*Урология*3*34*42*75
#42
*!75 жастағы еркек несеп шығарарда қиналатынын, несептің үзік шығатынын, несептің ағыны әлсіз екенін және қуық қабыршағының толық босамайтынына шағымданды. Осы белгілер соңғы 6 ай мерзімінде бірте-бірте күшейе түсті. Оған қоса, науқасқа никтурия және несептің күндіз жиі шығуы (1-2 сағат сайын) маза бермейді. Соңғы 4-5 тәулік бойы несеп шығара алмады, несептің тамшылап шығуын қоспағанда. Науқас іштің төменгі бөлігі ауырсынатынына және шатқа дейін жететініне, ұйқышылдыққа, шаршағыштыққа, лоқсуға және құсуға шағымданды.
Қандай дерт туралы айтуға болады?
*+3 кезеңдегі ҚБҚГ (қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы). Созылмалы толық зәрдің тұтылуы.СБЖ
*2 кезеңдегі ҚБҚГ.Созылмалы толық емес зәр тұтылуы
*Созылмалы простатит.
*Қуық қалбыршағының беріштенуі.
*Қуық қалбыршағы мойыншығының склерозы.
#43
*!64 жастағы науқасты қарағанда сол жақ бүйрегінің төменгі полюсінің 2х3 карбункулы анықталған. Несеп пассажы мен бүйрек қызметі өзгермеген. Ауырғанынына 3 күн болған, емделмеген.
Бұл жағдайдағы дәрігердің қолданатын амалы
*жоспарлы операция – бүйректі тексеру, карбункулды кесіп алып тастау немесе қақ жару, паранефралды кеңістікті құрғату, бактерияға қарсы терапия
*+жедел операция - сол жақ бүйректі тексеру, карбункулды, кесіп алып тастау немесе қақ жару, нефростомия, паранефралды кеңістікті дренаждау, бактерияға қарсы терапия
*перкуталды нефростомия, бактерияға қарсы терапия
*тері арқылы карбункул пункциясы, бактерияға қарсы терапия
*нефрэктомия, бактерияға қарсы терапия
#44
*!32 жастағы ер кісі жедел пиелонефрит клиникасымен шұғыл жағдайда келіп түсті. 10 күн бойы ауырған. Шолу урограммасында конкременттің көлеңкесі оң несепағардың жоғарғы 1/3 проекциясында, экскреторлы урограммада 1,5 сағат бақылау барысында оң бүйрек қызметі жоқ.
Төмендегілердің қайсысы сәйкес келеді:
*уретеролитотомия, антибактериалды терапия
*қарқынды антибактериалды терапия
*несепағар катетеризациясы,қарқынды антибактериалды терапия
* +уретеролитотомия,нефростомия
*литоэкстракция, антибактериалды терапия
#45
*!Ер кісі 27 ж, бел – сегізкөз аймағындағы сыздап ауыру сезімімен , уретрадан таңертең бөлінетін шырышты бөлініске, зәрді жиі шығарғандағы кесіп ауыру сезіміне (несеп шығуының соңында) шағымданды . Анамнезінде ретсіз жыныстық қатынаста болғаны белгілі.
Берілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді :
*созылмалы бактериалды простатит
*везикулит
*+конгестивті простатит
*спецификалық емес уретрит
*простатизм
#46
*!Емханаға 37 жастағы әйел адам келесі шағымдармен келіп түсті: әлсіздікке, оң жақ бүйірдің сыздап ауру сезіміне. Екі сағат бұрын оң жақ бүйректік шаншу ұстамасы, дене температурасы 38.5 С дейін жоғарылауы, қалтыраудан кейін дене қызымының бірден томендеуі, қатты терлегеннен кейін бүйірдегі ауыру сезімінің жоғалуы байқалды.. Тексеріс кезінде Пастернацкий симптомы оң жақта әлсіз оң нәтижелі, бүйректер пальпацияланбайды, зәр шығару бұзылмаған, зәрдің түсі түссіз, дене температурасы 37.2 С.
Сәйкес келетін диагноз?
*пиелит
*оң жақ зәр шығару жолындағы тас болуы,жедел іріңді пиелонефрит
*жедел гематогенді пиелонефрит
*оң жақ бүйректік шаншу ұстамасынан кейінгі жағдай
*+оң жақ зәр шығару жолдарында тас болу,жедел серозды пиелонефрит
#47
*!Емханаға 37 жастағы әйел адам келесі шағымдармен келіп түсті: жалпы әлсіздік, оң жақ бүйірдің сыздап ауруы. Екі сағат бұрын оң жақ буйректің шаншуы, дене кызуының 38,5С дейін жоғарлауы , қалтыраудан кейін дене қызуының бірден төмендеуі, қатты тер бөлінумен және бүйірдегі ауру сезімінің жоғалуы байқалады. Қарап тексеру барысында Пастернацкий симптомы оң жақта оң нәтижелі, бүйрек пальпацияланбайды, зәр шығару бұзылмаған, зәр түссіз, дене температурасы 37,2С.
Дәрігер тактикасы?
*амбулаторға дейнгі тағайындау
*амбулаторлық емді тағайындау
*жедел түрде операция
*+жедел түрде госпитализация
*динамикалық бақылау
#48
*!А есімді 47 жастағы науқас. Шағымдары: сол жақ бүйір аймағында сыздап ауру сезімі. Ауру сезімі 3 күнге созылған, дене температурасының 37,8-38,5С көтерілуі. Анамнезінде урологиялық аурулары болмаған. Бүгінгі таңдағы аурудың теріде іріңдік болғаны және наукқас өздігінен сығып тастағаны айтылған. Буйрек пальпацияланбайды. Пальпация кезінде оң жақ бүйректе ауру сезімі . Пастернацкий симтомы оң жақ аймағына оң нәтижелі. Бүйір аймағындағы бұлшық еттердің, іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық етінің қатаюы жоқ. ЖҚА-лейкоцитоз солға жылжыған, ЭТЖ жылдамдауы, ЖЗА-лейкоцитурия. УДЗ-оң жақ бүйректің 2*4см гипоэхогенді түзілісі.
Сіздің диагнозыңыз?
*созылмалы пиолонефрит, активті фаза
*оң жақ бөлігінің нефроптозы
*апостематозды пиолонефрит
*калькулезды холецистит
*+бүйрек карбункулы
#49
*!Науқас оң жақ бел аймағындағы шаншып, керіп ауырған сезімге, ауыру сезімінің несеп ағарға берілуінің және жүрек айну сезіміне шағымданды. Дене температурасы 36,6°C. Кіші дәреті бұзылмаған, ауыру сезімінсіз. ЖҚА-әлсіз ликоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, ЖЗА-гематурия, лейкоцитурия. УДЗ-оң жақ несепағардың жоғарғы 1/3 бөлігінің, оң жақ бүйректе қуыстық элементтердің кеңеюі байқалады.
Сәйкес келетін болжам диагнозды таңдаңыз.
*+несепағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің тасы, оң жақ бүйрек ұстамасы.
*оң жақ бүйрек тасы, созылмалы калькулезді пиелонефрит.
*созылмалы пиелонефрит асқынуы
*жедел апостематозды пиелонефрит
*уретерогидорнефроз
#50
*!Науқас шап аралық мүшелердегі ауыру сезіміне шағымданды, ауыру сезімі құйымшаққа және қасаға сүйек шеті жағына беріледі. Дене температурасы 39,5°C. Кіші дәреті бұзылған, ауыру сезімімен қатар жүреді. ЖҚА-лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, ЖЗА-лейкоцитурия. Простата сөлінде-лейкоциттер-30 к/а
Сәйкес келетін болжам диагнозды таңдаңыз:
*қуық тасы
*+жедел простатит
*жедел уретрит
*жедел цистит
*простата рагы
#51
*!46 жастағы әйел зәр шығару кезіндегі ауру сезіміне, зәр шығарған кезде зәрдің шашырауына шағымданды. Анамнезінде 2 жыл бұрын гинекологқа қаралған, урологқа кеңеске жіберген. 2 жыл бойы дизурия, соңғы 3 ай ішінде асқынған. Дұрыс диагнозды анықта
*жедел цистит
*қуықтағы тас
*созалмалы цистит
*аднексит
*+уретра полипі
#52
*!Науқас 20 жаста. Велоспортпен айналысады, ағзаның суықтап қалғанын айтты. Ұма мен шап аймағындағы ауру сезіміне шағымданды. Дене қызуы 37,5°С-ге дейін көтерілген.
Неғұрлым ықтималды жауапты белгілеңіз?
*+ұмаға УДЗ жүргізу
*іш қуысының рентгенологиялық зерттеулерін жүргізу
*КТ жүргізу
*урофлоуметрия жүргізу
*диафоноскопия жүргізу
#53
*!40 жастағы науқас оң жақ бүйрек аймағының ауру сезіміне, дене температурасының 38,7°C дейін көтерілгеніне шағымын айтты. Оң жақ несепағардың тас бар екені анықталуы, жедел оң жақтық пиелонефрит. Тастан жоғары несепағарға катетер қойылмады.
Қандай ем-шара жолын таңдаған дұрыс?
,*к/т антибиотиктер тағайындау
*эндолимфатикалық антибиотиктер тағайындау
*консервативті ем жүргізіп, бақылау
*+операция жасау-уретеролитотомия, нефростомия
*интенсивті түрде антибиотиктер тағайындау
#54
*!3 жастағы бала, бүйрек ұстамасы шағымымен келді, оң жақ несепағардың тасы бар екені, іріңді пиелонефрит асқынуы анықталған. 10 күн ауырған. Экскреторлы урограммада оң жақ бүйректегі қызметының болмауы 1,5 сағат бойы бақыланған.
Қандай ем-шара жолын таңдаған дұрыс?
*+жедел операция – оң жақ бүйректің ревизиясы, нефростомия және интенсивті антибактериалды ем жүргізу
*бүйректің функциясын анықтау үшін жоспарлы тексеру жүргізу
*жедел операция – сол жақ бүйректің ревизиясы, нефроэктомия
*несепағарға катетер қою
*уретеролитотомия
#55
*!24 жасар науқас сол жақ ұмасындағы эпизодты тұйық ауруға, физикалық жүктемеден кейін пайда болатынына шағымданады. Сол жақ ұрық түтігі бойымен пальпаторлы қарағанда бұршақ тәрізді, құрттық шумағы сияқты, ауырмайтын эластикалық түзіліс, жатқан кезде жоғалады.
Неғұрлым ықтимал келетін болжам диагноз таңдаңыз:
*сол жақтық фунникулит
*+сол жақтық варикоцеле
*Морганьи гидатидының оралымы
*сол жақ еннің қосалқысының туберкулезі
*сол жақ ұрықтық жолдың кистасы
#56
*!Науқас жыныстық қатынастан кейін еркек жыныс мүшесінің терісінің ауырып үлкейіп ісінуіне, еркек жыныс мүшесінің басының жабылмауына, шағымданды. Қарау кезінде: жыныс мүшесінің басы жалаңаштанған,і сінген, көгерген. Еркек жыныс мүшесінің терісінің түсі қызғылт-көк түсті, аса қатты қабынған, ауру сезімі айқын.
Неғұрлым ықтимал келетін болжам диагноз таңда:
*кавернит
*+парафимоз
*приапизм
*еркек жыныс мүшесінің сынуы
*еркек жыныс мүшесінің лимфедемасы
#57
*!Науқас 26 жаста, сол жақ варикоцеле бойынша 10 жыл бұрын операция жасатқан, қазіргі уақытта сол жақ ұманың сол жақ жартысының көлемінің ақырындап ұлғайғанын байқады. Қарап - тексергенде: сол жақ ұманың көлемі ұлғайған, терісі өзгермеген. Пальпация жасағанда консистенциясы серпімді эластикалық , біркелкі, ауырсынусыз, ата без қосалқыларымен анықталмайды. Диафаноскопия симптомы оң. Оң жақ ұма ата без қосалқыларымен өзгеріссіз.
Диагноз?
*сол жақ ата без ісігі
*ұма лимфаденмасы
*сол жақ ұманың жарығы
*сол жақ ата без қосалқысының кистасы
*+сол жақтық гидроцеле
#58
*!Науқас 20 жаста футбол ойнап жүріп шап аралығына соққы алды. Зәр шығару жолдарынан қанды бөліністердің пайда болуын байқады. Зәр шығару қиындап, өз бетімен шығара алмайды. Қасаға сүйегінің жоғарғы жағының ісінуін байқады, соның үстінен перкуторлы тұйық дыбыс анықталды. Шап аралығында гематома анықталды. Уретрадан қан бөлінді.
Диагноз?
*ұма зақымдануы
*простатаның жарақаты
*+уретраның жарылуы
*бүйректің жарақаты
*парапроктит
#59
*!57 жастағы науқаста 24 сағат бойындағы анурия. Анамнезінде-20 жыл бойы НТА (несеп-тас ауруы) ауырады. Калькулезды пионефроз, НТА бойынша оң жақтық нефрэктомия жасалған. Созылмалы тастардың шығуы.
Шұғыл жәрдемнің түрі
*көктамырға 100 мг лазикс
*екі жақты несеп ағарды катетерлеу
*гемодиализ жүргізу
*көктамырға 1 л физиологиялық ерітінді
* +уретероскопия, сол жақтық стентирлеу
#60
*!Науқас 54 жаста, оң бүйрегінің шаншу клиникасымен келіп түсті. Анамнезде - НТА (несеп-тас ауруы), гидронефроздың терминалды кезеңі байқалған сол жақтағы нефрэктомия. Бақылау кезінде диурез - 50 -100 мл/тәулік, УДЗ кезінде - пиелоэктазия, оң жақтағы гидроуретер.
Шұғыл емдеудің оңтайлы әдісін таңдаңыз
*шұғыл уретеролитотомия
*несепағарды катетерлеу
*жедел уретеролитотомия, нефростомия
*бүйректің қабығын алу
*+ішкі стентті қою
#61
*!Науқас 60 жаста, оң бүйірінің шаншу клиникасымен келіп түсті. Анамнезде - НТА (несеп-тас ауруы), гидронефроздың терминалды кезең байқалған сол жақтағы нефрэктомия. Бақылау кезінде диурез - 50 -100 мл/тәулік, УДЗ кезінде - пиелоэктазия, оң жақтағы гидроуретер. Ота жасалды - уретеролитотрипсия. Отадан кейінгі кезеңде: полиурия тәулігіне 2500 мл дейін, несептің тығыздығы– 1005-1010, мочевина- 29,5, креатинин - 0,325 ммоль/л.
Сіздің диагнозыңыз:
*реналды анурия,ЖБЖ дамуымен
*+ЖБЖ өрбуімен постреналды анурия
*гломерулонефрит
*пререналды анурия
*СБЖ (созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің) терминалды кезеңі
#62
*!24 жастағы науқас ер адам ауруxанаға оң жақ бел аймағындағы тұйық ауыру сезіміне, зәрінде қан ұйындылары бар шағымдарымен түсті. Анамнезінен белгілі болғаны, науқасқа 1 сағ бұрын оң бел аймағына соққы тиген. Науқас мәжбүрлі қалыпта; айқын сол жақтық сколиоз, оң жақта бел аймағындағы ісіну. Пульс минутына 105 рет. Қан қысымы 85/50 мм.сын.бағ. Оң жақта соққылау белгісі оң.
Ең сәйкес ықтимал диагноз
*бүйрек ісігі
*жедел пиелонефрит
*жедел паранефрит
*+бүйрек жарақаты
*бел аймағының гематомасы
#63
*! 35 жастағы ер адам, ауруxанаға шап үстіндегі ауыру сезіміне, ишурияға шағымданып түсті. 3 сағат бұрын шапүстілік аймақта ауыр соққы алғаны анықталды. Алдын ала алкоголь қабылдаған. Мәжбүрлік қалыпта, отыр. "Ванька-встанька" симптомы айқындалады. Перкуссияда ішінде бос сұйықтық анықталады.
