Қоғамдық жүйедегі өзгерістер талабына сай, мектепте білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылуда



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,01 Kb.
#83618
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
р


Түсінік хат
Қоғамдық жүйедегі өзгерістер талабына сай , мектепте білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылуда . Сыныптан тыс сабақта да , оқушының өздік жұмысында да оқытудың негізі оқушының зерттеу жұмыстары болуы тиіс . Жүйелі түрде жаттығу жұмыстарын қайталау жүргізген дұрыс . Дене шынықтыру білім беру саласы бойынша оқушының дене мәдениетін қалыптастыру , өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру , физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын , салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады . Үйірме оқу процесінің сан алуан түрлерін қолдануға және оқытудың әр - түрлі әдістерді енгізуді бағдарлайды . Бағдарлама оқушылардың дене шынықтыру бойынша дене дайындығы деңгейін анықтауға қоятын талаптармен аяқталады . Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді : « білу / түсіну » , « меңгеру » , « көрсете білу » және «меңгерген білімі мен біліктілігін күнделікті өмірде және практикалық әрекетте қолдануы тиіс » .
Футбол – (ағылш . fооt — аяқ , ball — доп ) спорттың командалық ойын түрі . Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі . Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен ( қолдан басқа ) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады .
Футбол ережелері
Әр командада максималды 11 ойыны ( қосалқы ойыншыларды санамағанда) , оның біреуі – қақпашы . Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды . Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар жартылай қорғаушылар , шабуылшылар болып бөлінеді . Бір ойынның аты - матч , матч екі 45 минуттық бөлімнен ( тайм ) тұрады . Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу ( гол ) және өз қақпасына салғызбау , Матчта көбірек доп салған команда ұтады . Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса тең ойын деп саналады . Бұл жағдайда тағы қосымша уакыт ( 15 минуттан екі тайм ) берілуі мүмкін . Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі. Футбол ойынының талапттары : Ойыншының тұру қалпы . Адымды тіркестіре , алға және артқа , оң жақ және сол жақ бүйірмен қозғалу.Бағытты және жылдамдықты өзгертіп жүгіру . Бір орында тұрған және домалап бара жатқан допты аяктың ішкі жағымен және үстердің орта бөлігімен соғу . Допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату . Тік бағытпен , бағытты және жылдамдықты өзгерте отырып доппен қозғалу . Қақпашының ойыны . Футбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет