О.Конт (1798-1857) діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа «тарихтың үш сатысы» жайлы заңында: Бірінші саты – діни немесе «теологиялық жағдай», онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстем етеді. Екіншісі – философиялық «метафизикалық жағдай», онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші – позитивті, ол жерде ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш «сана жағдайының» әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдастырудың негізін қалайды – деп жауап береді.