берілген нысаны, оны жүзеге асыру кезінде конституциялық бекітудің шегінде
қамтамасыз етілген құрал. Сайлау құқығы конституциялық
құқықтың ең маңызды
институты, ал сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген күрделі саяси
күрес. Сайлау құқығы əдет-ғұрып тəжірибесінде қалыптасқан,
адамзатқа сайлауға
қатысу құқығын беру тəртібін реттейтін өкілеттік билік органдарын қалыптастыру
тəсілдерінің ережелерін заңды санкцияландырылған
құқық нормаларынан тұратын
конституциялық құқықтың негізгі институты.
Сайлау —
бұл бұқаралық билік органының құрылу процедурасы немесе
лауазымды тұлғаларға өкілеттік беру.
Сайлауды келесі түрлерге жіктеуге болады:
—
тікелей сайлау;
—
жанама сайлау;
—
жалпы, мұнда елдің барлық сайлаушылары қатысады;
—
қосымша жəне бөлше, олар жеке депутаттардың алдын-ала шығуына
байланысты территория бөлігінде өткізіледі;
—
ұлттық, аймақтық, жергілікті;
—
қайта дауыс беру;
—
кезекті;
—
униноминалды
(əрбір төңіректен бір тұлға сайланады) жəне
полинноминалды
(төңіректен бірнеше тұлға сайланады) яғни ол мандаттар санына байланысты;
Жоғарыда аталған сайлау түрлері Конституцияда бекітіледі жəне
сайлау туралы
заңда реттеледі.
Шетел Конституциялары сайлау жүргізудің кезеңділігімен де анықтайды. Ол
парламент үшін 4-5 жылды, ал президенттер үшін 5-7 жылды құрайтын сайлау
органдарының өкілеттілік мерзімдерімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: