Қоғамдық денсаулық сақтау


Аурудың алдын алу және салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру туралы сипаттап жазыңыз



бет7/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
6.Аурудың алдын алу және салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру туралы сипаттап жазыңыз.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру- денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.Инфекциялық аурулар эпидемиясының пайда болу қаупі төнген жағдайда, карантин енгізудің шарттары:

Инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда, осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде кәсіпкерліктің және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен карантин енгізеді.
Профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері:

1. Аурулар профилактикасының мақсаты - аурулардың пайда болуының немесе өршуінің, сондай-ақ олардың зардаптары мен асқынуының алдын алу болып табылады.

2. Аурулар профилактикасы бастапқы, қайталама және жалғаспалы болып бөлінеді:

а) Аурулардың бастапқы профилактикасы (жаппай және жеке) аурулардың пайда болуының алдын алу мақсатында тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

б) Аурулардың қайталама профилактикасы аурулардың ерте сатыларында өршуінің және олардың зардаптарының алдын алуға бағытталған.

в) Аурулардың жалғаспалы профилактикасы өршіп кеткен асқынуды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған.


ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТУЫНДАТАТЫН ҚАУІП – ҚАТЕР ФАКТОРЛАРЫ (Ю.П.ЛИСИЦЫН, 1998ж).
1.Өмір сүру салты – темекі шегу, алкогольды қолдану, теңестірілмеген тамақтану, стресстік жағдайлар, еңбектің зиянды жағдайлары, гиподинамия, наркотиктерді қолдану, жалғыздық, мәдениет және білімнің төмендігі, урбанизацияның жоғары деңгейі.(49-53%)
2.Адамның генетикасы, биологиясы – тұқым қуалаушылық ауруларға, дегенеративті ауруларға бейімділік.(18-22%)
Қоршаған орта – ауа мен судың канцерогендермен және басқа да зиянды заттармен ластануы, топырактың ластануы, атмосфералык көріністердің жедел өзгерістері, гелиокосмостық, радиациялық, магнитты және басқада сәулеленулер.(17-20%)
4.Денсаулық сақтау – алдын алу шараларының тиімсіздігі, медициналық көмектің төмен сапасы, медициналық көмектің өз уақытында көрсетілмеуі.(8-10%)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет