Қоғамдық денсаулық сақтау


Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру туралы сипаттап жазыңыз



бет13/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
12.Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру туралы сипаттап жазыңыз.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (Санитарно- эпидемиологическая служба) — санитариялық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жасайтын және орындайтын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесі.

Эпидемиология” (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларға күрес шаралары тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне заманнан бері белгілі. Мыс., б.з.б. 1000 ж. Қытайда шешек ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке қарсы санитарлық заң болған. Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп, ондай науқастарды оқшаулап, арнайы “алапес үйіне” қамаған. Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген. Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған. Қайта өркендеу дәуірінде жұқпалы аурулар туралы ғыл. негіз қалыптаса бастады. Осы кезде Эпидемиологияның дамуына үлкен үлес қосқан италиялық ғалым Дж. Фракастро (1478 – 1553) болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет