Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық
сақталып
отыр.
Сондықтан қазақтардың толеранттылықты қалыптастыратын өзіне тəн əлеуметтік-мə-
дени ережелерін, салттары мен дəстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық
емес мəдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет.
Осы тəжірибені Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдігі жұмысы бағыттарының бірі ре-
тінде
тану
тиімді
болар
еді.
Төртіншіден, Тəуелсіздік жылдары ішінде Қазақстандағы тілдердің, мəдениеттер мен
салт-дəстүрлердің этностық көптүрлілігі сенімді үндестікке, өзіне тəн реңктер мен
əсемдіктер
молшылығына
ие
болды.
Бүгінде, əлемде түрлі бағалаулар бойынша, күн сайын 10-25-ке дейін жазба тілдер
жойылып, этностық мəдениеттердің бүтіндей бір қатпарлары келмеске кетуде!
Біз тіпті ең шағын этностық топтар – ассириялықтардың, рутулдардың, лактардың
жəне басқа да топтардың мəдениеттерін ұқыптылықпен сақтаймыз жəне оларды дамыту
үшін
барлық
мүмкіндіктер
жасаудамыз.
Қазақ
жері
100-ден
астам
этносты
біріктірді.
Əрине, осы этностық əралуандықтың бəрі біртұтас ұлтқа айналуы үшін жақсы цемент
қажет.
Бүгінде ұлтты біріктіруші басты фактор қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып отыр.
Бесіншіден, бізге менталитет моделін, «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағытының
негізінде
елдің
болашақ
бейнесін
қалыптастыру
қажет.
Бұл бейне шынайы, тартымды жəне рухтандырушы болуы тиіс.
Жаһандық сын-қатерлер жағдайында өзіміздің мəдени кодымыз: тілді, салт-дəстүрлерді,
құндылықтарды сақтай отырып қана оған баламалы жауап қайтара аламыз.
Отанға, туған жерге, өзіміздің ата-бабаларымызға, өзіміздің біртұтас жəне бөлінбейтін
тарихымызға деген сүйіспеншілік бүкіл қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие.
Біздің асыл мұраттарымыз – Тəуелсіздік, бірлік, келісім жəне өркендеу.
Оны
Қазақстанның
халқы
өзі
қалыптастырды.
Ұлт бірлігін нығайтуда интеллигенция қызметі айрықша маңызға ие. Тек интеллигенция
ғана қоғамды топтастырудың рухани үдерісіне басшылық жасай алады.
Біздің елордамыз осы жұмыстың орталығына айналуы тиіс.
Сондықтан да біз Астанада əлемдік деңгейдегі Опера жəне балет театрын – «Астана-
операны» салдық, Қазақстан тарихының жаңа мұражайын құрудамыз.
Алтыншыдан, біздің бірлік формуламыз нақты істер төңірегінде қалыптасады.
Ол
біздің
бірлігіміздің
ең
берік, материалдық
негізі.
Мен əркім меншік иесі болғанда қоғамдық келісімнің іс жүзінде жүзеге асатынына берік
сенімдімін.
Сондықтан да мен Үкіметке «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыруды
тапсырдым.
Ассамблея бұл бағдарламаны түсіндіруге белсенді атсалысуда.
Бұл – өте маңызды, бүкілхалықтық іс. Оны жалғастыру қажет.
Бүгінде біз бірлік пен толеранттылық біздің активіміз, елді жаңғыртуға салған
экономикадан тыс инвестицияларымыз деп сеніммен айта аламыз!
Бүгінде бейбітшілік пен келісім саясатының тікелей экономикалық тиімділікке ие екені
баршаға
мəлім.
Ішкі тұрақтылық инвесторлар сенімін нығайтуға, экономикалық ынтымақтастықты да-
мытуға
жағдай
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: