Оқылатын шығарма: Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»



Дата22.11.2023
өлшемі22,49 Kb.
#192879
Байланысты:
ІІ тоқсан 9-сынып Қазақ әдебиеті БЖБ 29.11.2022
9кл қаз т 2-тоқсан 1-бжб, 9кл бжб2,2-тоқсан қаз т, 9кл бжб 2,2-тоқсан әдеб

9-сынып. ІІ тоқсан. "Тарихи шындық пен көркемдік шешім"бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқылатын шығарма:

Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры

Оқу мақсаты:

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

Бағалау критерийі:

- Шығарманың идеясы бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтайды, талдау жасайды; -
- Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану,жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

20 минут

Кейіпкерлерді_зерттеу»_кестесін_толтырыңыз._Өз_көзқарасыңызды_2-3_сөйлеммен_білдіріңіз.'>1-тапсырма.Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» шығармасы бойынша
«Кейіпкерлерді зерттеу» кестесін толтырыңыз. Өз көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз. [4]

Кейіпкер

Жырдағы портреті

Маңызды әрекеті

Өз көзқарасым

Кенесары

Наурызбай


Бұғыбай
















2-тапсырма. Дастан үзіндісіндегі ойды сақтай отырып, сюжетті әңгіме жазыңыз.
Әңгімеде асты сызылған жолдарды қолданыңыз.



Әй, Бұғыбай, Бұғыбай,
Қорлық болды бұ қалай?
Жол таба алмай қамалдық,
Амал тапшы бұған - ай!
Былтыр өзің келгеннен
Ханның алдың жарлығын.
Тар жол, тайғақ кешуде
Қолдың алдың жабдығын.
Бір ізіңнен жүргіздің
Үш алаштың барлығын.
Жалғыз жолдан аса алмай,
Тастың тарттым зарлығын.
Бұл сапар алдым ашылмас,
Дүниенің шектім тарлығын.
Сасқан жерде жол тауып,


Білінуші еді нарлығың.
Осы бүгін, Бұғыбай,
Қырғыздың көрдім қорлығын,
Алатаудан аса алмай,
Қазақ жолы байланды,
Бес күн удай атысып,
Түгесіп келдім айламды.
Осындайда болмаса,
Көремін қашан пайдаңды?
Осы бүгін күн батпай,
Көрсетші қанат жайғанды.
Тау басында қырғызға
Бір тигізші найзамды.




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.

1

кейіпкер портретін тауып жазады;

1

кейіпкердің маңызды әрекетін анықтайды;

1

анықталған ақпараттар негізінде кейіпкер туралы ой қорытындысын екі-үш сөйлеммен жеткізеді;

2

кейіпкерге өз көзқарасын білдіреді;

1

Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады

2

сюжетті әңгіме жазады;

1

ұсынылған жолдарды әңгімеде қолданады;

1

үзіндідегі ойды сақтайды;

1

әңгімеде шығармашылық қырын танытады.

1

Барлығы

9


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет