Қоңырбаева а 62-сұрақ. Психикалық депривация және оның балалардың өмірлеріне әсері



бет2/2
Дата06.05.2020
өлшемі22,09 Kb.
#66190
1   2
Байланысты:
БПП.62-сұрақ.

әлеуметтік – әлеуметтік рөлдерді меңгерудің құралы болатын қоғамда өз орнын таба білу мүмкіндігінің жоқтығынан және іс жүзіне асыра алмауынан туындаған.

Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу балалар үйінде тәрбиеленушілердің даму жағдайының 4 түрін анықтайды: аналық депривация (баланың биологиялық анасымен байланысының болмауы), сенсорлық депривация (қабылдау айқындығының төмендеуі), әлеуметтік депривация (баланыңбасқаадамдарменқарым-қатынасының шектелуі), эмоциялық депривация (қарым-қатынасқа  түсу барысында   эмоцияның   әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі). Түрлі депривация салдарынан балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдер жалғыздықты қатты сезініп, ішкі жан дүниелері күйзеліске түседі. Өздерінің көңілдерін ішімдік ішу, темекі тарту арқылы жұбатқандай болады. Үлкендерден, достарынан жақсы нәрсе күтпейді, ал бола қалған жағдайда ол нәрсені үреймен, сенімсіз оймен қабылдайды. Мұндай жағымсыз эмоциялық күй, жалғыздық сезімі олардың жүйкесі мен психикасының бұзылуына, түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. Тұлғалық, психикалық бұзылыстар, ең алдымен, жасөспірім жетімдерде түрлі аурудың белгілерін, үрейлерін, мазасыздықтың жоғарылауын, әлеуметсізденуін,   бейімсіздіктерін туғызып, оларды ерте психикалық жарақаттануға әкеледі. Л. Ярроудың жетім балалардың дамуындағы артта қалушылықтың күрделі түрлерін аналық депривациядан деп есептейтіндігінде көптеген психолог зерттеушілер де келісті. Нақтырақ айтсақ, ағылшын психологы Р. Бернс өз талдауында: жаңа туылған нәрестенің ата-анаға немесе оның орнындағы тәрбиешіге, күтушіге бауыр басуы кезіндегі сәтсіздіктер келешекте ол баланың Мен тұжырымдамасының жағымсыз, өзіне-өзі сенбейтін, шектен тыс тұйық, тіпті, агрессивтілік жағдайда дамуға әкелетінін айтады. Өйткені, балада ең алдымен, жалғыз қалу, ешкімге керек болмау сезімі пайда болып, содан кейін ол жағымсыз Мен-тұжырымдамасының негізіне айналады. Бұл өз кезегінде, яғни жетім баладағы енді қалыптасып келе жатқан Ментұжырымдамасында аналық депривация салдарынан жағымды, адамгершілік сапалары жойылады, сондықтан да ол өзін басқа адамдардан агрессияның   көмегімен   қорғайды  айналасын өзіне жау санайды.

Э. Эриксонның пайымдауынша, мұндай балаларда айналасына деген негізгі сенім қалыптаспайды, керісінше, жауластық сезімде болады. Ал Г.М. Сысоева өмірде маңызды қажеттіліктерге қанағаттанбаған баланың агрессиялық, дөрекі әрекеттері олардың қорғаныш реакциялары болып табылады. Осындай теріс әрекеттерге бару арқылы олар өздерін төмендетпеуге тырысатынын өз жұмысында атап көрсетеді.

Мен тұжырымдамасы отбасынан тыс өскен балалардағы терең эмоциялық жайсыздықтың да, сондай-ақ ұдайы алаңдаушылықтың да салдары болып табылады. Бұл балаларда жеке құндылық туралы түсініктері, әлеуметтік нығаю жолдарының болмауынан терең эмоциялық жайсыздықты бастан кешіп, оның соңғы агрессивтік мінез-құлыққа айналуы. Міне, жетім балалардың қоршаған ортаға әлеуметтенуінің қиындығының өзі осыдан көрініс береді.

Қазақстандық ғалым А.Т. Ақажанованың жабық мекемеде тәрбиеленушілердің девианттық мінез-құлықтарын зерттеуге арналған  көп  жылдық  зерттеуінде,  қазіргі  таңда ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды тәрбиелейтін интернат типтес мекемелерде тәрбиеленушілердің көпшілігі әлеуметтік жетімдер екендігін айта келе, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің және тәрбиеленушілердің қатыгездіктері, агрессивтік мінез-құлықтарының қалыптасуы мен олардың көрініс беруіндегі түрткі болатын негізгі факторларды атап көрсетеді. Олар эмпатияның жоқтығы, өзін-өзісыйлауменөзін-өзібағалаудың төмендігі, отбасында материалдық қажеттіліктің қанағаттанбауы, қолайлылықтардың жетіспеуі, жағымды ахуалдың болмауы, өмірде кездескен сәтсіздіктерден уақытша болса да құтыламын деген қате оймен ішімдікке салыну, үйден қашу, үлкендердің бақылауынан тыс қалу немесе атаананың шектен тыс қадағалауы және т.б. жайттар.



Қазіргі кездегі осы мәселе төңірегінде отбасында тәрбиеленген балаларда қарым-қатынастың жетіспеуі, тәрбие-білімнің сапасыздығы, әртүрлі үй шаруа еңбектеріне бейімсіздігі, әлеуметтік, экономикалық себептермен қатар ата-ананың рухани-адамгершілік тұрғыда азғындауынан және т.б. жағдайларға байланысты қоғамдағы жастарда теріс құбылыстар көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет