«Платон менің ұстазым, бірақ шындық одан да артық» немесе Аристотельдің мемлекет пен билік туралы саяси көзқарасы. Антикалық саяси ойдың əрі дамуы
Платонның шəкірті жəне сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384-322)атымен тығыз
байланысты. Оның «Саясат», «Афины политиясы», «Никомах этикасы» жəне 1000-ға
жуық еңбектері əлі күнге дейін өзектілігін жоймаған. Аристотель тұңғыш рет саясат
ғылымы жайлы талдау жасады. Мемлекет фопмасын Аристотель мемлекеттегі жоғары
билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Мемлекет формасы билеушілердің
санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттің дұрыс жəне
бұрыс формалары айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктің мүддесін
қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделерін
көздейді. Аристотельдің пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық,
аристократиялық жəне полития, ал бұрыс формаға тирания, олигархия жəне демократия
жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады.
Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. Жоғары билік заңның емес,
демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алды. Ол мүліктік
демократияны ғана мақұлдайды жəне демократияның екі түрін – заңға негізделген жəне
жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.
Аристотельдің саясат жөніндегі ойлары да көңіл қоярлық. Оның айтуынша,
саясаттың мəні оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың
негізі – адамдардың тəрбиелігінде. Дұрыс тəрбиенің арқасында олар жақсы қасиеттерді
бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрды, осының арқасында ғана
əділдік орнайды деп түсіндіреді. Аристотельдің саяси концепсиясы «Саясат» еңбегінде
берілген. Платоннан айырмашылығы, ол мемлекеттік құрылыстың идеалды үлгісін
жасамайды, қайта дұрыс деректерге сүйене отырып, оның нақты формасын талдауға
əрекет жасайды.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда,
əсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері жəне ойшыл Марк