Авторитарлық режим
тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін
кезең, бұл күшті тəртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.
Авторитарлық режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында,
бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде жəне т.б. елдерде қалыптасқан.
Авторитарлық режим
кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері
кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тəртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі
мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде
оларға қатаң бақылау жасалынға. Қоғамда сайлау, көппартиялық жүйе
қалыптасқанымен ол мемлекетке тəуелді. Азаматтар биліктен алшақтатылған, билікті
бақылай аламйды. Басқарудың күш көрсету құралдарын пайдалана отырып
жүргізілетінін көруге болады. Мемлекет басында тұрған адам өзінің үстемдігін шексіз
жүргізе алады. Оны шектейтін демократиялық элементтер, мемлекеттің тармақтарының
болуы формалді түрде. Тағы да бір ерекшелік: мемлекет тұтас бақылаудан бас тартқан.
Адам саяси жүйеден басқа əлеуметтік, экономикалық, мəдени жəне тағы да басқа
салаларды өз таңдауын жүзеге асыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |