Діни функциялардың қоғаммен, оның ішінде әлеуметпен арадағы қарым-қатынастарын тарихи үдеріссіз, әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерсіз бөлектеп қарауға болмайды. Өйткені, дін кез-келген мемлекеттің пайда болу кезеңінен бастап, қалыптасу кезеңдерінде, даму үдерістерінде, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етумен қатар, діндер арасында немесе қандай да бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікті бұзып, тұрақтылықтан ауытқытып жіберу мүмкіншілігі де жоқ емес [2]. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді. Адамдардың бойына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл ретте, дін кез келген ұлттың салт-дәстүрлерін де жоққа шығармайды. Қайта олармен үндесіп, тонның ішкі бауындай жарасымды түрде қоғам дамуына жетелейді. Сондықтан, дін – қазіргі кезеңде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралы болып табылады. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, жаңғыртуда. Бұл орайда, қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі зор екенін айта кеткен жөн.