Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде қалыптасты, енді ел азаматтарының жоғары
демократиялық жəне құқықтық жағдайларға қол жеткізулері керек. Басқаша айтқанда
конституцияда көрсетілген демократиялық жəне ізгілік нормаларын одан əрі жүзеге
асыру міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасы президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшті.
Дегенмен Президенттік билік барлық билік тармақтарының тепе-теңдігін жəне
үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етіп отырады. Президент саяси жүйеде əлі де болса
шешуші функцияны атқаратын болып қалып отыр. Парламентті тарату, Үкіметті
жасақтау секілді, президенттік биліктің негізгі көздері бұрынғыша сақталады. Бірақ,
бұрын президент тұтас Парламентті тарата алатын, енді ол мəжілістің жеке өзін тарату
құқығына ие болды.
Демократияның əр елде өзінің ерекшелігі болатыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: