Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар
көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан
қаралады:
- жер беті ретінде
- экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті
табиғи игілік ретінде
2. Капитал:
- Өндіріс факторы ретінде жәнеқаржы ретінде
пайдалануға болады.
- Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс
құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт
пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина,
құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын
өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол
байланыс қызметі).
3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:
- адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.
- өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы
барлық еңбек ресурстары.
Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті
қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау
қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:
- көп дайындықты қажет ететін еңбек,
- көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,
- ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді
4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс
факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік
қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға
қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай
қасиеттер тән болуға тиіс.
1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін
оның білім деңгейі жоғары болуы керек.
2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.
4). Тәуекелшіл болуы тиіс.
|