Бақылау және сұрау әдісі. Бұл деректерді толықтыру және тереңдету үшін арнайы зерттеулер жүргізілуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мамандық адамдарының аурушаңдығы туралы неғұрлым терең деректер алу үшін осы әдістің медициналық тексерулерінде алынған нәтижелерді пайдаланады. Әлеуметтік — гигиеналық жағдайлардың сырқаттанушылыққа, өлім-жітімге және дене бітімінің дамуына әсер ету сипаты мен дәрежесін анықтау үшін арнайы бағдарлама бойынша жекелеген адамдарды, отбасыларды немесе адамдар топтарын сұрау әдістері (сұхбат, сауалнамалық әдіс) пайдаланылуы мүмкін.
Сауалнама (сұхбат) әдісімен экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және т. б. сұрақтар бойынша құнды ақпарат алуға болады.