Ең сәйкес ықтимал диагноз?
*+қуықтың жарылуы
*қуықтың ісігі
*қуық туберкулезі
*қуықтағы тас
*қуықтағы бөгде зат
#64
*!74 жастағы науқас ер адамда ұзақ жүргеннен немесе көлікті ұзақ айдағаннан кейін зәрінде қан, зәр шығаруға жиі шақырыс және шап үстінде ауыру сезімі пайда болады. Тыныштықта осы белгілер азаяды. Алдыңғы жылы тексерілгенде қуықасты безінің гиперплазиясы анықталды, бірақ белгіленген емнен науқас бас тартты.
Осы науқастағы гематурияның ең ықтимал себебі?
*+қуықтағы тас
*қуық ісігі
*цистит
*простатит
*уретрит
#65
*! Клиникаға түскен 69 жастағы еркек жиіленген (түнгі уақытта) қиындаған несеп шығаруға, екі мәрте қанды несептің шыққанына, несепті шығарарда "суыққа" және ағынының жіңішкелігіне шағымданды. Іші жұмсақ. Бүйректері қолмен басқанда байқалмайды. Пастернацкий белгісі екі бүйірінен де байқалмайды. Қуық қалбыршағы перкуссиялық әдіспен байқалмайды. Ректалды қарау кезінде простата тегіс, иілгіш, эластикалық, ауырсынбайды, көлемі ұлғайған. Ортадағы науасы анық байқалмайды, тік ішектің простата үстіндегі шырышы қозғалады. УДЗ кезіндегі қалдық несеп 80 мл.
Аталған сырқаттар қай мүшенің ауруға шалдығуы кезінде көрінуі мүмкін?
*үрпі
*қуық қалбыршағы
*бүйректер
*жыныс мүшесі
*+қуықасты безі
#66
*! 65 жастағы науқас жаяу жүру және соқпалы жүріс кезінде несеп шығаруға қажетсінетініне шағымданды. Кейде несеп шығару ағыны үзіледі.
Сіздің болжамды диагноз?
*қуықасты бездегі қатерлі ісік
*қауықасты безінің І дәрежелі қатерсіз гиперплазиясы
*+қуық тасы
*қауықасты безінің ІІ дәрежелі қатерсіз гиперплазиясы
*қауықасты безінің ІІІ дәрежелі қатерсіз гиперплазиясы
#67
*! 70 жастағы науқаста қуықасты безінің аденомасы. Ол парадоксалды қуық тұтылуына шалдықса, қандай іс-шаралар жүргізілуі тиіс: қандағы несепнәр 12 ммоль/л.
Оған қандай шұғыл жәрдем қолдану қажет:
*иілгіш катетермен қуық қалбыршағын катетерлеу
*аденомэктомия
*метал катетермен катетерлеу
*простатаға трансуретралды электрорезекция жасау
*+эпицистостомия салу
#68
*!Науқас 40 жаста қуық аймағындағы ауыру сезіміне, жиі және ауырсынумен жүретін несеп шыгаруға, либидоның төмендеуіне шағымданады. Простата сөлінде-лейкоциттер 20 к/а,эритроциттер 6-8 к/а.
Төмендегілерден сәйкес болжам диагнозды көрсетініз?
*+простатит
*простата аденомасы
*пиелонефрит
*НТА
*жедел гломерулонефрит
#69
*! Науқас 25 жаста, клиникаға жедел жағдайда дене температурасы 39,0С ге дейін көтерілуі, құсу, оң жақ бел аймағында тұйық ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінде-суықтағаннан кейін жиілеген түрде дизурия, аз мөлшерде несеп шығару анықталды. Іші жұмсақ, оң жақ флангада ауырсынумен, шап үстінде. Оң жақта Пастернацкий симптомы . Зәр шығарғаннан кейін үрпідегі жиі ашу сезімі. Зәр талдауында лейкоциттер-50 к/а.
Неғұрлым ықтимал диагноз қандай?
*аппендицит
*жедел холецистит
*+өткізгіш пиелонефрит
*жедел гломерулонефрит
*жедел ішек өтімсіздігі
#70
*!22 жастағы әйелде кісіде жүктіліктің 24-ші аптасында оң жақ бел аймағында тұйық ауыру сезімі пайда болды, біркелкі қалтырау сезімі, дене температурасы 38.8С көтерілді. Қарап тексергенде: оң жақ бел аймағы пальпациялағанда ауырсынады, перитонеалды симптом жоқ. Зәр талдауында: лейкоциттер-40 к/а аймағында.
Сіздің диагнозыңыз?
*жедел холецистит
*жедел панкреатит
*+жедел пиелонефрит
*жатырдан тыс жүктілік
*жедел гломерулонефрит
#71
*! Науқас 53 жаста, сол жақ бел аймағындағы, кейде қарқынды түрге ауысатын, тұйық сыздап ауыру сезіміне шағымданды. 5 жыл арасында ағымды түрде зәрмен бірге сарғыш-қоңыр түсті ұсақ тастар шыққан.УДЗ кезінде кеңейген сол жақ бүйрек тостағаншасының 20мм дейін акустикалық көлеңкелі эхопозитивті түзіліс анықталды. Кескінді урограммада конкремент көлеңкесі байқалған жоқ. Экскреторлы урограммада сол жақ тостағаншаның 22 х18мм толу дефектісі. Зәр анализінде белок 0.066г/л, лейкоциттер-10-15к/а, эритроциттер 10-12 к/а. Зәр қышқылының кристалдары аз мөлшерде.
Ең сәйкес ықтимал диагноз?
*фосфаты нефролитиаз
*зәр қышқылды диатез
*+уратты нефролитиаз
*оксалаты нефролитиаз
*аралас нефролитиаз
#72
*! Қабылдау бөлімінде 36 жастағы ер адам тынышсыз, ауруына жеңілдік іздейді. Дене температурасы 36.9С. Жалпы жағдайы-орташа ауырлықта. Іші жұмсақ, пальпациялағанда оң жақ жартысы ауырсынады. Соққылау симптомы оң жағында тез оң. Зәр шығаруы жиі, зәрі қан аралас. Қан, зәр талдауы өзгеріссіз.
Ары қарай қажет зерттеу әдісі?
*цистоскопия
*3 стаканды сынама
*+бүйрек УДЗ
*хирургтың кеңесі
*ЭКГ
#73
*!Науқас 63 жаста, урологиялық клиникаға тотальды гематурия жағдайымен түсті.Түскен сәттегі зәрдің түсі қан аралас.
Гематурияның себебін анықтау үшін жүргізу қажет зерттеу әдісі?
*УДЗ
*КТ
*+цистоскопия
*МРТ
*ангиография
#74
*!66 жастағы ер адам клиникаға зәрінің сылбырап шығуына, зәрдің ағымдық бітелуіне шағымданып қаралды. 5 жылдан бері ауырады, дәрігерге қаралмаған. Зәр талдауында-эритроциттер-20-30 к/а.
Сәулелік диагностиканың скринингті әдісі?
*+қуық және простатаның УДЗ
*цистоскопия
*цистография
*простата және қуықтың КТ
*простата және қукықтың МРТ
#75
*!Клиникаға жүктіліктің 20-21 аптасындағы аяғы ауыр әйелді оң жақ бел аймағындағы ауыру сезімімен әкелді. Пальпациялағанда оң жақ бүйрек аймағында ауырсыну сезімі бар. Оң жақта соққылау симптомы оң. Зәр талдауында-лейкоцитурия. УДЗ-де оң жақтағы қуыстық жүйенің және несепағардың жоғарғы 1/3 бөлігінің тез кеңеюі. Қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Мына жағдайда негізгі жүргізу тактикаңыз?
*+ЖНЖ (жоғарғы несеп жолдарын) дренаждау
*амбулаторлық бақылау
*акушер-гинеколог бақылауында госпитализациялау
*жүкті әйелдердің гимнастикасы
*консервативті терапия
Достарыңызбен бөлісу: |