Көптілділік дидактикасына байланысты соңғы уақыттағы басылымдар мен тəжірибеге сүйенсек, бұл құбылысты іске асыруда төмендегі қағидаттарды ұстанған абзал:
тілдерді үйренуде оқушылардың оқу жəне лингвистикалық тəжірибесін пайдалану (əмбебап терминдер, əр тілдегі ұқсас грамматикалық категориялар тілдерді меңгеруді жеңілдетеді);
тілдерді меңгерудегі тыңғылықтылық, асығыстыққа, үстірттілікке жол бермеу;
тілдерді оқытудың танымдық бағытында оқушы көптілділік құзыр-қабілеттілікті меңгеріп қана қоймай, тіл құбылыстарына қызығушылық танытатын лингвист ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету;
тілді меңгеруде мəдениаралық бағыттылық, білім алушы тек көптілді тұлға ғана емес, көпмəдениетті азамат ретінде қалыптасуы шарт;
тілдерді қатарластыра отыра оқыту;
бірнеше тілдерді интегративтік түрде оқытып, оның ішінде бір тіл негізгі базалық тіл болып есептеледі, ол тіл екінші жəне үшінші тілді меңгеруге оң əсерін тигізеді;
Әдебиеттер тізімі: - Оқыту теориясы. Дидактика. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3255-didaktika.html2
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
3. Көпжасарова Ү.И., Далабаева А.С. Көптілді білім беру саласында ақпараттық технологиялардың рөлі. Қарағанды университетiнiң хабаршысы, 2010. https://articlekz.com/kk/article/16034
4. Мынбаева А.К. Педагогика высшей школы. Учебное пособие, Алматы, 2013 г.
Достарыңызбен бөлісу: |