Қоғамдық денсаулық сақтау


Статистикалық зерттеулердің негізгі сатылары туралы сипаттап ашып жазыңыз



бет18/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
3.Статистикалық зерттеулердің негізгі сатылары туралы сипаттап ашып жазыңыз.

Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау аркылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Зерттеудің бұл кезеңінде коғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.

Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл-статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталган, өңделген статистикалық корсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік катарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау жэне солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.

Статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы арасында қолданысына қарай өзара айырмашылығы бар. Бірақ олар бірінен-бірі бөлінбейді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе қорытынды жасалынбайды. Демек, статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бір-бірімен тығыз байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет