Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы


Демократия мəні, пайда болуы жəне ерте замандағы демократия жайлы



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата30.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#151308
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
Дәріс матіні Cыздықова СМ
english exam 111, english exam 111, 5 сынып қмж, ?бт есептерін шы?ару жолдары, Жұмағазы Нұрдулат бух.учет, Логистика СРС, Дәрістер жалпы тех, Можге жауапты издеу
Демократия мəні, пайда болуы жəне ерте замандағы демократия жайлы 
ұғымдар 
Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен 
жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді 
сайлануы жəне көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез
келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) жəне 
соған сəйкес көзқарастар. 
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Əр дəуірдегі 
ойшылдар оны əр түрлі түсінген. Оның үстіне əр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи 
жəне т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. 
Дегенмен, демократиялық мемлекердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ 
белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады. 
1. Халықтьң заң жүзінде мемлекетгік биліктің бірден-бің 
баапауы 
саналуы. Ол 
мемлекетге ұйымдастырушы, конституциялық биліктін, халыққа тəн екендігіне көз 
жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға ез өкілдерін сайлайды жəне жүйелі түрде 
ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен| жөне 
референдум арқылы зандар жетілдіріледі жəне қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың 
төртінші президенті А. Линкол демократияға "халық үшін халық сайлаған халық 
билігін жатқызды. 
Жоғарыда көрсетілген белгілермен катар демократиялық 
принципке 
жүйелі турде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау 
жатады. Ен, алдымен 
жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-езі басқаратын 
органдарға дейін сайланбалы болғаны дүрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте 
заманнан демократияға 
азшылықтың көпшілікке багынуы 
жататын., Кейінірек мұндай 
бағыну шектелді, 
азшылықтың өз пікірі болуы, онымен санасу 
керектігі мойындалды. 
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рəсімдер де 


қарастырылған". барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, 
балама үміткердін, болуы, тізім бойьшша сайламау, демократиянң үздіксіз қоғамдық 
бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды 
тетіктерін табуы жəне т. с. с. 
Демократия болу 
үшін 
саяси, 
экономикалық, 
құқықтық, 
мəдени, 
идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне əр түрлі 
демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық 
мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, əділдік, 
еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың 
билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған 
жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған 
жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. 
Демократияның классикалық теориясы антикалық дəуірден бастау алады. Бірақ 
өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бəрі де саяси шешімдерді қабылдауға 
қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. 
Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше 
саналы іс-əрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар 
жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне 
айналады жəне ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бəрі бас қосқан сайыстан 
кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. 
Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке 
жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті. 
Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия əлеуметтанушысы өзі аттас «шумпетерлік» 
теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың 
еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кəсіби топтар. Демек, демократия 
ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты 
сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. 
Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тəсіл – 
Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бəсекелік күрес 
нəтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, 
басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бəсекелік күрес жүреді, ал халық 
бұл күресте солардың біріне дауыс береді. 
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай 
керек: 
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман 
өкілдер тобы болуға тиіс. 
Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта 
алатын шешімдер қабылдауы тиіс. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді 
болмайды. 
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын 
дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Ол құрам орта тап 
өкілдерінен құралуы тиіс. 
Саяси теорияның ғана емес, саяси мəдениеттің де элементі болып табылатын 
демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды.Саяси процеске қатысушы əрбір 
адам өзін-өзі тежеп отырмаса, қандай демократия болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет