Қоғамдық денсаулық сақтау


Медициналық тексеру мәліметтері бойынша аурушаңдық туралы сипаттап жазыңыз



бет19/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau

4.Медициналық тексеру мәліметтері бойынша аурушаңдық туралы сипаттап жазыңыз.Адам барлық қиындықтардан сақтана алмайды, сондықтан да медициналық бақылау мен қызмет көрсету басымдықтардың ішінде алдыңғы орындарға ие. Көбінесе дер кезінде қойылған диагноз бен уақытында емделу өміріңді қорғап қалуы мүмкін, сондықтан да профилактикалық медициналық тексеруден өтуді жыл сайын ережеге айналдыру қажет. Медициналық тексеруден өту үшін Сізге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша немесе өз таңдауыңыз бойынша тіркелген емханаға баруыңыз қажетСіз емханадан скринингті медициналық тексеру туралы естуіңіз мүмкін. Бұл әрбір ауру түрі бойынша қиын (тәуекел) топтарға кіретін тұрғындардың жеке жыныстық-жастық топтарының жаппай тексеруден өтуі дегенді білдіреді.

Мысалы, 18, 25, 30 жас шамасындағы ерлер мен әйелдерге – терапевтің, электрокардиограмма, биохимиялық зерттеу, холестерин мен триглицеридтің деңгейін анықтау сияқты тексеруден өту міндетті. 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65 жас шамасында да терапевтің, электрокардиограмма, биохимиялық зерттеу, холестерин мен триглицеридтің деңгейін, қандағы қанттың құрамын анықтау сияқты тексерулер міндетті түрде жүргізіледі. Барлық көрсетілген зерттеулер қан айналым процесіндегі ауруларды табу (жүректің ишемикалық ауруы, артериялық гипертония) мақсатында жүргізіледі. Себебі, дәрігерлердің айтуынша біздің еліміздегі өлім көрсеткіші артериялық гипертензия (қан қысымының көтерілуі) бойынша ең жоғарғы болып отыр.Ересектердің мақсатты топтарын профилактикалық тексеріп-қарау: тексеріп-қарау, анамнез деректерін жинау, антропометриялық өлшеу (бойы, дене салмағы, белдің шеңбері), жылына 1 рет артериялық қан қысымын өлшеу; қырық жастан бастап жылына 1 рет көру жітілігін анықтау, қырық жастан бастап жылына 1 рет есту жітілігін анықтау, екі жылда бір рет қалқанша безді тексеріп-қарау және пальпациялау (эндокринолог), қырық жастан бастап жылына бір рет көзіші қан қысымын тексеру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет