«Қоғамдық денсаулық сақтау» пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдары



бет64/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#121847
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
310Б кдс

4. «Адами капиталды дамыту» – креативтік қоғам құруды және жаңа реалиялар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.
5. «Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.



  1. Тұрғындардың ҚР медициналық мекемелеріне тіркелуі туралы түсінік.

Емханаға бекіту тікелей немесе жазбаша жүгіну бойынша, еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өзге де құжат) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта, сондай-ақ «элетрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші (емхана) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Азаматтың ЭЦҚ болған жағдайда, ол электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркеле алады. 
Медициналық ұйымға бекітілу талоны азаматтың МСАК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Бекітілу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде, бекіту туралы хабарлама қызмет көрсетушінің (МСАК ұйымының) электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде беріледі. 
Азаматтар тікелей жүгінген кезде оларды МСАК ұйымдарына бекіткен кезде бұрын бекітілген МСАК ұйымдарынан есептен шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде еркін нысандағы өтінішінің негізінде отбасы мүшелерін бекітуге жол беріледі.
Егер пациент басқа елді мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) немесе ауырып қалса, онда ол тұрғылықты жері бойынша жақындағы медициналық ұйымға жедел медициналық көмекке жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады. (нау Е-гов бойнша).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет