аристократиялық түрін қолдады.
Оның ойынша, аристократия «өзгеше жұмақ», онда
мемлекеттің мəні өз идеясына сай келеді деп түсіндірді. Платонның түсіндіруінше, саяси
құрылыстың аристократиялық түрінен басқа мына 4 түрі азаматтардың «ізгілікті» өмірге
ұмтылысының потенциалды əлсіреуімен сипаттады: тимократия (əскери адамдардың
билігі), олигархия (ақ сүйектер, байлардың билігі), демократия (халық билігі), тирания
(бір адамның заңсыз билігі). Платон мемлекетінің басында көп сатылы сайлау жолымен
сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-70 аралығына дейін шектелді. Билік
басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (əр
топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едəуір билікке ие бола алды.
Достарыңызбен бөлісу: