Қоғамдық денсаулық сақтау


Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы сипаттап жазыңыз



бет10/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
9.Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы сипаттап жазыңыз.

енсаулық сақтау мекемелерінің номенклатурасына сәйкес:
1. Біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері (әрі қарай - БМСК):

- қалалық емхана (әрі қарай - ҚЕ) халқының саны 30 мыңнан аса қалаларда құрылады, құрылымында консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы практика және/немесе учаскелік қызмет бөлімі бар;

- дәрігерлік қалаларда 30 мыңға дейінгі халық саны бар ҚЕ құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.

2. Консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

- республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда консультативтік-диагностикалық орталық дербес заңды тұлға ретінде құрылады;

Жедел медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:

- 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы құрылады;

- 100 мыңнан төмен халқы бар қалаларда жедел медициналық көмек станциясы емхананың құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру аймағында әрекет ететін денсаулық сақтау мекемелері:

- республикалық маңызы бар астаналар мен қалаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы құрылады (әрі қарай – СӨСҚО);

Емхана – жоғары дамыған, арнайы мамандандырылған келген науқастарға және үй жағдайында науқастарға көмек көрсететін ЕПМ, аурулар мен олардың асқынуларын емдей бойынша емдеу-профилактикалық шаралар кешенін іске асырады. Амбулаториялар мен емханаларда науқастардың 80%-ы емделуді бастап және аяқтайды, ал небәрі 20% науқастар ғана госпитализацияланады.

Емхана түрлері:Аймақтық белгісі бойынша: қалалық және ауылдық; ұйымдастыру белгісі бойынша: стационармен біріккен және бірікпеген; мамандандырылуы бойынша: жалпы (ересектерге және балаларға арналған), балалар, стом-гиялық, курорттық, физиотерапевтік орталықтар, диагностикалық орталықтар.

Емхананы бас дәрігер басқарады. Емхананың құрылымында: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімдер мен кабинеттер, емдеу-диагностикалық бөлімдер, әкімшілік-шаруашылық бөлім, қалпына келтіру емі бөлімі және т.б.

Емхананың негізгі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс принциптері болып участкелік (дәрігерлік қызметке нормативтік халық санының бекітілуі) және диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингент денсаулық жағдайын жүйелі түрде белсенді бақылау). Емхана жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштер:


- учаскелік нормативі (1 учаскелік терапевт қызметіне 2200-2500 адам);

- жүктеме нормасы (сағ. емханада қабылдауда – 4,3-4,7, пациенттерге үй жағдайында қызмет көрсету – 2);

- учаскелік терапевтің штаттық нормативі (14 жастан жоғары 10000 халық санына –4,0-4,5).

Амбулаторлық-емханалық мекеменің негізгі жұмыс бағыттары:

- профилактикалық жұмыс, диспансерлеу, халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеу, салауатты өмір салтын наихаттау; - емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптаумен бірге);

- ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық тіркеу және есеп беру, жұмысты талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара қызметтестік, біліктілікті жоғарылату және т.б.);

- ұйымдастыру-массалық жұмыс.

Емхана жұмысын ұйымдастыру келесі көрсеткіштермен бағаланады:

- келу динамикасы (берілген жылы емханаға келгендер санының былтырғы жылғыға қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- келу құрылымы – ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен (ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен келу санының барлық келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- дәрігер қызметінің жүктемесі (барлық дәрігерлерге келу санының жұмыстағы дәрігерлер қызметі санына қатынасы);

- дәрігерлердің үй жағдайндағы пациенттерге келу белсендігі (үй жағдайына белсенді келулер санының барлық үй жағдайына келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет